Реферат А. Яссауи еңбегін оқытудың маңызы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті Орындаған: Серік Ж. Тексерген: Сағындық Н. Б



Дата10.11.2022
өлшемі31,08 Kb.
#49169
түріРеферат

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті мен әдебиет теориясы кафедрасы

СӨЖ
Реферат


А. Яссауи еңбегін оқытудың маңызы
6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: Серік Ж.
Тексерген:Сағындық Н. Б.

Жоспар: 1. Ахмет Яссауи шығармашылығының өзектілігі.
1.1 Хикметтеріндегі имандылықтың мәні ,орны
1.2 Тәрбие маңызы.
1. Қожа Ахмет Яссауи — ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі . Қожа Ахмет Яссауи еңбектері қазіргі дамыған қоғамда ең өзекті тақырыптардың бірі. Яссауи шығармаларына, тағылымына оның мұраларындағы ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтарын игерудің педагогикалық әдістемелік нысаны туралы молырақ көңіл аударып, зер салуға мүімкіндік алып отырмыз. Қазіргі таңда және бабаларымызда осы Ахмет Яссауиды зерттеп , зерделеп қағаз бетіне кестелеп түсірген болатын. Біздің қоғамда осы бабамызды оқыту ең мағызды мәселенің бірі . Яссауиды оқыту арқылы , біз жас ұрпаққа тәрбие , білім және ғылымның не екенін ұғындыра аламыз. Қожа Ахмет Яссауи өз еңбектерінде педагогикалық , философиялық , діни , ағартушылық тақырыптарды моншақша тізіп , көркем жеткізе білген. Міне , сондықтан да оқытудың маңызы осында емеспе. Оқытудың өзектілігі барлық саланы қамтуы. Менің ойымша , мектеп қабырғасында Яссауи хикметтерін кеңінен оқытуымыз қажет. Неге десеңіз , келешек өскін ұрпаққа керектінің бәрі бар. Діни сауатты болу ең негізгі критерилердің бірі олай деумізге себеп , қазіргі таңда жастарымыз бұрыс жолға түсіп , өмірдің мәнін таба алмай жатады. Үлкен мен кіші арасындағы байланысты сақтамайды. Білімнің мәнін , ғылымның нәрін түсінбейді. Ахмет бабамыздың даналағын оқу арқылы , осы жіптей тарқатқан мәселелерімізге жол ашылады. Менің ұсынысым , ойшыл ғалымның мұраларын кітап ретінде білім ордаларында енгізу , оқытыу және саралау. Әдебиет сабақтарында көп көңіл бөліп , жұмыстану.
1.1Қожа Ахмет Яссауи мұраларындағы «Даналық кітабында» төрт ғақлия мадақталады:«Шариғат» – ислам заңдары және салт-дәстүр негіздері. Мұсылмандық жолды қасиет тұтып, оны тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау. Мұсылмандықтың адамзатқа тән екендігін жырлап, адамгершілік дүниесін асақақ әуенмен жеткізу. Алланы танымай әлемді тану жоқ . Құдайды танымағаны , өзін танымаған өзгені қалай таниды . Бабамыздың негізігі тұжырымдамаларының бірі. Яссауи өміріне байланысты аңыз-әңгімелерге толы хикаяттар мен еңбектер. Бұл шығармаларды оқудың арқасында оқушы оқырман өздерін жақсы бір бағыттан көруге тырысады.Яссауидің өмір сүру кезеңін үлкен үш бөлікке бөліп қарастырсақ. Біріншісі – жастық шақ, бала кезі, екіншісі – бозбала шағы, үшіншісі – ғалым, ғұлама атануы. Осы үш бөлік бойынша ғұламаның ғұмырына зер салып қарау керек. Әрі солай қабылдай алу да керек. «Аңыз түбінде ақиқат бар»-демекші, аталған әңгімелер мен аңыздарға жете қарап, көңіл бөліп қарастырған абзал. Ахмет үшін құдай жолы дегеніміз пенденің рухани кемелдікке жол алып, адамның адамдық қасиеттерімен өмір сүруі. Атап айтқанда адамның рухани жан дүниесі оның адамдық қасиеттерімен ғана танылады. Ал адам қасиеттер иман жүзінде көрініс табады. Иман дегеніміз адамның өмі сүру амалы, адам әлемнің шеңбері, рухани қор жинағы.
1.2 Халық педагогикасында адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің аса бай жолдары белгілі болғанына көз жеткізу үшін, әдістер мен құралдарды атауға болады. Олар үйрету, жаттықтыру, сендіру, тыйым салу, ант беру, күшейту, сөгіс беру, кінәләу . Бұл айтылғандар жөнінде Ясауи еңбектерінде толық қамтылған. Мәселен, «Хикменттерінде» қамтылса, екіншісі «Пақырнама мен Мүнажатнамасында», ал үшіншісі болса, «Мират-ул- Қулуб» атты еңбектерінде берілген. Қалған мәселелер өмірбаянына негізделіп жазылған аңыз-әңгімелер мен хикаяттарында келтірілген. Міне, осы еңбектерді оқудың, оқытудың арқасында адам баласы өзін адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей түседі. Қандай халық болса да оның ұлтық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті ұлттық болуы арқылы болашақ өскелең жас ұрпақтың төл ұлтына тән қабілетін қалыптастырды. Қ.А. Ясауи өзінің бүкіл жарқын қабілеті мен дарынын, күш жігерін түркі халқына, туған еліне жалпы түркі дүниесіне, әсіресе өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жұмсаған ғұлама. Оның әдеби, мәдени, сопылық шығармалары бүкіл түркі әлеміне оның ішінде қазіргі қазақ әдеби тілінің кемелденуіне, ал оқу-ағарту саласындағы көзқарастары бүкіл түркі әлеміндегі, оның ішінде еліміздегі педагогикалық ой-пікірлердің пісіп жетілуіне, хикметтері мен рухани адамгершілік мұралары ұлттық тәлім-тәрбие беруде үлкен ықпал етуде. Сол себепті Ясауидің ілімі күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпақ емес.
Қорытындылай келе , Яссауи мұрасы түркі халықтарына ортақ мұра. Оны жаңғырту біздің мақсатымыз.


Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақ совет энциклопедиясы. 1-том. – Алматы, 1972. – 647 б. М.Жармұхамедұлы, М.Шафиғи, С.Дәуітұлы. Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет жинақ. – Алматы:Жалын, 1998. – 324 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет