Реферат Қазақ халқының қалыптасуы .
«Қазақ» этнонимы
Орындаған:ШТ-22-01
Маратова Асия Тексерген: Шокатова А.Қ
2023 жыл
Қазақ халқы қалыптасуы үшін оған көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуге тура келді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды. Ғалымдардың пікірінше, біздің жерімізде Қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар (сақ, сармат т.б.) ирантілдес болған. Ал антропологиялық жағынан моңғолоидтік белгілері бар еуропеоидтік нәсілдер екені көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары. Бұл туралы қытай деректері «Өзі сары, көзі көк, атжақты сақ тайпалары үйсіндердің арасында жүр» деп көрсетеді. Қазақ халқының шығу тегін қарастырғанда лингвистикалық және антропологиялық мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік. Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасады. Сақ және сармат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.д. I ғасырда ғұндардың бір бөлігі қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ал б.з. II ғасырының бірінші жартысында қоныс аударудың екінші толқыны барысында олар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Қазақстанның байырғы тұрғындары – үйсіндер мен қаңлылардың ғұндармен этникалық жақындасуы іске асып, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтік нәсілге өтуі басталды. Б.з. VI ғасырынан бастап Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалады. VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Одан соң Батыс Түркі қағанаты 603 жылы, Түргеш қағанаты 704-756 жылдары, Қарлұқ қағанаты 756-940 жылдары, Оғыз мемлекеті IX ғ.соңы мен XI ғ. басы, Қимақ қағанаты 893 жыл мен XI ғ. басы, Қыпшақ хандығы XI ғасыр мен 1219 жылдары, Қарахан мемлекеті 942-1212 жылдары өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды. Біріншісі – Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы. Бұлардың құрылуымен этникалық процестер жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Алайда шығыстағы қарақытайлардың шапқыншылығы әсерінен Қарахан мемлекеті ыдырап кетті. XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. XIV-XV ғасырларда тайпалардың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. «Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ».
Академик Н.Я. Марра және Б. Грозный қазақ атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды. Академик Ә. Марғұлан, тарихшы М. Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов осы пікірді қолдайды. Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді. Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде, қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш қас пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған.
Тезистер
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды.
Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары.
Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік.
Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды.
Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасты.
Сақ және сармат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б.з. II ғасырының бірінші жартысында ғұндардың қоныс аударуының екінші толқыны кезінде ғұндар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.
Қазақстанның байырғы тұрғындары – үйсіндер мен қаңлылардың ғұндармен этникалық жақындасуы іске асып, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтік нәсілге өтуі басталды.
VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді.
Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды. Біріншісі – Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы.
XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін, яғни 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді.
XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті.
«Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырлардағы сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ».
Академик Н.Я. Марра және Б. Грозный «қазақ» атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды.
Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді.
Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш «қас»-пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған.
Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша «қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. «Қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді.
Рузбиханның Өзбек ұлысында үш халықтың болғаны, оның ішінде ең көбі және ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан бұл сөз XIV ғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастағанын байқауға болады.
XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды
Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады.
Енді жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріедегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты.
Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұ кезеңде мұсылмандануда қабат жүрді. Ерте феодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяұталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуында кедергі болған моңғол шапқыншылығы. Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда, қазір біраз халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген пікірлер айтады. Моңғол шапқыншылығы бұл түзіліске жол бермей, қыпшақ қоғамындағы этникалық қалыптасуды бөлшектеді. Бір қыпшақ этносынан бірнеше түркі тілдес халықтар тарады. Оның ішінде қазақ, башқұрт, татар, қырғыз т.б халықтар. Ал оның салдарын қарастыратын болсақ, түркі тілдес тайпалардың халық болып қалыптасуына сол ортада өмір сүрген кей тайпалардың негіз болғандығын көреміз. Осының арқасында төмендегідей этникалық топтар пайда болды.
Қыпшақ тобы башқұрт, қазақ, қарайым, қараөалпақ, қарашай, малқар, құмық, қырым татарлары.
оғыз тобы әзірбайжан, балқан түріктері, гагауыздар, түркімендер.
Қарлұқ тобы өзбек, ұйғырлар.
Аралық бұтақ алтай, қырғыз, салар, тофы, тува, хакас,шор, шұлым.
Қазіргі дерек бойынша әлемде отызға тарта түркі тектес халық 22 мемлеетте өмір сүреді. XIII ғасырдың басында қалыптасып үлгермеген қазақ халқының зор апатқа ұшыратқан моңғол шапқыншылығы болды. Шапқыншылық қазақ халқының халық болып қалыптасуын екі ғасырға тежеді. Отырықшылықтың жойылуы, қалалардың жермен жексен болуы, елді мекендердегі тайпалар мен руларды да қырғынға ұшыратты.
Моңғолдардың жаулауы бағыныштылыққа түскен тайпалардың тек саяси экономикасына ғана емес, оның антропологиялық, демек физиологиялық жағына да өзгеріс енгізеді. Кейбір қалалардың талқандалуы, дамуын тоқтатуы, жергілікті тайпалардың мәдениетіне нұқсан келтірді, отырықшылықты жойды.
Ең бастысы белгілі аймақтың ортақтастығы тайпалар шаруашылығының, әдет ғұрып , салт санасының біртіндеп бір диалектіде сөйлесуі де, жалпы алғанда бір бірімен қай жағынан болса да жақындаса түсуі жүріп жатты.
Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ сүйектер билігі орнағанымен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті халықтың тілін қабылдады. Бір аймаұта өмір кешкен тайпалар мен рулардың шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы , тілі , мәдениеті қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.
Ұлыстардың орнында XIII-XV ғасырлардағы пайда болған Алтын Орда, оның әлсіреу нәтижесінде белгілі болған. Ақ Ордадағы,Моғолстан,Ноғай Ордасының қалыптасуы да тайпалардың этникалық топтасуына ықпал етті. Оның ішінде, әсіресе Ақ Ордадағы топтасу жылдам жүрді. Оған негіз болған Ақ Орданың қыпшақтардың жерінде құрылуы. Түбінде бұл аймақтың қазіргі Қазақстан аймағы екендігін ескерсек, Ақ Орданың басқа иеліктерге қарағанда қосқан үлесінің зор екендігін айтуға болады. Ал, моғолстанның жерін алсақ,ол қазіргі Жетісуға сай келеді, сондықтан да біз моғолстанның да тарихтағы орнын атауымыз керек. Белгілі аймақтарда өмір сүрген тайпалар өздерінің тұрақтылығына байланысты айқындалады. Оған біз жетісу аймағындағы үйсіндер мен қаңлыларды мысалғы алсақ жеткілікті. Себебі, аталған тайпалар бұл аймақта сан ғасырлар бойы өмір сүріп келеді,олардың автохотондылығы айқын, қазірдің өзінде Жетісу жеріндегі белгілі руларға жатады. Дешті Қыпшақ жерінде біртіндеп қалыптасқан үш әулеттің екеуінің Жошы және Шайбанның басты аймағы қазақ даласында өмір сүріп, билік үшін өзара шайқасты.Шыңғыс ұрпағы жергілікті тайпаларға араласып кетті.
Қазақ халқының құрылуына моңғол шапқыншылығынан кейін қайта өрлей бастаған дәстүрлі шаруашылық, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы егіншіліктің үйлесуі ықпал етті.
Қазақ даласында ертеден өмір сүріп келе жатқан және түрлі саяси жағдайларға байланысты көшіп қону процесінің күшеюі нәтижесінде қоныс тепкен тайпалар болып топтастырды, кейін келешекте «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды.
«Қазақ» этнонимі, қазақ жүздері.
«Қазақ» этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы ғылыми тартысқа түсіп келе жатыр. Дегенменде, айта кететін жағдай, ең алғаш рет «қазақ» термині 1245жылы Мамлюктік Египет елінде қыпшақтар мекендеген жерде араб-қыпшақ сөздігінде кездеседі. Бұл сөздік «қазақ» терминінің жазбаша дерекке түскеннің дәлелі. «Қазақ» термині «еркін,кезбе» деген мағынада аударылған. Бұл аударма терминнің әлеуметтік мәнін көрсетеді.Демек, XIV-XV ғасырларға дейін қазақ даласында орын тепкен мемлекеттердің де «қазақ» халқының қалыптасуына қоқан үлесі мол. Қазақ халқының толық қалыптасып аяқталуы XIV-ғасырдың екінші жартысы XV-ғасырдың бірінші жартысы.
Осы саланың зерттеп жүріп ғалымдар сонау орта ғасырлық кезенде жазылған болжамдарды негізге алады.Оның ішінде,әсіресе,Византия императоры Константин Богрянародныйдың «мемлекетті билеу»атты еңбегінде(X ғасырдың орта шені) Кавказдың солтүстік батысында жатқан «Қазахия елі»туралы айтқан мәліметтер. Бұл жөнінде ғалым Минорский «Казахияның» «Касахия» деп түсіну қажеттігін айтқан. Ғалымдар «Касахия» ұғымының «қазақ» емес «косок» тайпасы туралы, ал олар Кавказдағы автохтонды тайпа дейді. Демек, қазаққа қатысы жоқ екендігін дәлелдейді. «Қазақ» термині туралы ғылыми пікірлердің мұсылмандық қоғамда да орын алғандығы туралы және оларды жинақтап,Қазақстан тарихын II томына түсірген ғалым Б.Е.Көмеков. Ғалым «Китап ат-танбих ва – ль-ишраф» , «Худуд әл алам», «Китаб әл футух», «Қасиетті жылнаманың», «Қазақ» деген терминге қатысты жерлеріне талдау жасайды.
«Қазақ» термині қыпшақтар қоғамында қалыптасты деп айтылған ой әбден дұрыс, себебі кең қазақ өлкесі сол қыпшақтар мекенінде орналасқан. Сонымен қазақ ұғымының пайда болуы қыпшақ кезеңімен тікелей байланысты. Бұл орайда «қазақ» терминінің алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылуы оның әлеуметтің мағынасына сәйкес екендігін көрсетеді. IX-X ғасырларда әр түрлі аймақтарда «қазақ» деген атау кездесіп отырған, бұл еркін өмір сүргендерді жалпы осылай аталғандығын көрсетеді.
Қазақ халқының жүзге бөлінуі ғалымдардың алдындағы тұрған әлдеде шешімін таппаған мәселе. Жүзге бөлінудің аймақтық негізінде жүргені белгілі. Бұның төңірегіндегі басты мәселе, оның уақытын анықтау. «Жүз» термині туралы да ойлар көп. Осы кезге дейінгі «жүз», «жақ» деген ұғымды беріп келсе, К.А. Пищулинаның зерттеулеріне сүйене отырып, «тармақ» деген сөзбен түсіндіріледі. Егерде қазақ халқының үш жүзге бөлінуін басшылыққа ала отырып, жалпы ертеректе өмір сүрген тайпалардың, халықтардың бөлінудің үйсіндерден басталғаның көруге болады. Ежелгі үйсін мемлекеті үшке; шығыс, батыс, орталық болып бөлінген, батыс түрік қағандығы он қанат және сол қанат болып екіге бөлінеді. Жалпы ежелгі, ертеректегі кезеңдегі осылайша саяси жағынан маңызы бар бөліну процесі үйсіндердің үшке, ал қалған тайпалар мен халықтардың моңғол шапқыншылығына дейінгі аралықта екіге бөлінгендігіне көз жеткізу қиын емес. Ал, Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, оның ішінде қазақ даласын үш баласына беруіне байланысты , үш ұлыс пайда болды. Әрине, бұл тұста «жүз» деген ұғым орын алған жоқ. «Жүз» ұғымының кең етек алуының Тәуке ханның билер институтының негізін қалауы мен байланыстырған жөн секілді. Бұл XVII ғасырдың II-жартысынан басталады. Оның үстіне XVII ғасырдың ғасырдың II жартысы XVIII ғасырдың бірінші ширегі Рамоновтар әулиетінің ең беделді I Петрдің заманы.