Реферат фастфуд Орындаған: Рысбек Жанерке, СиС-21 тобы Тексерген: Айтлесов К. К. Астана 2023 Мазмұны



бет2/2
Дата13.02.2023
өлшемі1,58 Mb.
#67488
түріРеферат
1   2
Байланысты:
реферат Жанерке

Қорытынды
Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылған шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру – астан…» деген дана қазақтың сөзі бекер айтылмаған сияқты!
Барлығы да жеңіл әрі тез әзірленетін тағамдардың пайдасы мен үнемділігін ғана алға тартады. Ал оның орасан зияны жайлы айтатын ешкім жоқ. Тіпті тұмаумен ауырып, артритке шалдығып, үлкен күйзеліске ұшырап жатса да оны өзі тұтынған аспен байланыстыруды ойламайды да. Бекер, себебі «ауру – астан» немесе «өз ауруыңды табағыңның түбінен ізде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл мәселе қазіргі таңда әлем қасіретіне айналған ЖИТС-тен немесе қоғамда орын алған халықаралық өзекті мәселелерден кем түспейді. Мұның себебі адамды ішінен улайтын фаст фуд өнімдерінің ерекше қамқорлыққа алынып, тыс мөлшерде жарнамалануында. Әрине, бұл өте тиімді бизнес жол. Өнімдерін тегін таратып, халықты өзіне тәуелді ету арқылы өз саудасын жүргізіп ақшаға кенелген саудагерлер үшін тиімді табыс көзі. Өзгені ойламақ түгілі өз қарабасының қамы мен қалтасының қалыңдығын ойлаған бизнесмендер әлемнің айықпас дертке шалдыққанын байқайтын қауқары да жоқ. Бұл, әсіресе, демографиялық өсім жағынан кенжелеп келе жатқан Қазақстан үшін тағы бір кедергі десе артық болмас. Егемендігін алып нық баса бастаған еліміздің аяғынан шалған тағдырдың тағы бір сыны. Әйтпесе бұрын соңды суға дейін талғап ішетін текті халқымыздың дүдәмәл азықпен қоректенбегені бесенеден белгілі. Ендеше аранымызды әр нәрсеге алаңсыз аша беруден бұрын сәл пәл ойланғанымыз жөн болар, текті де талғампаз атаның ұрпақтары!
Егерде сіз фаст-фудтың ағзаға кері әсерін түсініп, тәуелділік ауруын сезінсеңіз осы кеңестер сізге қажет болар:
Біріншіден, фаст-фудтан біртіндеп бас тартыңыз. Әпсәтте бас тарту қиынға соғады. Осындай тағамдарды күніне 1 рет жеңіз, кейін жұмасына 1 рет, кейін мүлдем бас тарта аласыз.
Екіншіден, егерде сіз бір дәмханада тез тамақтануға үйреніп қалсаңыз және де сіздің уақытыңызды үнемдеуге ыңғайлы болса, колорийі жоғары емес, майлы емес тағамдармен тамақтаныныз.
Үшіншіден, фаст-фудты түнге жеу - бұл сіздің асқазаныңызға қылмыс екенін есте сақтаңыз. Егерде сіз күні бойы тамақ ішпей жұмыс күнінің аяғында аш қарныңызды тойғанша толтырсаңыз бұл сіздің асқазаныңызға өте ауыр жүк.
Гамбургер, чизбургер,
Қуырған картобың....
Бұларға жуымас,
Ойлаған ертеңін.
«Фаст - фуд», - деп оларды,
«Дәмді» деп, - жеме, сен!
Ештенең кетпейді
Ешқашан жемесең! 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. “Биолог анықтамалығы”
ғылыми-педагогикалық журнал
№5, 6 2011 жыл
2.McDonald’s ресми сайты
3.Wikipedia
4.Классификация предприятий общественного питания // http://www.magnatcorp.ru/articles/classification/
5.Интернет-ресурс: http://makdak2004.narod.ru/item5.html
6.Интернет-ресурс: http://ru.wikipedia.org/wiki/McDonald%92s
7.Интернет-ресурс: http://www.top-co.ru/food/mcdonalds
8.Интернет-ресурс: http://www.mcdonalds.ru/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет