«"Раббымыз Аллаһ" деп, онан соң (өмірінің
әр кезін Аллаһ ризалығымен өткізіп), тура жолмен
(Құран мен Сүннет бағытында) жүргендерге аспаннан
періштелер түсіп: "Қорықпаңдар да қайғырмаңдар,
сендерге уәде етілген жұмақпен қуанып, мәз-мейрам
болыңдар" дейді»
(Фұссиләт, 30)
.
ُمِهْيَلَع ُلَّزَنَتَت اوُماَقَت ْسا َّمُث ُ َّللا اَنُّبَر اوُلاَق َنيِذَّلا َّنِإ
ِةَّن َجْلاِب اوُر ِشْبَأَو اوُنَز ْحَت َلاَو اوُفا َخَت َّلاَأ ُةَكِئ َلاَمْلا
َنوُدَعوُت ْمُتنُك يِتَّلا
405
СОңЫң НЕ БОЛАдЫ?...
Шәйх Ахмед Харбтің, Бәһрам есімді кәрі көршісі
болып, ол мәжуси, яғни отқа табынушы болатын. Ахмед
Харб Хазірет бір күні Бәһрамды иманға шақырады.
Кәрі мәжуси:
«Ей, мұсылмандардың ұлысы! Сенен үш нәрсе
сұрайын. Жауап бере алсаң, сенің дініңе кірейін» – дейді.
Шәйх Ахмед «Сұра» – дегенде Бәһрам:
«Аллаһ бұл халықты не үшін жаратты? Бұған қоса
рызығын да берді, бірақ неліктен оларды өлтіреді?
Жарайды, өлтірді делік, ал неліктен тірілтеді?» – деп
сұрайды.
Шәйх Ахмед бұл сұрақтарға былай жауап береді:
«Халықты жаратты да, Өзінің бар және жалғыз
екенін білсін деді. Иләһи құдірет пен ұлылық көрініс-
терін сезінсін деді. Рызықты берді де, Өзінің азықтан-
дырушы және мейірімді екенін білсін деді. Өлтірді де,
Өзінің ашуын білсін деді. Қайта тірілтті де, Өзінің ғана
мәңгі екенін білсін деді. Қысқасы, өмірдің әр кезеңіндегі
оқиғалар мен жайттар Оның жалғыз құдірет иесі екенін
білдіреді».
Бәһрам бұл сөздерді естіп иман етеді. Бірақ Шәйх
Ахмед Харб сол сәтте үрейден талып қалады. Есін
жиғанда:
ФӘНИЛІКТІ ҰМЫТПАУ
406
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
«Ей, шәйх не болды?» – деп сұрағанда ол:
«Сол сәтте маған бір үн келді. Бәһрам жетпіс жыл-
дық отқа табынған кәпір еді, енді мұсылман болды. Сен
жетпіс жылдық мұсылмансың, бірақ соңғы деміңде не
боларыңды білесің бе?!...» деді
(Тәзкиратүл-Әулия, 97)
.
Олай болса, әр демімізде дүние өмірінің соңғы сәтін
қайырлы ететін бір үлгіде өткізуге тырысайық. Сөйтіп
мәңгі құтылуымыз үшін үнемі Аллаһтың мейірімі мен
кешірімін паналайық.
Жүнәйд Бағдади құддисә сирруһ Йемен шөлде-
рінде жүргенде бір аң аулайтын ит көрген. Қараса тісте-
рі жоқ, жыртқыш аңдарға шабуыл жасайтын азу тісте-
рінде қуат қалмаған, арықтаған, кәрі түлкіге айналған.
Уақытында жабайы өгіздерге, киіктерге атылып, оларды
ұстайтын, енді үй қойларынан соққы жей бастаған.
Жүнәйд ол итті сондай бейшара, шаршап-шалдық-
қан күйде көргенде оған өз азығының бір бөлігін беріп,
мұңайып мына сөздерді айтты:
«Ей, ит! Білмеймін, ертең екеуімізден кім жақсы
болатынын. Сырт пішінге қарайтын болсақ, бүгін адам
болғаным үшін мен сенен жақсымын. Бірақ, білмеймін,
қаза мен тағдыр басыма нелер алып келетінін. Егер
иманымның аяғы таймаса, басыма Аллаһтың кешірім
тәжін киермін. Егер үстімдегі мағрифат киімі шешілсе,
сенен төмен болармын. Өйткені ит қаншалықты жаман
мінезді болса да, ол оны тозаққа жөнелтпейді».
407
Міне, бұл сезімді жүрегінде сақтап жүрген мүмин
жарылғыш заттар (мина) қойылған егістікте жүргендей
ерекше сезімталдықпен өмір сүреді. Дүниеде баратын
соңғы тұрақтың жәннат бақшаларының бірі болуы үшін
қабірлердің үнсіз насихаттарына шын көңілден беріледі.
Өлімге дайындық – өзіне қабір дайындау емес, қабірге
өзін дайындаудан тұратын даналығына жетеді.
Шах Нақшибәнди қайтыс болғаннан кейін, жақсы
көретіндердің бірі оны түсінде көріп, былай сұраған екен:
«Қандай амал істесек, құтылып кете аламыз?»
Хазірет былай дейді:
«Соңғы демде немен шұғылдану керек, сонымен
шұғылданыңдар»
Ажал келгенде ең шебер қолдар да ұстай алмай қа-
лады. Бұдан кейін адам үшін тер төгу, шалдығу, жаурау,
жалығу жоқ. Яғни Аллаһ жолында құлшылық етуге,
қызмет пен күш жұмсауға кедергі болған барлық ада-
ми сылтаулар бітеді. Ол құлшылық пен тырысу уақыты
емес, иләһи есепке тартылу уақыты. Аллаһ үшін салих
амал істеу уақыты – дүние өмірі. Ол мүмкіндік қолдан
кетсе, қайта оралмайды.
Жүнәйд Бағдади Хазірет айтады:
«Дүниенің бір күні ахіреттің мың жылынан аб-
зал. Өйткені дүниенің бір күнінде иләһи ризалыққа
бөлену мүмкіндігі бар. Ахіретте дүниедегідей салих
ФӘНИЛІКТІ ҰМЫТПАУ
408
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
амалдар жасап, жетістікке жету мүмкіндігі жоқ. Ол
жерде тек өмірдің есебін беру ғана бар».
Сондықтан нағыз мүминдер дүниені ахіреттің егіс-
тігі деп біліп, өмірлерін қайырлы амалдар істеу үшін
Аллаһ берген мұрсат пен уақыт екенін аңғарып ғұмыр
кешеді.
Риуаят бойынша Хазіреті Илияс
u
өлім періш-
тесіне жолыққанда біраз сескенеді. Бұған Әзірейіл
u
:
«Сен пайғамбарсың, ей, Илияс! Өлімнен қорықтың
ба?» – дейді.
Хазіреті Илияс былай жауап береді:
«Жоқ, өлімнен қорыққан жоқпын. Мен өмірімнің
біткеніне мұңайдым. Өйткені өмірімді құлшылық-
пен, насихатпен өткізіп жүрдім. Құл болудан ләззат
алушы едім. Енді қабірде қияметке дейін тұтқын
боламын. Міне, осы үшін мұңайдым».
Ақын мүминнің қалай өмір сүруі керектігін қандай
тамаша жеткізген:
Сені шешең туып лақтырған күні дүниеге
Жылап едің, барша әлем күліп бір жақта.
Енді сондай бір өмір сүр де күлерсің өлерде,
Атқыласың көз жасы болып жаһан артыңнан...
409
Міне, маңыздысы – салих амалдармен, жақсылық-
тармен көк күмбезде хош із қалдырып, өмір дәптерін
жаба білу. Аллаһтың алдына бұл рух күйімен, осындай
рахат ожданмен, таза жүрекпен, нұрлы жүзбен бара білу –
ең үлкен бақыт.
Көркем тілімізде: «Соңғы күлген жақсы күледі»
деген сөз бар. Мұның мағынасы – адамға ақтық де-
мінде перделер алынып, баратын жері көрсетілгендегі
күлімдеуден әсем күлімдеу жоқ деген сөз. Құлдың бұл
жаһандағы ең көркем, ең мағыналы, ең бақыт толы
күлімдеуі – сол кездегі күлімдеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |