себепші болады.
216
мүминдер! Әсілінде) сендер де Аллаһтың разылығын
алудан басқа нәрсеге жұмсамайсыңдар. Жақсылық
ретінде (Аллаһ жолына)
әр нені жұмсасаңдар, (оның
сыйы) өздеріңе толық қайтарылады, сендерге (бұл
турасында) әсте зұлымдық жасалмайды»
(Бақара, 272)
.
Демек, жасалған жақсылықтың түпкі берекетін
жақсылықты жасағанның өзі көреді. Әрі кемшіліксіз,
ықыласына қарай бір неше есе көп… Яғни, инфәқ
сырт қарағанда алған адам үшін пайдалы көрінсе де,
негізінде бергенге пайдалы. Сондықтан берген алғанға
міндетсінбей, өз мойнындағы қарызы деп түсінуі керек.
Шағби былай дейді:
«Кедейдің садақаға мұқтаж болғанынан гөрі өзін
садақа сауабына мұқтаж екенін білмеген бай садақа-
сын жоқ қылып, сауабын жоғалтқан болады».
Яғни, инфәқ еткенімізде алдымыздағы адамды
емес, өз көңілімізді бақылап, шынайы жомарттыққа ие
бола алсақ, біздерге нендей бақыт!
Міндетсіп, жапа шектіріп, немесе дүниелік пайда
алу мақсатымен жақсылық жасайтындар көп. Ал инфәқ
пен мұқтажды нығмет білгендер өте аз. Инфақ ете алу
мүмкіндігін бергені үшін құл Раббысына шүкірлік етіп,
бұған себепші болғаны үшін де мұқтажға рахмет айту
сезімінде болуы керек.
Шәйх Сағдидің инфәқты нығмет деп білу мәсе-
лесіндегі мына насихаты өте даналы:
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
217
«Сені жақсылық жасауға жеткізгені үшін Аллаһ-
қа шүкірлік ет. Өйткені Аллаһ сені сый-ілтипаты-
мен жақсылықтан құр қалдырмады. Падишахқа қыз-
мет еткен оған міндет ете алмайды. Сені қызмет
еткіздіргені үшін сен оған борышты бол».
Құрметті әкем Мұса мырзаның инфәқ күйі бұл
мәселеде үлгі алатындай әдеп өлшемдерін қамтиды. Ол
инфәғын өте көркем Ислами әдіспен, нәзіктікпен сыпа-
йы түрде жасайтын. Біреуге бір нәрсе берсе, оны әдемі
конвертке салып, үстіне құрметке толы сөздер жазып,
қосымша:
«Сыйымызды қабыл еткеніңіз үшін рахмет
айтамыз» – деп жазатын. Яғни, Аллаһтың ризалы-
ғына себепші болғаны үшін алушыға шынайы көңіл
алғысын білдіріп, алушыны да борышты қылмауға аса
мән беретін.
Достарыңызбен бөлісу: