Реферат боөЖ-6 " жеке аминқышқылдарының алмасуы және олардың биохимиялық негізінің бұзылуы"


АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫҚ—НЕГІЗДІК (АМФОТЕРЛІК) ҚАСИЕТТЕРІ



бет4/4
Дата18.09.2023
өлшемі147,93 Kb.
#108355
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
био хим 6 (копия)

АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫҚ—НЕГІЗДІК (АМФОТЕРЛІК) ҚАСИЕТТЕРІ
Амин қышқылдарында химиялық қасиеттері біріне-бірі қайшы, функциональдық екі топ бар. Олар сулы ортаның рН жағдайына байланысты қышқылдық та, негіздік те қасиет керсетеді. И.Н.Бренстед (1923 ж.) теориясына сәйкес, осы заманғы түсінік бойынша, өзінің протонын (Н+) бере алатын қосылыстар қышқылдар деп аталады да, протон қосып алатын қосылыстар негіздер деп аталады.
Қышқылдық та, негіздік те екі қасиеті болатын мұндай қосылыстар амфотерлер (гректің amphil деген сөзінен шыққан, екі жақты деген мағынаны білдіреді) деп аталады, оларды қысқаша амфолиттер (амфотерлік электролиттер деген сөзден шыққан) деп атайды.
Амин қышқылдарының диссоциациялану ерекшелігі ортаның рН мөлшеріне байланысты болады. Сілтілік ортада карбоксил тобы онданады, амин қышқылы қышқылдық қасиет көрсетеді.
Ал қышқыл ортада — керісінше, амин кышқылдары негіздік қасиеттер көрсетеді, амин тобы ионданады, карбоксил топ іс жүзінде диссоциацияланбайды. Бір карбоксил тобы және бір амин тобы бар амин қышқылдарында бейтарап су ерітіндісінде полярлы екі топ та ионданады. Бір амин қышқылының карбоксил тобынан протон бөлініп сол амин қышқылының амин тобына қосылады және қосқабат ион — цвиттер-ион (гибридион) түзеді:
АМИНҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Құрамындағы карбоксил және амин топтарының реакцияға қатысуы барлық амин қышқылдарына тән қасиет. Амин қышқылдарының амфотерлік ерекшелігі болғандьгқтаң, олар негіздермен де, қышқылдармен де әрекеттесіп тұз түзеді; спирттермен әрекеттесу нәтижесінде күрделі эфирлер түзеді және декарбоксильдену, дезаминдену құбылыстарына ұшырайды. Бұл арада мынадай реакцияларды қарастырмаймыз. Амин қышқылдарын табу және олардың сан мөлшерін анықтау үшін қолданылатын екі реакцияға ғана тоқталамыз.
Аминоқышқылдар мен олардың туыңдылары дәрі-дәрмекгік заттар ретінде қодданылады. Аминоқышқылдар мен олардың туындыларын медицинада жиі қолдануы олардың қатынасу қабілеттілігіне негізделген: организмнің белокпен, пептидпен, ферментпен, гормонмен қальтты жұмыс қатынаста болуьща тиісті синтезінде. Аминалон қышқылы нейротропты әсер етуші препарат. Оны қолдану үшін қажетті негізгі көрсеткіштер естің әлсіреуі, ми тамырларының атеросклерозы, мый қан айналымының бүзылуы болып саналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен бұл курстық жұмысымда амин қышқылдарын қарастырдым. Олардың құрылымдық жалпы формулаларына, жеке қасиеттеріне анықтама бердім.
Қорыты келгенде, амин қышқылдарының молекуласында бір немесе бірнеше карбоксил топшалары болуы мүмкін. Соған сәйкес бір, екі және көп негізді белокты заттар құрастыралады. Олардың біз үшін маңызы өте зор.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Алибеков Р.С., Евлаш В.В., Уразбаева К.А., Павлоцкая Л.Ф., Дуденко Н.В. Биохимия: — Оқулық. Алматы:CyberSmith, 2021. — 336 б.
Тапбергенов, С. О. Медициналық және клиникалық биохимия : оқулық / С. О. Тапбергенов - Москва : Литтерра, 2016. - 688 с. - ISBN 978-5-4235-0227-0. - Текст : электронный // ЭБС "Консультант студента

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет