Жарық бірліктері Жарық күшінің бірлігі-Кандела (қысқаша кд). Ӛлшеуіштер мен таразылар жайындағы XIII Бас конференциясының ұйғаруы бойынша:‖Кандела дегеніміз платинаның қату температурасында толық сәуле шығарғыштың жарықтылығы оның әрбір квадрат сантиметр бетіне 60 канделадан келген жағдайдағы жарық күші‖. Басқаша айтқанда, кандела дегеніміз платинаның қату температурасында, 2046,6 К-да, абсолют қара дененің 1квадрат сантиметр бетінің оған жүргізілген нормаль
Жарықталыну бірлігі- люкс (қысқаша лк.). Люкс дегеніміз 1 квадрат метр бетке 1 люмен жарық ағыны келген беттің жарықталынуы.(6) формула бойынша :
Тӛменде, 1-кестеде, жиі кездесетін жағдайлардағы жарықталыну шамалары келтірілген.
Жарқырау бірлігі ретінде әрбір квадрат метр бетінен 2 стерадианға тең денелік бұрыш ішінде барлық жаққа 1 люмен жарық ағыны таралатын беттің жарқырауы қолданылады (8) формулаға сәйкес жарқырау бірлігінің атауы болады.
1-кесте
Жарықталыну түрлері
|
Люкс
|
үн жарығы тік түскендегі жарықталыну
Күндіз бӛлмеде жарықталыну
Оқуға қажет жарықталыну
Нәзік жұмысқа қажет жарықталыну
Ай толғандағы жарықталыну
|
105
102
30-50
102-2.102
0.2
|
Жарықтылық бірлігі ретінде 1квадрат метр ауданы нормаль бағыт бойынша күші 1кд-ға тең жарық беретін беттің жарықтылығы алынады;ол (11) формула бойынша мынаған тең:
Жарықтылық стильб (қысқаша сб) деп аталатын бірлікпен де ӛлшенеді.
Әр түрлі жарқырауық денелердің жарықтылықтары түрліше болады. Оны 2- кестеде келтірілген мысалдардан байқауға болады.
2-кесте
Жарық кӛздері
|
Жарықтылығы кд/м2
|
Күннің беті (атмосфераны кӛктей қарағанда)
Кӛмір электр доға кратері
Газ толтырулы лампаның вольфрам сымы
Айдың беті (атмосфераны кӛктей қарағанда)
Күн қашықтығы күндізгі аспан
Жарықталынуы 30 лк ақ бет
|
1,5*109
1,5*109
5*106
2,5*103
1,5*104
10-1
|
Жарық ағынының орнына сәулелік энергия ағыны деген ұғымды пайдаланып, осы айтылған жарық шамаларына сәйкес энергетикалық жарық күші (Iэ), энергетикалық жарықталыну (Еэ), энергетикалық жарқырау (Rэ), энергетикалық жарықтылық (Вэ) деп аталатын шамалар да қалданылады. Бұлар механикалық бірліктермен ӛлшенеді. Мысалы, сәулелік энергия ағыны Вт-пен, энергетикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |