ЕкІ ҚАРАМА-ҚАйШЫ кӨРІНІС
уәһб бин Мүнәббиһ рахмәтұллаһи аләйһи түсін-
діреді:
Патшаның бірі бір жерге бару үшін әзірленіп жат-
қанда, үстіне киетін көп киімдер ішінен ең әсемін және
міну үшін қанша ат ішінен ең жорғасы мен сәйгүлігін
таңдады. Адамдарымен бірге тамаша бір күйде, масат-
тана отырып жолға шықты. Жолда үсті-басы лас біреу
атының үзенгісіне жармасты. Патша:
«Сен кімсің, менің алдымда кім боласың, жоғал
алдымнан!» – деп қызыл кеңірдек болып айқай салады.
Адам оған ақырын ғана:
«Саған айтарым бар! Сен үшін өте маңызды мә-
селе...» – дейді.
Патша жүзінде қызығу аралас бір ұсқындықпен:
«Айт қане, көрелік!» – дегенде адам:
«Жасырын сыр. Иіл, құлағыңа айтайын!» – дейді.
Патша иілгенде адам:
«Мен Әзірейілмін, жаныңды алуға келдім!» – дейді.
Патша аяқ астынан неге тап болғанын түсіне алмай,
сасқалақтап, амандық тілей бастайды:
«Не болар дерсің, азғана уақыт мұрсат бер!» – дейді.
394
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
Әзірейіл
u
болса:
«Жоқ, саған мұрсат жоқ. Жанұяңа да жолыға ал-
майсың!» – деп, сол жерде патшаның жанын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |