«Енді бұл бауырыңнан бас тарт!» – деседі. Ол:
бола ма?! Мен енді оған насихат етемін және түзелуі
үшін Аллаһқа дұға етемін» дейді.
Жүнәйд Бағдади Хазіреттің бір шәкірті ұшыраған
әлсіздігі кесірінен өте қатты ұятқа қалып, оқу орнынан
қашады. Біраз уақыттан кейін көңілі қирауға айналған
шәкірт достарымен бірге базардан өтіп бара жатқан
Жүнәйд Бағдадидің көзіне түседі. Шәкірт ұстазын
танып, ұялып, тез алыстай береді. Жағдайды сезген
Жүнәйд Бағдади жанындағыларға:
«Сендер оралыңдар, менің ұямнан бір құсым қашты»
деп, шәкіртінің артынан кетеді.
Кері оралып қараған шәкірт ұстазының өзін аңдып
келе жатқанын көргенде, сасқалақтап адымдарын тез-
детеді. Шығар жолы жоқ көшеде ұяттан сасқалақтап,
байқамай басын қабырғаға ұрып алады. Алдында тұрған
ұстазын көргенде, түрден-түрге еніп, басын төмен иеді.
Хазірет мейірім толы үнмен:
«Балам! Қайда барасың? Кімнен қашасың?! Ұстаз-
дың шәкіртіне жәрдемі мен қорғауы осындай қиын
күндерде, мүшкіл уақыттарда болады» – дейді де, оны
көңіл сарайына алып, дәрісханасына алып келеді.
Ислам бауырластығы қан бауырластығы сияқты.
Тіпті, одан да үстем. Адамның күнәға батқан туысын
тастап кетуіне рұқсат етілмегеніндей бауырлық еткен
адамды да қате мен күнәлары үшін тастап кетуі дұрыс
326
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
емес. Дұрысы – құлағанды қолынан алып тұрғызу. Осы
үшін Аллаһ Хазіреті Пайғамбарға
r
туыстары жайында:
Достарыңызбен бөлісу: