Реферат ғылымның пайда болуы, тарихи даму кезеңдері Орындаған: Тексерген: 2021 жыл Жоспар


І. Ғылымның пайда болу мәселелері



бет2/5
Дата31.12.2021
өлшемі101,5 Kb.
#21209
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат

І. Ғылымның пайда болу мәселелері

Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде,  адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.

Осы аспектілер бойынша ғылым:

- XIX ғасырдың  ортасынан  бастап  -  мамандар дайындаудың жүйесі;

- XX ғасырдың екінші жартысынан  — қоғамның негізгі қозғаушы  күші;

- Жаңа уақытта — әлеуметтік институт

- Ежелгі Грецияда — қоғамдық сананың формасы;

- Адам   мәдениетінің   бастауында   -  білім   жиынтығы   ретінде қарастырылады.

Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды. Антикалық ғылым қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді. Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.

Ғылыми эволюцияның білімді жинауға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа беруге себеп болған басты фактордың бірі болып жазбаның ойлап табылуы болды. Шумерлердің пиктографиялық жазбасы б.э.д. 3200 ж.ж. бұрын пайда болды. Б.э.д. 3000 ж.ж.   Египетте иероглифтік жазба деген атқа ие болған жазбаның жаңа жүйесі пайда болды. Бұл жүйеде әріпті, дыбысты және сөздерді белгілеу үшін символдар пайдаланылған. Б.э.д. 2800 ж. бұрын шумерлердің көршілері болған вавилондықтар, ассириялықтар мен парсылар пиктографиялық жазуды ұшты жазбаға (клинопись) айналдырды. Ақырында б.э.д. 1300 ж. бұрын Сирияда ең алғашқы алфавит жасалып шығарылды. Онда 32 әріп болды, әріптің әрқайсысы белгілі бір дауысқа сәйкес болды. Көне гректер осы жазба жүйесін қабылдап, ол кейін латын алфавитінің негізі ретінде қолданылды.

Көне әлемде білімнің жеткіліксіздігінен табиғат күштері құдайдың құдіретті күші делініп, табиғатты зерттеушілер құдайдың абыздары деп саналды. Египеттегі астрономдар деп аталған осындай адамдар күнді аса үлкен сағат деп санап, ай мен жұлдыздардың орналасуына қарай, Ніл өзенінің тасу уақытымен көптеген мерекелерді тойлау мерзімдерін анықтап отырды. 365 күннен тұратын ең алғашқы календарды египет астрономы Имхотеп жасап шығарғандығы белгілі.

Жалпы қабылданған ұғым бойынша қазіргі заман ғылымының бастамасы – ертедегі грек мәдениеті болып табылды, бұл көзқарасты гректің ойшылдарының еңбектеріне сілтеме жасаған қазіргі заман ғылымының негізін салушы Н.Коперник, И.Кеплер, Г.Галилей қуаттады. Ертедегі гректердің адамды қоршаған әлемді зерттеуінің тереңдігі соншалық, олар түрлі бақылау жұмыстар, есептеулер жүргізіп, қоршаған дүниені классификациялауының арқасында, өздерін қоршаған әлемде бақыланып отырған құбылыстар мен заттарды діни жағынан емес жаратылыстанушылық сипатта зерттеу қажеттігін түсінді. Ертедегі гректердің ең басты жетістіктерінің ішінде заттардың атомдық құрылысы жөніндегі ілімді шығарып, академия мен лицейлерді оқу мекемелері ретінде ашуы болып табылды. Ежелгі гректердің атом жөніндегі көзқарастары Р.Бойль, И.Ньютон, М.В.Ломоносов, Авогадро, Лавуазье, Менделеев секілді көрнекті табиғат зерттеушілерінің еңбектеріне үлкен ықпал етті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінің нәтижесінде, олардың идеяларына сәйкес атомдық құрылыс тәжірибе жүзінде дәлелденбей тұрып-ақ, заттардың физикалық-химиялық құрылысы жөніндегі теориясы жасалды. Аталған теорияның негізінде Х1Х ғасырда химия саласында ғалымдар тамаша жетістіктерге жетті. Гректердің идеялары Европаға арабтар арқылы таралды. Ежелгі гректердің барлық еңбектері бізге араб тілінен латын тіліне аудармалары бойынша таныс. Араб ғалымдары антикалық дәуірдің идеяларын сақтай біліп, оларды ортағасырлық Европаға жеткізе білді. Ортағасырлық арабтар, кейін римдіктер ие болған ертедегі гректер философиясы мен білімін тек игеріп қана қоймай, сонымен қатар аса ірі ғылыми жетістіктерге де жетті. Араб әлемінде әсіресе 900 – 1200 ж.ж. аралығы ғылым мен өнер шарықтап тұрған дәуір болды. Араб ойшылдары алгебраны ойлап тапты. Тіпті олардың ақындары бірінші болып математикамен айналысып, кейін ақын болып өлең шығарды. лкен қалалардың көркейіп, өсуі медицинаның дамуына ықпал етті. Қазіргі Өзбекстанның  жерінен шыққан Абу Али Ибн Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет