Реферат жазуға арналған нұСҚаулық



Дата30.03.2023
өлшемі15,91 Kb.
#77762
түріРеферат
Байланысты:
Ðåôåðàò æàçóà àðíàëàí íÑàóëû


РЕФЕРАТ ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Реферат – бұл зерттеу нәтижелерін жазбаша түрде ұсынудың бастапқы түрі. Ол (лат. refero – баяндаймын, мәлімдеймін) зерттеуді таныстыру үшін қолданылатын іс жүзіндегі негізгі мәліметтер мен қорытындылардан тұратын құжаттың қысқаша баяндалуы. Рефераттағы материалдарды нақты, әрі айқын келтіру қажет. Реферат мәтінінің мазмұны жағынан да, форма жағынан да қолжетімді болуы болуы шарт. Рефераттың міндеті – зерттеу жұмысының мазмұнын хабарлау ғана емес, тақырыпқа байланысты пайда болған жаңа мәселелерді де қозғап, баяндау екенін ұмытпаңыз. Рефераттың көлеміне де белгілі бір талаптар бар. Мысалы, реферативті журналдағы рефераттың орташа көлемі – 1000 баспа таңбасынан тұрса, жаратылыстану және техникалық ғылымдарда 500 ден 2500 таңбаға дейін жетеді. Ол Times New Roman қаріпімен, 14 кегельде жазылады.
Рефераттың екі түрі бар: продуктивті және репродуктивті
Репродуктивті реферат бастапқы алғашқы мәтіннің мазмұнын баяндайды. Оның екі түрі бар: реферат-конспект және реферат-резюме. Реферат-конспектте негізгі ақпаратты жалпыланған түрде бересіз. Оған көрнекті материалдарды, зерттеу әдістерін, олардың нәтижелерін, нәтижені қолдану мүмкіндіктерін жазуға болады. Реферат-резюмеге көзделген тақырыптың негізгі ережелерін жазасыз. Продуктивті реферат баяндалатын дереккөзді сыни және шығармашылық тұрғыдан мазмұндайды. Реферат бастапқы мәтіннің мазмұнын баяндайды, продуктивті реферат баяндалатын дереккөзді сыни және шығармашылық тұрғыдан мазмұндайды. Оның екі түрі бар: реферат баяндама және реферат-шолу. Реферат-шолуда бірнеше дерек көздерді пайдаланасыз. Сондай-ақ аталған мәселеге қатысты әр дереккөздегі түрлі пікірлерге шолу жасайсыз. Реферат-баяндамада алғашқы дереккөздің ақпаратын талдап, ондағы негізгі мәселелерге объективті түрде баға бересіз.
Рефератты жазу бірнеше кезеңді қамтиды:
 Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде түрлі библиографиялық көздерді пайдалана отырып, белгілі бір тақырыпқа байланысты әдебиеттерді іздейсіз. Соның ішінде тақырыбыңызға сай ғаламтор желісіндегі мәліметтерді, ғылыми жұмыстарды, энциклопедияларды, анықтамалықтарды, сөздіктерді және т.б дереккөздерді табасыз.
 Орындаушылық кезең. Бұл кезеңде тапқан кітаптарды және өзге де әдебиеттерді оқисыз, оқылған еңбектерден мәтін жазбасын жүргізесіз, яғни тақырыбыңды ашатын жазбаларды, цитататаларды, тезистерді, конспектілерді жазып аласыз.
 Қорытынды кезең. Бұл кезеңде қарастырылған материалдарды өңдеп, рефераттың негізгі бөлімін жазасыз. Соңынан пайдаланған әдебиеттер тізімін жасайсыз.
 Рефератты рәсімдеу кезеңі.Соңғы кезеңде рефераттың титул бетін әзірлейсіз. Оған ең біріншң құжат шапкасы кіреді (министрліктің атауы, мектеп, колледж, ЖОО атауы, оның эмблемасы). Ол қағаздың жоғары жағының дәл ортасында орналасады. Келесі «РЕФЕРАТ» деген сөзді қағаздың дәл ортасына бас әріптермен, қалың қаріппен жазасыз. Оның астына «Тақырыбы» деген сөзден соң ұос нүкте қойып (:), рефераттың тақырыбын жазасыз. Келесі автор туралы мәліметтерді жазасыз. Онда рефератты жазған оқушының, не студенттің аты-жөнін, курсын, тобын, мамандығын көрсетесіз. Ол тақырыптан соң 7-9 интервал төменде, қағаздың оң жағында «Орындаған» деген сөзден соң жазылады. Ал оның астына «Тексерген» деген сөзден кейін рефератты өткізетін адамның аты-жөнін жазасыз. Титул бетінің ең соңына, қағаздың дәл ортасына мекеменің орналасқан қаласын және рефераттың жазылған уақыты көрсетесіз. Титул бетінің үлгісін 1-қосымшадан қараңыз.


Реферат төмендегідей бөліктерден құралады:
 Кіріспе (бір, максимум бір жарым бет);
 Мазмұн. «Мазмұнның» бөлімдерін араб цифрларымен нөмірлейсіз; ол нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімшенің нөмірінен тұрады. Нөмірлеу үшінші беттен жанама түрде соңғы бетке дейін жалғасады. Нөмірлерді араб цифрларымен жоғарғы жолдың ортасына орналастырасыз. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар жалпы жанама нөмірлеуге қосасыз. Рефераттың мазмұнының үлгісін 2-қосымшадан қараңыз.
 Қорытынды. Оқырманның көңілін аудару мақсатында жұмыстың негізгі тезистерін қайталаудан, реферат афторының қорытындысынан, зерттеу тақырыбына байланысты туындаған ұсыныстар және т.б. құралуы мүмкін. Көлемі жағынан қорытынды әрқашан кіріспеден аз болуы тиіс. Қалыпты қорытынды бөлігінің көлемі жалпы жұмыстың жиырмадан бір бөлігін құрайды деп есептеледі;
 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
 Қосымша
Көрсеткіштер


1-қосымша. Титул бетінің үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: _______________________________________________
Орындаған: _______________
Тексерген: _______________
Алматы қаласы, 2020 ж.
2- қосымша. Рефераттың мазмұнының үлгісі.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ..........................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..............................................................................................5
1. Туризімнің дамуының қазіргі жағдайы....................................................5
2. Туристтік өнімдерге сұранысты зерттеу..................................................9
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................................................................................12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................................13
ҚОСЫМША................................................................................................

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет