213
Демек, оларды бізге аманат етті, әлсіздерді қуаттылар-
дың қорғауына берді, бізді оларға жауапты етті және
бізге берген нығметтерінің шүкірі ретінде оларға инфәқ
етуімізді әмір етті...» – деп ойлаулары керек.
Шәйх Сағдидің сол еңбегіндегі мына насихаттары
да өте өнегелі:
«Есігіңе бір міскін келсе, қолын бос жіберме. Аллаһ
көрсетпесін, бәлкім, бір күні сен де міскін болып,
есіктерді аралап жүрерсің.
Көңілі жаралылардың көңіл-күйлерін сұра, оларға
қара. Бәлкім, бір күні сен де сондай күйге түсерсің.
Бір нәрсе сұрау үшін сен ешкімнің есігіне бармай-
сың. Бұған шүкірлік етіп есігіңе келген кедейді қума,
оған жүзіңді тыржитпа, оны күлімсіреп қарсы ал...»
Аят кәримәда айтылады:
Достарыңызбен бөлісу: