тып кету керек. Лұқ-ман Хаким былай тамаша айтқан:
«Екі нәрсені ұмытпа: Аллаһты және өлімді.
Екі нәрсені – басқа біреуге жасаған жақсылығыңды
214
және басқа біреудің саған жасаған жамандығын
ұмыт!»
Шынайы инфәқ иесі құл бола білу екі дүниеде де
қуаныш сыйлайтын өте құнды нығмет. Бұл құлшылық-
ты лайықты іске асыра білгендер Раббымыздың да
сүйіншілегеніне сай қияметтің сол үрейлі кезінде қор-
қыныш пен мұңнан аман болады. Сондықтан мейірімі
шексіз Раббымыз жүздеген аяттарымен, үмметіне
ынтық, аса еміренгіш Пайғамбарымыз
r
да көптеген
хадистерімен біздерді инфәқтың бақыты мен қуанышы-
на бөленуге шақырады.
Аллаһ Тағала құны мен мәні толық ахіретте біліне-
тін үлкен нығмет болған инфәқтың кей надандық іс-
қимылдармен зая жіберілмеуі үшін бізге – құлдарына
ескерткен, инфәқтың әдептеріне мойынсұнуды әмір
еткен.
Мүмин – қолы ашық жомарт адам. Шынайы
жомарттық – көзін қақпай, қолы қалтырамай бере білу.
Көктем жаңбыры сияқты көңілдерге өмір сыйлай білу,
және ләззатын сезіп шын көңілден инфәқ ету. Мүмин
адам гүлдердің жұпар иісін айналасына жомартша
шашқаны сияқты табиғи және рухани пиғылмен инфәқ
ете білу керек, сонда ғана жасаған жақсылықтары Аллаһ
құзырында құнды болмақ. Тек осындай инфәқ қана
Аллаһқа жететін инфәқ болады. Аятта: «...Садақаларды
Достарыңызбен бөлісу: