Реферат «Азаматтық құқық»


Ортақ меншік құқығын тоқтату



бет6/8
Дата02.12.2023
өлшемі42,65 Kb.
#131604
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ортақ меншік

2.3. Ортақ меншік құқығын тоқтату


1. Меншік құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа ортақ меншік құқығын тоқтату да бар, бұл жеке қатысушы үшін оның үлесін ортақ меншіктен бөлу арқылы жүзеге асады.
Ортақ меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлестерін бөліп шығару қатысушылардың келісімі арқылы жүргізіледі, ал ол мүмкін болмаған жағдайда мәселе сот арқылы шешіледі.
Ортақ үлесті меншікті бөлу және қатысушылардың талабы бойынша одан үлесті бөліп шығару шарттын тұжырымдамаларына сәйкес болады.
Ортақ меншікті бөлу кезінде барлық қатысушылардың құқығы тоқтатылады, ал әлдекімге үлесті бөліп шығару үшін ортақ меншіктен оның үлесі ғана бөлінеді.
Әрбір қатысушы өзінің үлесін ортақ мүліктен бөліп беруді талап ете алады. Мүліктегі үлесті бөліп беру, жоғарыда айтып өткеніміздей, барлық меншік иелерінің келісімімен шешіледі.
Үлесті меншікке қатысушылар ортақ мүлікті бөлу немесе біреуінің үлесін шығарудың әдістері мен шарттары жөнінде келісімге келе алмаған жағдайда үлесті меншікке катысушы ортақ мүліктен өз үлесін заттай бөліп беруді талап етуге құқылы.
Егер үлесті заттай бөліп беруге заң құжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейінше мүмкін болмаса, бөлініп шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларынан өз үлесінің құнын төлетуге құқылы (АК-тің 218-бабының 3-тармағы). Мысалы, жеңіл машинаның үш меншік иесі бар делік, оның біреуі өз үлесін бөліп беруді талап етеді, сонда қалған екеуі автомобильдің құнының үштен бірін оған төлейді, себебі автомобильді бөлшектеу мүмкін емес.
2. Ортақ меншікті бөлу немесе одан үлесті бөліп шығару үшін әрбір қатысушының мүлікті ортақ пайдалану құқығындағы үлесін алдын ала анықтап алу керек. Ал бөлудің негізі мен тәртібі бірлескен қызметтің жекелеген түріне әртүрлі келеді.
Жұбайлардың бірлескен қызметі нәтижесінде ортақ меншікке айналған мүлік неке бұзылған кезде бөлінеді, жұбайлардың бірінің міндеттемелігі бойынша немесе жасалған қылмысқа байланысты залалдың орнын толтыру керек болғанда жұбайлардың бірі екіншісіне неке бұзылғанына қарамастан өз үлесін алуға талап қоя алады. Ортақ меншіктеріндегі мүлікті бөлу үшін жұбайлар сотқа жүгінеді, сот өз кезегінде қандай мүлік кімге тиесілі екендігін шешеді.[14,29]
Егер жұбайлардың біріне бөлінген заттын құны оған тиесілі үлестен асып түссе, онда екіншісі одан етем алады. Ерлі-зайыптылар біреуінің атынан несие беретін немесе басқа ұйымдарға ақша салып, ол екеуінің меншігі болып табылса, онда салынған ақшаны, капиталдағы үлесін алуды талап ете алады. Балаларға алынған заттар балалар бірге қалатын жұбайдың біріне ешқандай өтем ақысыз беріледі. Мұндай ереже жұбайлардың ортақ бірлескен меншігіндегі олардың бірінің мүлікке міндеттемелігі бойынша тиесілі үлесін алып қалуға деген әрекетіне де қолданылады. Алайда жұбайлардың жалпы міндеттемелігі мен қарызы бойынша бірдей жауапты болады. Егер қылмыстық іс бойынша сот шешімімен олардың ортақ меншігіндегі мүліктер қылмыстық жолмен табылса, оны олар бірігіп пайдаланса, екеуі де жауап береді (ҚР-сы Жоғарғы Соты Пленумының 1990 жылғы 19 наурыздағы "Республика соттарының орындалуының барысы туралы" қаулысы; КСРО Жоғарғы Сотының Пленумының 1979 жылғы 23 наурыздағы "Қылмыстың салдарынан болған материалдық залалды қалпына келтіру туралы заңдарды соттардың қоддану тәжірибесі туралы", № 1 қаулысы. Аталған құжатқа 1984 жылы 26 сәуірде Пленум қаулысымен толықтырулар енгізілді, № 7).
Шаруа қожалығының барлық мүшелерінің шығып кетуіне байланысты немесе өзге де негіздер бойынша шаруа (фермер) қожалығы тоқтатылған жағдайда ортақ мүлік Азаматтық кодекстің 218 және 225 баптарында көзделген ережелер бойынша бөлінуге тиіс.
Шаруа (фермер) кожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге жатпайды. Қожалықтан шыққан адамның бұл мүлікке ортақ меншіктегі өз үлесіне сәйкес ақшалай өтем алуға құқығы бар.
Бірлескен меншік құқығындағы шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің, егер олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қожалық мүлкіне үлестері тең деп танылады (АК-тің 225-бабы).
Егер қожалықтың қызметін жалғастырғысы келетін бірде бір қожалық мүшесі, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа (фермер) қожалығының қызметі тоқтатылады ("Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңның 20-бабы). Бірақ мұндай жағдай жер учаскесі "Жер туралы" Заңның негізінде бөлінеді. Шаруашылық мүшелері қолда бар мүлік негізінде серіктестік немесе кооператив құра алады. Қайта құрылған мұндай шаруа (фермер) қожалығының заңды тұлға ретінде фермер қожалығының мүшелері өзіне салымдар және басқа жарналар түрінде берген мүліктің, сондай-ақ оның қызметі нәтижесінде алынған және заңдарға қайшы келмейтін өзге де негіздер бойынша сатып алынған мүліктің меншік құқығына ие болады.[15,17-19]
Шаруа (фермер) қожалығының серіктестікке қатысушылары немесе кооператив мүшелері болып табылатын мүшелері салымдарының мөлшері Азаматтық кодекстің 225-бабының 3-тармағында көзделген тәртіп бойынша белгіленетін шаруа (фермер) қожалығының мүлкіне ортақ меншік құқығындағы өз үлестерін негізге ала отырып белгіленеді (АК-тің 226-бабы).
Жеке пәтер күйіндегі жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншікке қатысушы өзінің үлесін бөліп беруді сұраған жағдайда оған есігі бөлек жеке бөлмені бөліп береді. Ол оны қосалқы тұрғын-жайды бірлесіп пайдалану құқығына ие болады (Азаматтардың тұрғын үй-жайды жекешелендіру бойынша заңды қолдану тәжірибесі туралы" ҚР-сы Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысы, 17-тармақ).
Қазақстан Рсепубликасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 29-бабына сәйкес күштеп (меншік иесінің еркінен тыс) тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатуға жол берілмейді. Бірақ Азаматтық кодексте қаралған жағдайларға орай, яғни тұрғын үйдің тұрған жері мемлекетке керек болса немесе реквизицияланса, тәркіленсе заңда қаралған ретте жер учаскесі алынады, оны иесінен сатып алу да мүмкін.
Сот тұрғын үйге ортақ бірлескен құқықты тоқтату жөніндегі нақты істі қараған кезде өз үлесін сұраған меншікке қатысушыға қалғандарын ақшалай өтемақы төлетуді немесе заттай беруді міндеттейді, ал төлем тек меншік иесінің келісімі бойынша жүзеге асады.
Азаматтық кодекстің 218-бабына сәйкес ортақ мүлікті бөлу ісін жүргізудің не одан үлесті бөліп шығарудың тиімсіздігі айқын болған жағдайда, сот мүлікті жария саудаға салып сатып, кейін одан түскен соманы ортақ меншікке қатысушылар арасында олардың үлестеріне сәйкес бөліп беру туралы шешім шығаруға құқылы.
Сот жекешелендірілген үйді бөлу жөніндегі дауды қарай отырып, меншік иесінің үлесін ақшалай бергізеді, егер тиісті меншік иесінің үлесі онда шамалы болып, оны нақты бөліп шығару мүмкін болмаса, әрі сол мүлікті пайдалануға онша мүдделілік танытпаса, сондай-ақ оның келісімі болмаған күнде оған үлесті меншікке қатысушылардан өтем төлетуді міндеттей алады. Демек, ол дауға түскен үйде тұрмай, басқа жерден үймен қамтамасыз етілсе әрі ортақ мүлікті бөлу қолайлы болмаса жария саудамен оны сатуға сот шешім қабылдай алады ("Азаматтардың тұрғын үй-жайды жекешелендіру бойынша заңды қолдану тәжірибесі туралы" ҚР-сы Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысы).[16,20]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет