Редактор: Закия Махитжанқызы


Сәһл ибн Абдұллаһ әт-Түстери



Pdf көрінісі
бет185/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

Сәһл ибн Абдұллаһ әт-Түстери айтады:

Хазіреті Мұса 

u

 

Аллаһқа:



«О,  Раббым!  Маған  Мұхаммед 

r

  пен  үмметінің 



кейбіреулерінің  жәннаттағы  орындарын  көрсет»  –  деп 

жалбарынды. 

Аллаһтан мынадай үн келді:

«Ей,  Мұса!  Сен  бұған  күш  жеткізе  алмайсың. 

Бірақ  мен  олардың  үлкен  дәрежелерінің  бірін  саған 

көрсетейін.  Бұл  дәрежемен  оны  сенен  және  барлық 

мақлұқаттан үстем еттім»

ИСАР



270

Кейін  Мәләкут  әлемінен  оған  бір  есік  ашылады. 

Оның  орнының  нұры  мен  Аллаһпен  болған  жақын-

дығын көргенде, есінен танып қала жаздайды. Хазіреті 

Мұса 

u

 оның қалай бұл дәрежеге жеткенін сұрайды.



Аллаһ Тағала:

«Оның  көрсеткен  жоғары  мінезі  үшін» – дейді.

Хазіреті Мұса 

u

 



бұл мінездің не екенін сұраған-

да, Аллаһ Тағала: 



«Исар,  яғни  басқаның  мұқтажын  өз  қажетінен 

артық  көру.  Бұл  мінезбен  кім  маған  келсе,  мен  оны 

есепке  тартуға  ұяламын  және  оны  жәннатта  қай 

жерді  қаласа,  сонда  тұрақтатамын!»  –  дейді 

(Ихия, 


3, 570-571)

.

Әлбетте,  мұндай  шыңдарға  жету  әркімнің  еншісі 



емес.  Тек  ол  өріске  қаншалықты  жақындай  алсақ,  сон-

шалықты құнды нәсіптер аларымыз ақиқат.

Ұмытпайық,  Исламның  шырайлы  келбетін  барлық 

сәнімен  паш  ететін  исар  мінезі  бағытында  басатын  ең 

кішкене  қадамымыз,  бәлкім,  біз  үшін  мәңгі  табыс  есігі 

болар.


Және де хадисте:

«Көршісі  аш  болып,  өзі  тоқ  жатқан  мүмин  емес» 

делініп 


(Хаким,  2,  15)

,  біздің  жауапкершілігіміздің  үл-

кендігі  есімізге  салынады.  Бір  мүшенің  ауруын  барлық 

денеміз қалай сезсе, барлық мұсылмандар да дін бауыр-

ларының күйзелісін жүректерімен солай сезе білуі керек.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




271

Олай болса, біз де ең жақынымыздан бастап, сонау 

Африкадағы,  Ачедегі,  қысқасы  дүниенің  төрт  бұры-

шындағы  дін  бауырларымыздың  күйзелісін  терең  сезі-

нуге мәжбүрміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет