Реферат Жарық шамалары. Жарық бірліктері. Жарық шамаларын өлшеу



бет7/9
Дата25.02.2022
өлшемі246,38 Kb.
#26432
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 т оптика

Жарық шамаларын өлшеу. Жарық энергиясын, оған байланысты шамаларды ӛлшеу әдістері мен тәсілдері қарастырылатын оптика тарауы фотометрия деп аталады. Жарық шамаларын тікелей кӛзбен бақылап (визуальдық әдістер қолданып) немесе басқа жарық қабылдағыштарды пайдаланып (объективті әдістер қолданып) ӛлшеуге болады. Жарық шамаларын ӛлшеуге арналған аспаптар фотометрлер деп аталады. Олар қолданылатын әдістерге сәйкес визуальдық және объективтік фотометрлер деп екі түрге бӛлінеді.

Визуальдық әдістер жапсарлас екі беттің жарықтылығын, демек олардың жарықталынуын кӛзбен бақылап салыстыруға негізделеді, адамның кӛзі бір түсті жарық түскен ондай екі беттің жарықтылығы тең екендігін дәл айыра алады. Бірқатар фотометрлердің қызмет істеуі осы принципке негізделген.



Үш жақты призмалы фотометр (5-сурет) осындай фотометрдің қарапайым түрі. Іші қарайтылған трубаның ішіне орнатылған үш жақты АВС призмасының екі жағына (бір түзу бойына) жарық күштері салыстырылатын S1 және S2 жарық кӛздері қойылады. Бұлар АВС призмадан едәуір алыс және ӛздері кішкене болса, онда (7) формула бойынша АВ және АС жақтарының


мұндағы I1мен I2- алынған жарық кӛздерінің күштері; r1 мен r2 –олардың призмадан арақашықтықтары; i -жарықтың түсу бұрышы.

Жарық кӛздерінің біреуін қозғап, призмадан алыстата, не жақындата отырып, оның кӛршілес екі жағының жарықталынуын теңгеруге болады, сонда Е1= Е2 болады да (14) ӛрнектерден мынаны табамыз:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет