Реферат электр Қауіпсіздігі бойынша топтарды оқып білу



бет3/5
Дата25.11.2023
өлшемі156,25 Kb.
#127723
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Электр тогы (копия) (копия)

Адам ағзасына әсері.

Адам ток ұрғанда Термиялық. Электралиттік, Биологиялық әсер етеді: Тоқтың термиялық әсері-дене терісін әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен байланысты.
Электролиттің әсері-қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауна байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.
Биологиялық әсері-ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесынде, адам буындары тартылып, журек, өкпе қысылады, нәтижесынде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін.
Электр тогының әсерінің әртүрлілігіне байланысты, жарақаттанудың екі түрі болады:
1. Электрлік соққы.
2. Электрлік жарақат.

Электрлік жарақат тік әсерінен тері жасушаларының кейбір жерлерін жарақаттайды. Электрлік жарақаттың келесідей түрлері болады:


Электрлік күю, электрлік белгілер, терінің металдануы,механикалық жарақат.Электрлік күю –ең көп таралған элетрлік жарақат түрі. Күйік екі түры бар:
Тоқты және доғалы
Күйік төрт дәрежеде сипаталады:
I - терінің қызаруы;
II - түрі бетінде ұсақ көпіршіктердің пайда болуы;
III – терінің барлық қабаттарының жансыздануы;
IV – клекткалардың өлуі.

Организмнің жарақаттану ауырлығы – күйіктің дәрежесін байланысты емес, оның тері бетінің көмегімен сипатталады.


Доғалық күю – жоғары кернеу астында тоқ жүретін бөлік пен адам денесі арасында электрлік доға пайда болады. Доға температурасы 3500оС ден жоғары және де энергиясы үлкен. Доғалық күйік III, IV дәрежені құрайды.
Электрлік белгілер – адам терісінде сұр немесе күлгін сары түсті дақтар пайда болады. Белгілер жырық, дақ, жара түрінде байқалады. Электрлік белгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл болып келеді.
Терінің металдануы – электрлік доға нәтижесінде еріген металл қалдықтарының адам терісінің жоғары қабатына енуі. Метализация ыстық металл әсерінен терінің күюі. Бұл жағдай қысқа тұйықталу нәтижесінде және де шамадан тыс жүктелімнен рубилышктардың сөнуінен.
Механикалық жарақат – адам денесі арқылы өткен токтың әсерінен буындардың тартылуы.
Электр тоғы өткен кезде адамнын денесі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу болып жарақатанады. Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Электрлік тоғының соғуы нәтижесінде келесідей жағдайлар туындайды:
- Естен тану, буындардың тартылуы;
- Естен танып,буын тартылғанмен тыныс алу және жүрек ағысының жұмыс істеуі нашарлайды;
- Естен тану, жүрек, тыныс алу жұмыстарының тоқтатулуы;
- Қан айналымы, тыныс алу , жүректің тоқтауы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет