5-сурет. Үш жақты призмалы фотометр
Люммер-Бродхун фотометрі. Бұл фотометрдің негізгі бӛлімі Люммер күбшесі (6, а-сурет) болады. Ол күбше тік бұрышты Р1 және Р2 деп белгіленген екі шыны примадан жасалады. Олардың біреуінің (Р1-призманың) гипотенузасына сәйкес жағының шеті жұмырланып жонылған, орта жері жазық болады. Призмалар гипотенузалары бойымен бір-біріне жабыстырылып қойылған, сол жақтағы S1 жарық кӛзінен (6, б-сурет) келген жарық шоғы Е және Е1 ақ экрандардан шағылған соң күбшеге түседі, оның екі призманың тиісіп тұрған орнына түскен үлесі сынбай ӛтеді (суретте «1» деп белгіленген), Р1 призманың жонылған жердеріне түскен үлесі басқа жаққа шашырап кетеді. S2 жарық кӛзінен келген жарық шоғы да Е және Е2 экрандардан шағылған соң күбшеге түседі; оның екі призманың тиісіп тұрған орнына түскен үлесі сынбай ӛтіп кетеді. Р2 призма бетінің тиіспей тұрған жерлеріне түскен жарық шоғы іштен толық шағылады да бірінші жарық шоғы таралған жаққа қарай таралады (суретте
«2» деп белгіленген). Сӛйтіп кубшенің бір жағына қарай екі жарық кӛзінен келген жарық шоқтары таралады. Бұлардың екеуі де кӛру трубасына енеді де 1- шоқ түскен жарық дӛңгелек дақ, оны қоршаған сақина тәрізді 2- шоқ түскен белдеуше дақ кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |