Реферат "Қазақ жеріндегі тайпалар"


Сақ тайпалары. Сақтардың қоғамдық құрылысы. Сақтар туралы жазба деректер



бет2/5
Дата07.10.2024
өлшемі0,55 Mb.
#147035
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат

Сақ тайпалары. Сақтардың қоғамдық құрылысы. Сақтар туралы жазба деректер.
Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40  жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қолжазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия және Қазақстан жерінде Сақ аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларына сақ тайпалры негізгі үш топқа:Сақ  Хаумаваргаларға (Геродрттың «Амюргей скифтарының» атына ұқсайды. Кейбір деректерде Сақ  Хаомаварга, яғни Хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ  тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ  Парадарайяларға (теңіздің арғы жағынан келген Сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтағы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері  Сырдарияның арғы бойы және Жетісу жерін жайлап, үшіншілері  еуропалық скифтер немесе Амударияның арғы жағындағылар болған.
Ежелгі грек авторларының деректемелерінде сақтардың бірсыпыра тайпалардың аты аталды. Олар: масагет, яксарт, дай, немесе дахи, фарат, көмар, асқатағ, исседон, немесе асси, аримаспа, сармат, каспи, тағы басқалар.
Масагет, яксарт тайпалары: Көк теңіздің (Арал теңізінің) оңтүстік және шығыс солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына ораласқан (ерте заманда Сырдария «Яксарт» деп аталған). Дай немесе дахи тайпасы: Сырдарияның төменгі жағын, Көк теңіздің қолтығын мекендеген. Аби тайпасы: Қаратау бойын, Сырдарийның алқабын қоныстанған. Фарат тайпасы: талас Алатауын және Қаратаудың солтүстік, шығыс  солтүстік бөлігін мекендеген. Көмар тайпасы: Келес, Шыршық, Ангрен өзендерінің бойларында және Тянь  Шань тауларының батыс сілемдерінде болған. Асқатағ тайпасы: Шу өзені мен Талас өзендерінің аралығында, қырғыз Алатауының орта етегінде тұрған. Исседон немесе асси тайпасы: Іле өзені мен Шу өзенінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген. Аримаспа тайпасы: исседондардың солтүстік және шығыс солтүстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған. Сармат тайпасы: Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Жем өзеніне дейінгі, солтүстік Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде тұрған. Каспий тайпасы: Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген.
Сақтар Памир  Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь  Шань тауларын басып өтіп, шығыс солтүстікте Алтайдың батыс сілемдеріне дейінгі, солтүстікке Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста Талас өзенінің оң жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған. Асқатағ, исседон, аримаспа сияқты сақ тайпалары «Тиграхауда сақтары» деп аталған.
Геродоттың айтуынша: «Сақтар  скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз киізден істелгенбөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған Тамаша атқыш жауынгер болған».
Сақ дәулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұңға (Афрасиаб) болған деректер бар. Олардың жазуы руна жазуы, яғни түркі жазуы, тілі  Алтай тілдік тобынан өрбіген түркі тілі.
Сақ қоғамының қалай ұйымдасқаны туралы мәселе осы уақытқа дейін ғаламдар арасында талас туғызып келеді. Археологиялық қазбалар мен жазба деректерінде айтылғандай, ерте темір дәуірінде мүлік теңсіздігінің болғанығы айқын көрінеді. Әскери құрал  жабдықтардың әр алуан түрлерін өндіру ісі жедел дамыды. Бұл кезең  алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, әскери демократия құрылысының пайда бола бастаған кезеңі еді.
Бүкіл тайпа мүшелері сайлаған тайпа көсемі  бас қолбасшы болды. Олар тайпаны да басқарып отырды. Әр көсем өз тайпасының қарумен, азық  түлікпен қамтамассыз етуін қадағалады, тайпа атынан келіссөз жүргізіп немесе келісімге келіп отырды.
Сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқасына да ерлермен бірдей белсене қатысып, ерлік көрсетіп отырған. Грек авторы Ктеси: «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді» дейді. Алимет Александр былай деп жазады: «Соғыс ісімен ерлерден кем шұғылданбайтын сақ әйелін білмеймін, ерлермен бірдей садақтан оқ ататын басқа да сақ әйелдерін білемін». Ал Герадот былай деп жазды: «Егер сақтардың бірі қызға үйленгісі келсе, онымен күш сынасу керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған тәуелді болады. Тек жеңген жігіт қана қызға өз билігін жүргізе алады».
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған.
Соғыс қақтығыстары кезінде түскен олжа кейбір жеке адамдардың баюына жол ашты. Малға жеке меншік пайда болды. Соғыс негізінен тайпа көсемдері үшін пайдалы еді. Осылай, мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқындар құлға айналдырылып, үй шаруашылығында жұмыс істеді. Әскери демократия таптық қоғамға өту кезеңі болды. Демек, сақтар мемлекет құру ісінің табалдырығында тұрды.
Рим тарихшысы Квинт Курций Руф сақтардың көктен түскен сиқырлы сыйы бар екендігі туралы аңызды әңгімелейді: «соқа мен қамыт егіншілерге, найза мен садақ жауынгерлерге, жайпақ тостаған абыздарға арналған. Бұл заттар бізе және біздің достарымызға жауларымызға қарсы күресу үшін керек. Өгіздер көмегімен астық өсіреміз, тостақанға құйылған шарапты құрбандыққа беріп, жауларымызды алыстан садақпен, ал жақыннан найзамен жайратамыз.»
Сонымен, сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы ерекшелінеді: жауыгерлер, абыздар және басқа қауым адамдары (малшылар мен егіншілер). Әрдір қоғамдық топтың бәстүрлі өз түсі болған. Жауынгерлердікі  қызыл, абыздардікі  ақ, өзгелердікі  сары және көк.
Жауынгерлердің қоғамдық тобынан көсемдер мен патшалар шықты. Ежелгі дәстү бойынша ең мерген жауынгер өзгелерге билігін жүргізуге құқылы болды.
Патшаның көктемде жерге алғашқы соқа салу жұмысын жүргізуі оның халықпен байланыстылығын көрсетті.Патша құдайлардың қалаулысы, аспан мен жердің арасындағы дәнекер, жерді көркейтушу болып есептелді.
Геродот пен басқа да авторлар сақтар мен парсылардың соғысын, сақтардың Ахаменид патшасы Кирді жеңгендігі туралы баяндайды: Парсы әскерлерінің көбі ұрыс алаңында жайрап қалды, ал Ираннан бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықты елдерді бағындырған, өзін жеңілмейтін құдай деп санаған Кир осы шайқаста, әйел патша Томирис басқарған сақтардың қолынан өзі де қаза тапты. Сақтармен Ахаменид әулетінең басқа да патшалары соғысты. Б. з. д. 521  486 жылдарда өмір сүрген парсы патшасы Дарий I сақ тайпаларын өзіне бағындыру үшін үнемі жаулап алу жорығын жасап отырған. Б. з. д. 918 жылы парсы патшасы Дарий I қалаң қолды бастап сақ  иассагеттерді жаулап алуға аттанған. Сақтардың қарсылық көрсету нәтижесінде Дприй I жеңіліске ұшыраған. Осы соғыста туылған таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полишен былай деп түсіндіреді: Ширақ деген бір сақ өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ бастықтарынан қорлық көргендей етіп көрсетеді. Ширақ өзінің руластарынан кек алатын кісі кейпіне кіріп, парсы әскерлерін бастап барамын деп алдап, адастырып сусыз шөлге апарады. Парсы әскері шөлден қырылады. Ақырында Ширақ оларға: «Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшырыттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер!» дегенді айтып ерлік көрсетті.
Б. з. д. VI ғасырдың 30 жылдарында македониялық гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахаменид III Дарий Кодоманның әскерін талқандап, Орта Азияға баса көктеп кірді. Александр Македонскийдің басшылық әрекетіне қарсы көшпелі сақ тайпалары асқан ерлікпен, табан тіресе соғысты.Соғыста сақтар бір мыңнан астам адамнан айрылды. Бірақ Александр Македонскийдің әскерлері сақтардың жерінде көп тұра алмады. Ыстық күн, сусыз, жолсыз шөл дала, ержүрек сақтардың үнемі шабуылы гректерді қашуға мәжбүр етті. Сөйтіп, Сырдария сыртындағы сақ тайпалары грек басқыншылығына қарсы күресте өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Бұның барлығы сақ тайпалардың арасында, сақ қоғамында жауынгер халықтың ролі үлкен болғандығын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет