Реферат балалар аутизмі Орындаған: Рахимова Алия Тексерген: 2022 Кіріспе



бет2/2
Дата19.05.2022
өлшемі26,51 Kb.
#35093
түріРеферат
1   2
Вербалды қатынас бұзылысы
Cөйлеу бұзылысы аутизмның барлық формасында кездеседі. Сөйлеу кешігіп дамиды немесе мүлде дамымай қалады. Сөйлеу бұзылысы ерте бала жаста анық байқалады. Бұл кезде тіптен мутизм де байқалады (сөйлеудің толықтай болмауы). Көп ата – аналар бала қалыпты сөйлеп бастаған соң, біршама уақытқа үндемей қалатынын айтады (жыл немесе одан көп). Кейде бастапқы сатыларында бала өз жасындағылардан алда жүреді. Кейін 15 – 18 айдан бастап регресс байқалады, яғни бала қоршағандармен мүлде сөйлеспейді, тек өзімен және ұйқы кезінде ғана сөйлейді. Аспергер синдромы кезінде сөйлеу және когнитивты қызмет жартылай сақталады. Ерте бала жаста балада гуілдеп сөйлеу болмайды, анасында бірден күмән туады. Бала дамуына байланысты экспрессивты сөйлеу бұзылады. Балалар сөз тіркесін дұрыс қолданбайды және өздерін екінші немесе үшінші жақта айтады. Мысалы, «тамақ ішкім келеді» сөз тіркесінің орнына бала «ол тамақ ішкісі келеді» немесе «тамақ ішу келеді » деп айтады. Өзіне сол қалпында сөйлейді, мысалы, «Антонға қалам қажет». Көп жағдайда балалар үлкендерден немесе теледидардан естіген сөз тіркесін қолданады. Қоғамда бала мүлде сөйлемейді және сұрақтарға жауап бермейді. Бірақ, жеке қалған кезде өз әрекеттерін комментариялайды және тақпақ айтады. Кей кезде баланың сөйлеуі цитата, неологизм, өзгеше сөздермен, бұйрықпен болады. Олардың сөйлеуінде аутодиалог және рифмды сөйлеуге бейімділік болады. Олардың сөйлеуі көп жағдайда бір сарынды, интонациясыз болады. Сөйлеу бұзылысы көп жағдайда логопед және дефектологтарға қаралуға қажет етеді. Сөйлеу бұзылыстарының себебін білу үшін, әңгімелесу кезінде сөйлейтіндігін анықтап алу қажет. Сөйлеу бұзылыстары аутизм кезінде қоршаған ортамен әрекеттескісі келмейтіндігінен болуы мүмкін, бұл аномалия балалардың социалды контакт бұзылысын көрсетеді.

Әрбір ата–ана баласы өмірге келгеннен соң,оның денсаулығы мықты болғаның қалайды. Ата–анасы баланың жасаған әрбір қимылына, сөйлеген сөзіне қуанады. Әр бала қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алшақ, өз әлемінде өмір сүреді. Оларды еш нәрсе қызықтырмайды. Осындай балалар қарым–қатынас жасауда, қоршаған ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Бұндай белгілері арқылы балада аутизмнің кейбір белгілерін байқауға болады. Әлемдегі барлық отбасылардың ішіндегі аутизмі бар баланы тәрбиелеуші отбасы, басқа ауытқуы бар бала тәрбиелеп отырған отбасына қарағанда көп зардап шегеді. Бұнын себебі:


- аутизмі бар балаларға қандай да бір көмек жүйесінің болмауы;


- аутист баланың отбасы тіпті жақындарының да адамгершілік қолдауынан айырылғаны;


- балаға деген аса тәуелділігі үшін анасының уақыты мен бостандығының шамадан тыс шектеулілігі;


- бала жағдайының барлық ауырлығын кенеттен ұғыну; т.с.с.


Аутизм – (гр. Autos – өзім) – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл – күйі.Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық қажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айырықша түрін белгілеу үшін еңгізген. Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым–қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психихалық ауыруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Аутизм ауруын бірінші ашып зерттеген американдық психиатр Лео Каннер. Лео Каннер бойынша, ерте балалық шақтағы аутизм синдромы келесі үш көрсеткішті біріктіреді:


- аутистикалық күйзелістер;


- стериотипі үйреншікті;


- бір қалыпты мінез–құлық, сөйлеу тілінде ерекше сипаттағы кемістіктер.


Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен аурған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге, мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.


Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар,т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.


Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады: солғын, тамақ сұрап мазалайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештенеге қызықпайды, кейбір сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Біреуден ұнаған затты көрсе, оны алмай тынышталмайтын да аутист балалар болады.


Жақын адамдарын алыстан танып, алдынан қуанып қарсы алады.


Аутист бала – ерекше, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады, бірақ кейбіреуі оны құшақтағанды және өзі ұнататын адамды искеуді және құшақтағанды ұнатады. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интелектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бір нәрсе үйрету қиын. Ауыру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және өзіне айтқан сөздерге мән бермейді. Бірақ барлық бала ондай емес, кейбіруі атын атап шақырғанға көңіл аударады.


Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:


1. Аурудың ауыр көрінісімен сипатталатын топтағы балалар безушілік, ортадан оқшаулану, ешнәрсеге көңіл аудармаумен ерекшеленеді, көп уақытта түңіледі. Мұндай балалар сөйлемейді, адамдарға, адамның көзіне және бірнәрсеге көзін тікпейді, күлмейді, жыламайды. Атын айтып шақырғанда үндемей, дыбыс шығармай, ешқандай көңіл бөлмейді. Олар бір жері ауырып жарақаттанғанды, қарындары ашып, тоңғанды сезбейді. Үй ішінде бағытсыз ары–бері жүреді, жиһаздардың үстіне шығады, терезенің алдында тиіспесең бірнеше сағат бойы отыра береді. Үлкен адам мұндай баланың назарын аударайын деп тырысқан жағдайда, бала айқайлайды, жылайды, төбелеседі, түкіреді, тырнайды, қарсылық көрсетеді.


2. Бұл топтың балалары адамның көзіне тіке қарамайды, басқа нәрселерге де көзін тіке қадап, бағытты түрде қарай алмайды, бірақ нәрселердің өздері, өздерінің түрлері мен дыбысы мен сыртқы пішінімен балалардың назарын өздеріне аудартқызады. Мысалы: кілем немесе алаша біткенше жүре береді. Бұл балалардың бір қалыптылығы: сағаттар бойы терезеде отырып бір бағытқа қарап отыра береді. Ал бір нәрсе керек болса, олар үлкен адамды ертіп апарып, керекті нәрсеге қолын салады.


3. Балалар аздап белсенді, олар қоршаған ортадан толық безбеген. Бет–әлпетінде қорқынышы бар, қимылдары еркін емес, сөздері түсініксіз,бір сөзді қайталап береді, күрмелеп сөйлейді, олар кей кездері отырып–отырып аяқасты жүгіріп кетеді, өзін–өзі жарақаттайды. Бұл топтағы балалар өте дауласқыш, еш өкінбейді, бәрін керсінше жасайды. Бала өзіне ұрысқанды қалайды, тек өзі сөйлейді, ешкімді тыңдамайды, сөйлеткізбейді. Сөйлегені өте жылдам, дыбысы қатты. Сөзі - монолог түрінде. Кейде ересек адам сияқты, күрделі сөздермен сөйлейді, бірақ мағынасын түсінбейді. Сөз қоры жақсы, бірақ та диалог құрастыра алмайды.


4. Бұл балаларда аутизмнің жеңіл түрі. Балалардың мимикасы шектеулі, алаңдаушы болып келеді, сондықтан сөздері жай, бірақ тұрақсыз. Олар ұялшақ, жасқаншақ болып келеді. Олар өтірік айтуды, алдауды білмейді.


Республикамызда арнайы білім орталықтары болғанмен, аутист балаларға сапалы білім көрсетілмейді. Көптеген ата–аналар аутизмі бар балаларды қалыпты өмірден алшақтап, үйде оқытуға мәжбұр.


Қорытындылай келсек, әлі де үмітімізді үзбей алдағы уақытта шет елдердің әдісімен аутист балаларымызды емдеуге мүмкіндігіміз көп боларына сенімдіміз. Аутизмге шалдыққан баламен заманауи түзету технологиялары бар. Бұлар аутизмді түзетуге негізделген әдістер. Олар: ТЕЕССН, АВА, Son – rise, заттық терапия (сенсорлық интеграция және стимуляция). Сонымен қатар, аутист балалар суды өте жақсы көреді.Сондықтан оларды «жаңбыр балалары» деп атайды. Дамыған елдерде арнайы терапиы бар. Ол дельфиндермен емдеу. Дельфинотерапия арқылы аутист балалардың 70% -ы жазылып кетеді деген тұжырымдаманы ғалымдар дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, Қазақстанда емнің бұл түрі жоқ. Сондықтанда жылқымен серуендеу емін қазақтан артық білетін жан жоқ аутист балаларды ипотерапиямен де емдеуге болады.


Жоғарыда айтылған бағдарламалармен арнайы мамандармен бірігіп жұмыс істеген қаншама ата-ана, балаларын аутизмнен шығарып, талантын ашып отыр. Біз де маман ретінде осындай мүмкіндіктерімізді жіберіп алмауымыз керек.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Морозова С.С. Аутизм: коррекционная работа при тяжелых и осложненных формах: пособ.для учителя-дефектолога /С.С. Морозова.- М., 2007.


2. Лебединская К. С.Диагностика раннего детского аутизма: Просвещение, 2004.


3. «Кемтар балаларды әлеуметтік – медециналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы. 11 шілде 2002 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет