жасайық!» – деп айқай салады. (Аллаһ олардан екі
нәрсе сұрайды) Біз сендерге ойланып, ғибрат алатын
адам ойлайтынындай өмір бермедік пе? Сендерге
ескертуші (пайғамбар) да келмеді ме? Олай болса,
татыңдар азапты! Залымдардың ешбір жәрдемшісі
жоқ»
(Фатыр, 37)
.
Имам Ғаззали Хазірет мынадай кеңес береді:
«Ей, ұлым! Енді ойлан, қайтыс болдың және
дүниеге кері оралдың. Ол қобалжу күйіңді де ойла!
Олай болса, бүгін күнә істеп, бас көтеруге тырыспа
және бұл күннің бір мезетін де босқа өткізбе! Өйт-
кені әрбір дем құны өтелмес нығмет».
Демек, өмір күнтізбесінен ашылған әр жаңа күнді
бізге берілген жаңа бір иләһи уақыт ретінде ұғынып,
жақсылық істеуге асығуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |