3. Ғылым және философия
Философия мен ғылым арасындағы қатынастардың ұзақ тарихы бар. Антикалық дәуірде және орта ғасырларда олардың арасындағы айырма аңғарылмады. Ол кезде ғылым қазіргі кездегімен салыстырғанда әлсіз болды.
Ғылымда философияның кағидалары жүретіні қазір белгілі жайт. Ол ұстанымдардын дұрыстығына тәжірибелермен көз жеткізіледі. Мысалы, ғылымда философияның дүниенің шексіздігі, материяның тереңдігі, оның бірлігі мен көптүрлілігі туралы ұстанымы түйінделеді. Осы сияқты, математикамен бірлесе отырып та философияның кағидалары тексеріледі. Физикалық тәжірибелер арқылы тек физика ғана емес, сонымен коса оның құрамындағы математика да, философия да тексеріледі. Философияның әдіснамалық функциясы оның ғылымдарға бағыт беруші әсерінен көрінеді. Сонысымен олардың мейлінше тиімді бейнеде дамуына септігін тигізеді, өзінің дамуындағы киындықтардан өтуіне көмектеседі. Философияның әдіснамалық функциясы белгілі бір мақсатка, мысалы, ғылыми білімді тиімді құрылымдаудың, эстетикалык шығармашылықтың, әлеуметтік практиканың алдына қойылған мақсаттарға жету үшін қолданылатын әдістерді іріктеп ала білумен айқындалады. Философияның өзіне тән тұйық емес, іргелі зерттеу әдісі, әрекет ұстанымдары туралы сөз болады. Ғылыммен айналысу дүниеге белгілі бір кұндылықтық қатынастарды әкеледі. Ғылымда ақиқат және оған алып баратын эмпириялык және теориялық әдістер бәрінен де жоғары бағаланады, бұлар ғылым үшін ең қымбат құндылық.
Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адамзат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болып табылды. Адамзат ойының дамуы архаикалық, фантастикалық, илюзиялық көзқарас қалыптастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірулеріне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық матеметиктер мен астрономдар әлемнің глеоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қаладығквадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары жердің шар тәрізді екендігін, оның өз өсінен айналу туралы ойларын айтты, математиктері он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып, тригонометрия негіздерін қалыптастырды.
Ғылым философиясы — ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарай бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша-- адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.
Ғылымдардың топқа жіктелуі—ғылымдардың өзара байланысы, олардың ғылыми білімдер жүйесәндегі,ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зертелеттін белгілі бір принциптерге байланысты туындайтын өзара орналасу тәртібі, сондай-ақ олардың зерттеу әдісі. Ғылымдардың топңа жіктелуі формальды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе диалектикалық мазмұны (субординация принципіне негізделген) болады. Энгельс « Табиғат диалектикасында» бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, Канттың және Гегельдің) бір жақтылығынан арылған ғылымдардың топңа жіктелуін жасады. Энгельс ғылымдардың топңа жіктелуін жекеленген ғылымдар зерттейтін материя қозғалысыныңформаларының өзінің және оолардың материалдық негіздернің (материалды дискретті түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінеді.
Ол бірқатар ғылымдарды механиканы , физиканы,химияны биологияны анықтады.Кейінен (биологиядан) Энгельс жасаған антропогенездің еңбек теориясы арқылы табиғаттан адамға тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға ойысы ашылды. Механикадан математикаға көшу жүзеге асырылды. Энгельс жекелеген ғылымдардың арасындағы ( қозғалыс формалары арсындағы (қозғалыс формалары арасындағы ) ойысуға баса назар назар аударды, бұл орайда қозғалыстың неғұрлым жоғары формасының мәні бұл формалардан оның төменгі формаларымен байланысын тану тану арқылы ашылатыны басшылықа алынды, ол генетика жағынан туындайды және олар бағынышты формаларретінде көрінеді.
Ғылымдарда бұдан былайғы саралау олардың барған сайын күшейе түскен интеграциялануын, бұрынғы бытырынқы ғылымдар мен қалған арқау болып тартылып жатқан неғұрлым жалпы сипаттағы ғылымдардың арасындағы өтпелі (аралық) ғылымдардың туу жолымен біртұтас болып бірігуіне жағдай жасады. Жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдардың арасында техникалық ғылымдардың арасында техникалық ғылымдар тұр. Психологияның негізгі салалары: зоопсихология мен жоғары нерв қызмет туралы ілім арқылы жаратылыстанумен, тіл білімі, педагогика, әлеуметтік психология т.т. арқылы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |