«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ UNIVERSITY» құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың
зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл
прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін
мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді. Құқық қорғау органдары
мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен
өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен
әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес
қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм,
ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат
туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді. Барлық құқық
органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2)
адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң
алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық
нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси
партияларда болуға тыйым салу. Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында
тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға,
қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары
қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси күреске тартылмауына,
халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық құқықтық
тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға,
халыққа адал қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге бағытталған
Мемлекеттік қызмет. Мемлекеттік қызметтің қағидаттары. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға
бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді атқару жөніндегі мемлекеттік қызметшілердің
мемлекеттік органдардағы қызметі. Мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін азаматтар
мемлекеттік қызметкер деп аталады. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттің
жұмысына жауап береді.
Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары:
ҚР Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық
актілерінің талаптарын басшылыққа алу қағидаты. Ол дегеніміз барлық
нормативтік-құқықтық актілер конституцияға және заңға қарсы келмеуі
керек;
жеке тұлға мен азаматтың бостандығы және құқығының басымдылық
қағидаты. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды
мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;