Қорытынды Жазба деректер археологиялық зерттеулермен ұштастырып қазіргі таңда б.з.д. VIII I ғасырлардағы тайпалар, тайпалық одақтар жөнінде көп мәләметтер алынып отыр. III ғасырда Қазақстан жерінде мекендеген кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс жақын елдермен саяси қарым қатынастарға түскенін де жазба және археологиялық деректемелерден көруге болады. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтылығы, этноикалық жақындық Қазақстан аумағында мемлекеттердің құрылуының негізгі себебі болды. Бұл дәуірдегі өмір сүрген тайпалардың ең басты ерекшелігі: олардың мемлекет дәрежесіне жетуі. Оның басты себебі: жерге және малға жеке меншіктің пайда болуы. Осының нәтижесінде қауым бай және кедейлерге бөліне бастады.
Қазақ халқы ежелгі заманда ұлан байтақ Орта Азия өңірін мекен еткен түркі тілдес ру тайпалар мен тайпо одақтарының ұзақ тарихи дәуірлерде ортақ территорияда бірге өмір сүріп, этногендердің жалпы заңдылықтары бойынша бірте бірте юірігуі және дамуы арқылы өз алдына жеке халық болып қалыптасты.
Өткен заманнан қалған жезба ескерткіштердің ішінен бізге парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің жарлықтары баяндалған жазбалар өте бағалы. Мұнда Орта Азия мен Қазақстанның кейбір тайпалардың аттары аталады. Ежелгі ирандықтардың қасиетті кітабі Авестадан көптеген құнды мәліметтер алуға болады. Археологиялық мәліметтермен негізделген бұл деректер VII IV ғасырларда сақтардың құдіретті тайпалардың құрамына кірген халықтар жайлағанын көрсетеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
К. М. Байпақов. «Ежелгі Қазақстан тарихы». Алматы 1998 жыл.
М. Қани. «Қазақтың көне тарихы». Алматы 1993 жыл
Хамит Маданов. «Қазақ халқының арғы бергі тарихы».