Реферат №1 Пәні: «Ғылым тарихы мен философиясы» Тақырыбы: «Ғылым тарихы мен философиясы пәні философиялық білімнің саласы ретінде»



бет1/3
Дата14.11.2022
өлшемі23,6 Kb.
#50079
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Реферат 1


Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті»
Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институты
«Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебі
Реферат №1

Пәні: «Ғылым тарихы мен философиясы»


Тақырыбы: «Ғылым тарихы мен философиясы пәні философиялық білімнің саласы ретінде»
Мамандығы: 7M06100 – «Ақпараттық технологиялар»
Орындаған: Бекжан А. Тобы: МИСҒ-11
Тексерген: проф. Рысқалиев Т.
______________ _____________ «____» ________________2022 ж.
(бағасы) (қолы)

Орал, 2022


Модуль 1. Тақырып 1. Ғылым тарихы мен философиясы пәні философиялық білімнің саласы ретінде


Тапсырма:
1. Ғылым тарихы мен философиясының предметі, негізгі бөлімдері
2. Ғылым ұғымы
3. Ғылым және философия


1. Ғылым тарихы мен философиясының предметі, негізгі бөлімдері
Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясы тарихи өзгеретін әлеуметтік-мәдени астарда қарастырылатын және олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді өндіргіш қызмет ретінде жалпы заңдылықтарды және ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым – ғылым мен философиясы – біртұтас және бөлінбес. Олар дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтті. Ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмпирикалық негіз болып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды таңдап алады. Ғылым философиясының эвристикалық потенциалды білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нәтижелерін интерпретациялауға тиіс. Тарихилық принципі ғылым философиясының назар аударарлық орталығында тұрады. Ол ғылыми бағдарламалар мен физикалық шынайылық зерттеулерінің қалыптасу процесін ашуға мүмкіндік береді, оның түсіну жолдарын түзетеді. Сондықтан да, ғылым, өз түсініктерінің нақтылығы мен айқындылығына, олардың өзара байланыстарын қалыптастыруға, олардың теориялық жүйелердің логикалық нәтижелі және тұтас болуына ұмтылады.
Ал, ғылым тарихының ролі мен маңызына келер болсақ, келесі мәселелерді бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, әр түрлі табиғи салалар мен әлеуметтік әлемдегі ізденулерді ынталандырады; екіншіден, білім дамуының кең көлемді ауқымына ие; үшіншіден, білімге қол жеткізу жолдары, әр түрлі объектілерді игеру формалары мен тәсілдері туралы ақпаратты шоғырландырады; төртіншіден, зерттеушілердің назарын болашағы жоқ, тығырыққа тірелер жағдайларға аудара отырып, ғылым адасулар мен қателіктерге алып келетін ойлар мен гипотезалардың пайда болу мүмкіндігінен сақтандырады.
Табиғатты тану жолдары мен логикасын пайда болу процесін, іргетасты деректердің, ғылым теориялары мен әдістерінің өзгертілуін, объективті шынайылықты танудағы орны мен ролін зерттей отырып, ғылым тарихы зерттеушінің ойлау мәдениетін байытады, қазіргі заманға ғылымның теориялық негіздерін қалыптастырып, нақты жаңа мәселелердің қойылуына негіз болады. Ғылым мен техниканың тарихы табиғи әлемнің заңдары мен нормаларының қалыптасуына, оның дамуының объективті логикасына маңызды құрал ретінде әрекет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет