Реферат "Қазақ жеріндегі тайпалар"


Қаңлы тайпсы. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Қаңлылар туралы жазба деректер



бет4/5
Дата07.10.2024
өлшемі0,55 Mb.
#147035
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат

Қаңлы тайпсы. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Қаңлылар туралы жазба деректер.
Б. з. д. III ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың тайпалық бірдестігі құрылды.Олар Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерде мекендеген. Қаңлылар туралы қытайдың жазба деректерінде былай деп айтылған: «Олардың жерінің климаты қоңыржай. Қарағай, шілікі бетеге көп өседі. Халықтың саны 600 мың адам немесе 1200 мың үй, олардың ішінде 120 мыңы соғысқа шығатын жауынгерлер болған. Астанасы  Битянь қаласы».
Сырдария бойындағы қаңлылыр мен Жетісу өлкесіндегі қаңлылар негізінен қара қаңлы, сары қаңлы болып екі арыс елге бөлінді.
Қаңлы елінің ең жоғарғы билеушісі хан болған, онаң соң ханның орынбасары болған. «Хан патшалығы тарихы, Чин Таңның өмірбаяны» тарауында: «Қаңлы ханның орынбасары неше мың әскермен Чигу қаласына шабуыл жасап, ұлы гуньмоға қарасты мыңдаған адамды өлтіріп, малын талады» делінген. Хан патшалығы кезіндегі деректерде қаңлы хандарының аттары аталмайды. Ал «Жин патшалығы тарихында» қаңлы елінің Най би деген ханының аты кездеседі. Ал «Сұй патшалығы тарихында» қаңлы елінің ханы Даш би (Тас би) беген адамның аты аталады. Сонымен қатар ханның қол астында мемлекет ісін басқаратын үш уәзірі бар болғандығы туралы айтылады.
Жазба деректердің айтуына қарағанда, қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлінген. Әр иеліктің кіші хандары болған. Олар ұлы ханға бағынған. Бұл иеліктер өздерінің орталық қалаларының атымен аталған. Ол иеліктердің аттары және тұрған орындары мынандай:

  1. Сусе иелігі. Орталығы Сусе қаласы. Өкіл әкім (духу) мекемесі тұрған жерден 5776 шақырым. Яңгуаннан 8025 шақырым жерде.

  2. Фуһу иелігі. Орталығы Фуһу қаласы. Өкіл әкім (духу) мекемесі тұрған жерден 5757 шақырым. Яңгуаннан 8025 шақырым жерде.

  3. Ионе иелігі. Орталығы Ионе қаласы. Өкіл әкім (духу) мекемесі тұрған жерден 5266 шақырым. Яңгуаннан 7525 шақырым жерде.

  4. Жи иелігі. Орталығы Жи қаласы. Өкіл әкім (духу) мекемесі тұрған жерден 1296 шақырым. Яңгуаннан 8555 шақырым жерде.

  5. Иоган иелігі. Орталығы Иоган қаласы. Өкіл әкім (духу) мекемесі тұрған жерден 6906 шақырым. Яңгуаннан 8355 шақырым жерде.

Біздің заманымыздан көп бұрын қаңлы қоғамында мүлік теңсіздігі пайда бола бастады. Атақты адамдардың қол астында аса мол байлық жиналды. Осыған байланысты олардың қоғамдағы дәрежесі де өсті. Еңбекші бұқара бірте  бірте атақты әрі бай адамдарға және әскери көсемдерге тәуелді бола бастады. Ру басшылары, әскери көсемдер және ақсақалдар кеңесі өздеріне берілгенбилікті падаланып, бұқараны бағынышты ұстады, азшылықтың көпшілікке үстемдігін заңдастырды. Қаңлы тайпаларында билік мұрагерлікпен әкеден балаға беріліп отырды.
Үстем тап өкілдері соғысты тонау мақсатында пайдаланып, көптеген байлыққа ие болды. Тұтқындар құлдарға айналдырылды. Бірақ көшпелі мал шаруашылығы құл иеленушіліктің дамуы мен қалыптасуына бөгет жасады.Бай адамға құл еңбегіне қарағанда, қауым мүшесінің еңбегінрайдалану тиімдірек болды.
Қаңлылырдың қала жұрттары мен обаларынан шетелдік бұйымдар көп шыққан. Олардың археологиялық ескерткіштері ғылыми ортада Жетіасар мәдениеті, Қауыншы мәдениеті және Отырар қаратау мәдениеті деген атаумен белгілі.Қаңлы мемлекетінің халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, саудамен айналысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет