Редактор: Закия Махитжанқызы


«...Раббым! Расында маған түсіретін әр жақсылы-



Pdf көрінісі
бет277/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   293
«...Раббым! Расында маған түсіретін әр жақсылы-

ғыңа мұқтажбын!» – деп жалбарынды (Қасас,24).

Хазіреті  Шұғайыб  қойларын  суғарысып,  өздеріне 

жәрдемші болған адам туралы хабар алғанда, оны үйіне 

шақырып, тағам ұсынды. Хазіреті Мұса сегіз күн аузына 

бір  түйір  де  кірмегеніне  қарамай,  алдына  қойылған  та-

маққа қолын тигізбеді. Хазіреті Шұғайыбқа:

«Біз сондай отбасымыз, бізге барлық дүниені бер-

се  де,  ахіреттің  бір  амалына  ауыстырмаймыз!  Мен 

ДҮНИЕДЕН  АХІРЕТ  АРТЫҚ  ДЕП  БІЛУ




418

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

сізге бұл тағам үшін емес, Аллаһ ризалығы үшін жәрдем 

еттім» дейді.

Шұғайыб 

u

 бұл жауапқа өте риза болады:



«Бұл  қошеметіміз  жасаған  жәрдемің  үшін  емес, 

Аллаһтың  қонағы  болғаның  үшін»  дейді.  Осы  сөзден 

кейін ғана Мұса 

u

 тағамды қабыл етті.



Міне,  ахіретке  иманның  іс-әрекеттерге  шағылыс-

қан  құлшылықтың  нағыз  мысалы.  Дүниеде  аштықтан 

барлық  күшінің  бітетінін  білсе  де  ахіреттің  бір  амалын 

ешбір дүниелік өтеммен ауыстырмау парасаттылығы. 

Бұл рухани кемелділіктің тағы бір мысалын уәсилә 

бин Әсқа 

 былай түсіндірген:



Тәбук  сапарына  шығатын  күндерде  (сапарға  қаты-

су үшін материялдық мүмкіндігім де, көлігім де жоқ еді. 

Бұл  мүбәрәк  сапардан  мақрұм  қалмау  үшін)  Мәдина 

алаңында мұсылман бауырларыма былай дедім:

«Ғанибет-олжадан түсетін үлесімді беремін, мені кім 

көлігіне мінгізеді?»

Әнсардан кәрілеу бір адам көлігіне кезектесіп мінуге 

келісіп,  мені  шайқасқа  алып  баратынын  айтты.  Бұл 

қайырлы  жолдаспен  жолға  шықтым.  Аллаһ  олжа  да 

нәсіп етті. Үлесіме біраз түйе тиді. Түйелерді әлгі үлкен 

кісіге алып бердім. Ол маған:

«Түйелеріңді ал да, бара бер» деді.




419

«Баста  жасаған  келісім  бойынша,  бұлар  сенікі»  – 

десем де, әнсарлық үлкен кісі:

«Ей,  бауырым!  Олжаңды  ал,  мен  сенің  бұл  мате-

риалдық  үлесіңді  сұрамаған  едім.  (Мен  сауабына,  яғни 

ахіреттік  пайдасына  қосылу  пікірімен  және  Аллаһтың 

ризалығына үміт етіп, сені осында алып келдім)» – деп 

жауап қатады 

(Әбу Дәуіт, Жиһәд, 113/ 2676)

.

Осылай  ол  мүбәрак  әнсарлық  сол  кезеңнің  ең 



бағалы  дүние  заты  саналған  біршама  түйелі  болудың 

орнына ахіретте қол жеткізетін сауапты таңдады. Аллаһ 

разылығы  жолында  жақсылықты  қолға  түсіру  үшін, 

қаншалықты бағалы болса да дүниелік бір пайдадан бас 

тарта алу парасаттылығын ұстанды.

Хақ  достарының  біріне  өзіне  өте  көп  әсер  еткен 

қандай оқиғамен кезігіп-кезікпегені сұралғанда, Хазірет 

мынаны айтқан:

«Мекке  Мүкәррамада  ақша  салған  қобдишамды 

жоғалтып  алып,  мұқтаж  күйге  түстім.  Басрадан  ақша 

күтіп  жүрдім.  Әйтеуір  келмей  жатты.  Шаш-сақалым 

едәуір өсіп кетті. Шаштаразға барып:

«Ақшам жоқ, Аллаһ ризалығы үшін шашымды қиып  

бересің бе?» – деп сұрадым.

Шаштараз  сол  кезде  бір  адамның  шашын  қысқар-

тып жатыр еді. Жанындағы бос жерге меңзеп: «Мұнда 

отыр»  –  деді  де,  тұтынушысын  күттіріп  қойып,  менің 

ДҮНИЕДЕН  АХІРЕТ  АРТЫҚ  ДЕП  БІЛУ




420

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

шашымды қысқарта бастады. Күтіп отырған тұтынушы 

наразылығын білдіре бастағанда:

«Айыпқа бұйырмаңыз, мырзам, сіздің шашыңызды 

өтем үшін қысқартып жатырмын. Бірақ бұл адам Аллаһ 

ризалығы  үшін  шашын  қысқартуымды  өтінді.  Аллаһ 

үшін болған істер үнемі бұрын және материалдық өтемі 

жоқ. Аллаһ үшін болған істің өтемін құлдар еш білмейді 

де, өтей де алмайды» – дейді. 

Қысқартып  болғаннан  кейін  шаштараз  қалтама 

қыштап бірнеше алтын салды да:

«Шұғыл  қажеттіліктеріңді  аларсың,  мүмкіндігім  осы 

ғана, айыпқа бұйырма!» – деді.

Арадан  бірнеше  күн  өтті,  Басрадан  күткен  ақшам 

келді.  Шаштаразға  бір  қапшық  алтын  алып  бардым. 

Шаштараз:

«Әсте  алмаймын!  Аллаһ  үшін  болған  істің  өтемін 

төлеуге  құлдардың  күші  жетпейді.  Барыңыз,  сіз  өз 

жолыңызға бара беріңіз, Аллаһ амандық берсін!» – деді.

Разылық  алған  соң  қоштастық.  Бірақ  тура  қырық 

жыл бойы таңсәріде оған дұға етемін»

Міне,  Аллаһ  үшін  жасалған  салих  амалды  дүние-

лерге  ауыстырмау  ізгілігі...  Әр  нәрсені  сырт  пішінімен 

сараптауға  үйреніп  қалған  және  дүние  алу  ынтасымен 

халал-харам  шектеріне  мән  бермейтін  тар  түйсіктердің 

еш  ұға  алмайтын  іс-қимыл  кемелдігі...  Хаққа  достық 



421

көкжиегінен  қаралмай  түсінілмейтін  ақиқи  көрегендік, 

асыл парасаттылық пен шынайы ақылдылық...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет