Реферат боөЖ-6 " жеке аминқышқылдарының алмасуы және олардың биохимиялық негізінің бұзылуы"


ПОЛЯРСЫЗ БЕЙТАРАП АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ



бет3/4
Дата18.09.2023
өлшемі147,93 Kb.
#108355
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
био хим 6 (копия)

ПОЛЯРСЫЗ БЕЙТАРАП АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
Бұл қышқылдарда органикалық радикалдар бар, ондай радикалдар протондарды қабылдай да, бере де алмайды және сумен әрекеттесе де алмайды (олар — гидрофобтар, суды көрі тебеді). Мұндай қышқылдарға жататындар:
Глицин (қысқарған атауы Гли), ауыстырылатын амин қышқылы;
Аланин (қысқаша Ала), ауыстырылатын амин қышқылы;
Валин (қысқаша Вал), ауыстырылмайтын амин қышқылы;
Лейцин (қысқаша Лей), ауыстырылмайтын амин қышқылы;
Изолейцин (қысқаша Иле), ауыстырылмайтын амин қышқылы;
Метионин (қысқаша Мет), ауыстырылмайтын амин қышқылы, құрамында күкірт және тұрақсыз метил тобы бар.
Фенилаланин (қысқаша Фен), ауыстырылмайтын, ароматты амин қышқылы;
Пролин (қысқаша Про), ауыстырылатын, бұл амин қышқылы.
ПОЛЯРЛЫ БЕЙТАРАП АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
Бұл қышқылдардың тобында С — О, О — Н, S — Н, С-N сияқты полярлы байланыстары бар, олар сумен әрекеттесе алады (гидрофильдер — су сүйерлер).
Серин (қысқаша Сер), ауыстырылатын амин қышқылы, кұрамында гидроксил — ОН тобы бар;
Треонин (қысқаша Тре), ауыстырылмайтын амин қышқылы, құрамында гидроксил — ОН тобы бар;
Цистеин (қысқаша Цис), ауыстырылатын амин қышқылы, құрамында сульфгидрилдік — SН тобы бар. Цистеиннің екі молекуласы тотыққан кезде цистин түзіледі, цистиннің құрамында дисульфидтік топ —S—S— бар;
Тирозин (қысқаша Тир), ауыстырылатын амин қышқылы, құрамында фенолдық радикал бар;
Триптофан (қысқаша Три), ауыстырылмайтын амин қышқылы, құрамында индол сақинасы болады;
Аспарагин (қысқаша Асн), ауыстырылатын амин қышқы-лы, құрамында амидтік топ — СОNH2 бар;
Глутамин (қысқаша Глн), ауыстырылатын амин қышқылы, құрамында амидтік топ —СОNH2 бар.
ПОЛЯРЛЫ ҚЫШҚЫЛ (ГИДРОФИЛЬДІ) АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
Мұндай қышқылдардың бүйірлік радикалында карбоксил тобы бар, сол топ бұларға қышқылдық қасиет береді:
Аспарагин қышқылы (қысқаша Асп), ауыстырылатын амин қышқылы, құрамында екінші карбоксил топ — СООН бар.
Глутамин қышқылы (қысқаша Глу), ауыстырылатын амин қышқылы, мұның да құрамында екінші карбоксил тобы — СООН бар.
Амин қышқылдары — түссіз кристалл зат, суда ериді. Глициннен өзге амин қышқылдарының бәрінің құрамында көміртегінің асимметриялық атомы бар. Көміртегінің асимме-триялық атомы әр түрлі төрт химиялық топпен байланысады. Мұндай кезде амин қышқылының екі түрлі пішіні (конфигурациясы) болуы мүмкін, ол екеуі L және D — пішіні деп аталады.
Оларды басқаша стереоизомерлер немесе эвантиомерлер деп те атайды. Осы стереоизомерлердің біреуінің ерітіндісі полярланған жарықты сол жаққа қарай, екіншісінікі — он жаққа қарай бұрады. Мұндай заттар оптикалық активті заттар деп аталады. Белок құрамында сол жаққабүрушы да, оң жаққа бұрушы да амин қышқылдары болады. L— аминқышқылдары мен D — амин қышқылдарының біреуі екіншісінің айнадағы бейнесіндей немесе біздің оң қолымыз бен сол қолымыз сияқты болады. Мұндай амин қышқылдарының құрылым формуласын былай жазу жөнінде өзара келісілген: мұнда карбоксильдік топ көміртегінің асимметриялық атомынан жоғары орналасады (кресшемен бел-гіленген), ал бүйірлік (R) топ одан төмен орналасады; L — амин қышқылында амин тобы сол жағында жазылады да, D — амин қышқылында оң жағында жазылады
Белоктар құрамына L — амин қышқылдары ғана кіреді. D — амин қышқылдары табиғи белоктардан әлі табылған жоқ және оларды адам мен малдың организмдері сіңіре алмайды. Бұл амин қышқылдары әр түрлі заттар құрамынан бөліп алынғаны белгілі. Сондай-ақ ол адам организмінен бос күйінде бөлінген және клеткалық құрылымдардан да алынған D — амин қышқылдары кейбір антибиотиктер құрамында (грамицинде және басқаларында) кездеседі. Химиялық синтездеу кезінде L — амин қыш-қылы мен D — амин қышқылының қоспасы түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет