276
пайдалану қажет. Бұл нығметті өткізіп алудың орнын
толтыру мүмкін емес. Заманды еш бітпейтіндей сияқты
нәпсілік қалаулар арқасында елеусіз жұмсау және құл-
дық міндеттеріне немқұрайды қарап кешіктіру соңғы
демде жойып жіберуші бір өкініш себебі болады.
Бесік пен табыт арасындағы қайғы мен қуанышқа
толы мына бейне бір тар өткел сияқты өмір дегеніміз
алып-берген демдердің жиынтығынан тұрады. Оның
саны құлдарға беймәлім, Аллаһқа мәлім бұл демдердің
қатты ойландыратыны – әрине, «соңғы дем».
Соңғы дем – соңына жеткен дүние өмірі мен жа-
ңадан басталатын әлемнің тоғысу орны. Ол өте қатты
және сұрапыл өткел. Сезім иесі әр мүмин сол өткелді
терең ойлап, әрбір күйін осы жолға сай түзету күш-жігері
ішінде болуы керек.
Өмір сахнасының соңғы пердесі болған дем әр-
кімнің өз соңын шағылыстыратын, буланбаған, таза
айна сияқты. Адам баласы өзін ең нақты түрде соңғы
дем айнасынан таниды. Өте құнды заман бөліктері
болған демдерімізді бұл өткінші топырақ үстінде бітірер
кезде иләһи таспаларда әрқашан жазылып жүргенін
ұмытпауымыз керек. Толтырған өмір таспасын бір күні
«
кітабыңды оқы!» – әмірімен бізге көрсе-
теді. Сол кезде өзімізді нақты танимыз.
Соңғы деміміздің уақыты беймәлім болғандықтан
бізді мәңгі өмірде құтылуға жеткізетін бір есепке
дайындық үшін күн – бүгін. Ахірет азығымыздың
ауқымы делінген салих амал үшін дем осы дем.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
َكَباَتِك ْأَرْقِأ
277
Хадистерде нығметтерімізге әйтеуір бір есепке тар-
тылатынымыз еске салынып, ол нығметтер жайында
бейқамдықтан сақ болуымыз былай баяндалған:
«Қиямет күні ешбір құл өмірін қайда өткізгені,
білімімен қандай істер жасағаны, дүние мүлкін қайдан
тауып, қайда жұмсағаны сұралмай, тұрған орнынан
қимылдай алмайды»
(Термези, Қиямет, 1)
.
«Бес нәрсе келмей тұрып, бес нәрсені олжа
деп біл: қарттығыңнан бұрын жастығыңды, ау-
руыңнан бұрын саулығыңды, кедейлігіңнен бұрын
байлығыңды, қолың бос емес уақыттарыңнан бұрын
бос уақыттарыңды және өліміңнен бұрын өміріңді!»
(Бұхари;Термези, Зүһд, 25)
.
Достарыңызбен бөлісу: