Реферат электр Қауіпсіздігі бойынша топтарды оқып білу


Электр жарақаттарының себептері



бет5/5
Дата25.11.2023
өлшемі156,25 Kb.
#127723
түріРеферат
1   2   3   4   5
Электр жарақаттарының себептері

Ашық электр сымдарына дененің тікелей жанасуы. Оқшаулағыш қаптамасы зақымдалған электр желілерімен жұмыс жасау. Электр кернеуі бар металл құрылғыларға кездейсоқ дененің жанасуы. Электрлік қондырғыларды пайдалану кезінде күтімсіздік салдарынан кейбір жерлерінде иллюзия кедергісі төмендеп, ток жүрмеуге тиісті жерлерде кернеу пайда болуы. Жұмыс орнын нашар даярлау салдары. Қондырғы конструкциясындағы, оны монтаждаудағы жіберілген қателіктер.
Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.



ТОК, мА

Электр тогының ашық қолға тигендегі белгілері

3–5

Денеде токтың тітіркендіргіш әсері білінеді

8–10

Ауырсыну бірден күшейеді. Қолдың барлық жерін алады. Бұлшықеттің еріксіз жиырылуы

10–15

Ауырсынуға төзу қиын. Қолды ашып жұму мүмкін емес.

25–50

Тыныс бұлшықеттерінің қатты жиырылуы, тыныстың
қиындауы. Клиникалық өлім.

50-200

Жүрек соғысы тоқтауы мүмкін

200-ден жоғары

Жүрек соғысы мен тыныстың тоқтауы

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.


Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.
Төмен вольтты ЭЖ (1000 В дейінгі кернеу)
• Бұл 42-380 В. арасындағы көп кездесетін тұрмыстық техникалар мен эл. токтарынан алатын жарақат.
• Бұл жарақат жүректің тоқтауына, қанайналым бұзылысына, одан әрі өлімге соқтыруы мүмкін
• ЭЖ ның күші ток күшіне және оның әсер ету уақытына байланысты.
Жоғары вольтты ЭЖ (1000 В жоғары кернеу)
Бұл ЭЖ тек тері емес, терең орналасқан тіндерді, бұлшық ет, ішкі ағзалар мен сүйектерді толығымен күйдіреді.
•Ішкі терең қан кетулер, сүйектер сынуы мүмкін.
• Жоғары вольтты жарақат алған зардап шегуші аз уақыт ішінде жағдайы нашарлауы мүмкін.
ЭЖ ның ауырлығы мынаған байланысты:
Организмнің токқа қарсылығына,
• Токтың күшіне, жиілігіне, әсер ету ұзақтығына,
• Организмдегі өту жолына,
Ішкі орта жағдайына,
• Адамның жалпы физикалық жағдайына.
Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді:
• Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).
• Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).
• Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.



  1. Қорытынды



Электр, барлық халық шаруашылығында, тұрмыста, өндірісте қолданылады. Сондықтан электр қауіпсіздігі мәселесіне, үлкен мән беру керек. Электр қауіпсіздігі - ұйымдық және техникалық шаралар мен жүйесі, зиянды және электр тогының қауіпті әсерінен, электр доғасынан, электор магнитті алаңнан және тұрақты электр тоғынан қорғауды қамтамасыз ету құралдары болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет