Үшіншіден, Географиялық картада көрсетілетін құбылыстарды іріктеудің және қорытындылаудың, ягни картографиялық генерализацлялаудың зор маңызы бар. Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласынпа пайдаланылады. Ол — жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құрал. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Халық шаруашылығының- көптеген міндеттерін шешу — географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т. б.— Географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геологиялық құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол— құбылыстардың кеңістіктегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.
Картаның тақырыбы мен мақсатына қарай картографиялық кескіндеу бірқатар географиялық элементтерден тұрады. Мысалы, бір жердің толық картасының (топографиялық картасының) мазмұнына: жер бедері, суы, өсімдігі, топырағы, елді мекендері, жол қатынасы, байланыс құралдары, мемлекет және әкімшілік шекаралары, орталықтары және кейбір өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, мәдени объектілері кіреді. Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, кеңістікті т. б өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т. б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.
Географиялық картаның құндылығы — олардың толықтығында, дәлдігінде, пайдаланылған деректердің жаңалығында, сонымен қатар Географиялық картаны жасаудың негізіне алынған ғылыми принцптер мен идеяларда. Ал бұл принцптер мен идеялар жаңа не ескі, дұрыс не бұрыс болуы мүмкін.
Географиялық карта планетамыздың және оның жеке бөліктері- құрылықтар мен мұхиттар, олардың географиялық жағдайы, табиғат байлықтары, халқы, экономикасы, мәдениеті және тарихи дамуы туралы жаңа деректерді алуда, таратуда, аса бағалы құрал болып табылады.
Сонымен қорыта айтқанда, географиялық карта жер бетінің жазықтықта кішірейтіліп, жинақталып кескінделуі. Географиялық обьектілер онда шартты белгілер арқылы көрсетіледі. Географиялық карталарда тұтас мемлекет, кейде бірнеше мемлекет, тіпті бүкіл жер шары да кескінделеді.
Қазіргі қолданылатын географиялық карталар алуан түрлі. Осы карталарды топтарға, түрлерге бөлгенде олардың мынадай ерекшеліктері еске алынады.
1) карталардың территорияны қамту жөніндегі айырмашылықтары;
2) карталардың мазмұны жөніндегі айырмашылықтары;
3) карталардың масштабына байланысты айырмашылықтары.
Карталардың территорияны қамту жөніндегі айырмашылығы төрт топқа бөлінеді:
а) дүние жүзінің картасы және бүкіл жер шарының бетін кескіндейтін жарты шарлар картасы;
б) жеке материктер картасы;
в) материктер аймақтарының (бөліктерінің) картасы, мысалы,Солтүстік, Оңтүстік Европа картасы;
г)топографиялық карталар.
Карталардың мазмұны жөніндегі айырмасына қарай жалпы географиялық, арнаулы және комплексті карталар болып бөлінеді.
Жалпы географялық карталарда рельеф, өзендер, көлдер, теңіздер, қалалар қатынас жолдары, ал кейде мемлекеттердің шекаралары да көрсетіледі.Бұл карталарға топографиялық және материктердің көптеген оқулық карталары жатады.
Арнаулы тақырыптық карталарға табиғаттың белгілі бір компоненті (құрамдық бөлігі) немеме халықтың орналасуы, мемлекеттердің алып жатқан орны баса көрсетіледі, мысалы, климат, топырақ карталары, саяси карта ж.т.
Комплексті карталарға, жалпы географиялық элементтердің мазмұнынан басқа, халықтың шаруашылық әрекеті мәселесі, мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығыный негізгі салаларының орналасуы көрсетіледі. Артадағы әрбір сызықшаның , әрбір таңбаның атқаратын қызметі болады.Сондықтан картаны пайдаланбас бұрын оның шартты белгілерімен аңызымен (легенда) танысып алу керек.
Карталардың масштабына байланысты айырмашылығына қарай карталар ірі масштабты 1:200 000 және одан ірісі, 1:200 000-1: 1 000 000 орта масштабты карталар, масштабы 1: 1 000 000 нан ұсағы ұсақ масштабты карталар
Карталар ауданына байланысты әлем картасы;материктер мен мұхиттар картасы;жек мемлекеттер мен аймақтар картасы
Жалпы географиялық барлық географиялық құбылыстарды , жер бедерін,гидро-географияны,өсімдік жамылғысын,елді-мекендерді,экономикалық нысандарды,коммуникацияларды,шекараларды және т.б бейнелейді.
Қағазға жердің бетін бейнелеу үшін жердегі сызықтың горизонталь проекциясын бірнеше есе етіп кішірейтеді. Жердің бетін қағазғатүсіргендегікішірейту дәрежесін масштаб деймiз, яғни айтканда, план мен картаның масштабы деп пландағы (картадағы) сызықтың ұзындығының оған сәйкес жербетіндегі горизонталь ұзындыққа қатынасын айтамыз.Бұл – масштаб деп аталады. Масштабтар сандық, сызықтық және көлденең болып бөлінеді.
Сандык масштаб. Сандық масштаб дегенiмiз белшекті көрсетеді, оның алымы бiрлiктi көрсетсе, бөлiмi жердің бетіндегі ұзындықтың планда немесе картада қанша есе кішірейткенін көрсетеді. Сандық масштабтың бөлімі кіші болған сайын, соғұрлым план мен картаның масштабы ірі болады және керiсiнше, бөлімі үлкейген сайын карта мен планның масштабы ұсақ болып келеді.
Сызықтық масштаб. Сызықтық масштаб түзу сызықтан тұратын ұзындық санағы бар кесінді ретінде алынады.Ол сызықтық масштабтың негізі болып табылады .Осылайша масштабтың негізін 2 см кесінділерге бөледі де, оларды нөлдік штрих ретінде белгілейді , сәйкесінше әр бағанаға тиісті мәндер жазылады.
Проекция әдістері.
Жер кескіндеу жердің деңгейлік бетіне жасалынады, бұл жағынан оган TİK сызықтар нормаль болып есептеледі. Жер беті Р жердің деңгейлік бетінің бір бөлігі болсын делік. Сонда жердің физикалык бетіндегі бір-бірінен едәуір қашықтық тагы А, В, С және D нүктелерi деңгейлік бетке Р тік сызыкпен проекцияланады.
Тiк сызықтардын деңгейлік бетпен киылысатын a, b, c және d нүктелерi жер бетінін тиісті нүктелерiнiң горизонталь проекциялары деп аталады. Деңгейлік беттің орташа жағдайын мұхит деңгейiн көп жылдар бойы бақылау арқылы анықтайды.
Қазақстанда абсолют биіктіктің бастапкы саны ретінде Кронштадт футо штогының нөлі қабылданған. Футшток дегенiмiз-бөліктері бар мыс такта, осы бөліктер бойынша теңiз денгейi есептеліп отырады. Кронштадт футштогының нөлдік бөлігі шамамен Балтық теңізінің орташа деңгейiмен дәл келедi.
Сурет №2
Картографиялық проекциялар
Проекцияларды құруға 2 элемент қатысады олар: жер фигурасы (жазықтық,сфера,сфероид) және ашылатын бет(жазықтық,конустық,цилиндр)-белгілі бір сызықтар бойымен кесу және созылмай тегіс жасалуы мүмкін бет.
Картографиялық проекциялардың ешқайсысы пішінді бұрмаламай үлкен аумақтарды сақтай алмайды.Бұрмалану түріне қарай проекциялар тең бұрышты,тең шамалы,тең аралық деп бөлінеді
Тең бұрышты:жергілікті бұрыштар барлық жерде шынайы,кішігірім формалар бұрмаланбай сақталады,аудан мен қашықтық бұрмаланған.
Тең шамалы бейнеленген объектілердің аудандары сақталады,бұрыштары мен пішіні бұрмаланған.
Тең аралық масштаб бір немесе бірнеше сызықтар бойымен сақталады немесе картадағы бір немесе екі нүкте мен әр басқа нүкте арасында нақты масштаб сақталады.
Ашылатын беттің түрі бойынша проекциялар:азимуталды, конустық, цилиндрлік деп бөлінеді.
Азимуталды проекцияның параметрлері-орталық нүктенің географиялық координаттары-ендік және бойлық. Азимутты картографиялық проекция-қалыпты тордың параллельдерiнде концентрлi шеберлер болатын картографиялык проекция: ал меридиандар-олардың радиусы параллельдердiн жалпы центрінен бойлық айырмашылығына тең бұрыштарда бөлінеді. Қалыпты азимутальды проекциялар полярлық елдердің карталары ушiн қолданылады. Көлденең және Қиғаш азимутальды проекциялар жер жарты шарларының,континенттердің,жұлдызды аспанның, Айдың және басқа планеталардын карталарында қолданылады.
Бұл проекция орталықтан нақты бағытты сақтай отырып, жеке көпбұрыштардың ауданын сақтайды,пішіні аз бұрмаланған, 2 пайыздан аз, нүктеден 15 градус радиуста.Осы шектерден тыс бұрыштардың бұрмалануы анағұрлым маңызды;бұл проекция дөңгелек немесе шаршы пішінді жеке жер учаскелерін картаға түсіру үшін жақсы.
Сурет №3 Азимуттық проекция
Конустық проекция.
Конустық проекция параметрлері: Орталық меридиан және Стандартты паралель
Конустық проекциялар орта ендіктерде орналасқан және созылған аумақтарды аймақтық картаға түсіру үшін қолданылады.Бұрынғы Кеңес Одағында бүкіл елді картаға түсіру үшін қолданылған.Ендік диапазоны 30 градусқа дейін шектелуі керек.
Сурет №4 Конустық проекция
Цилиндрлік проекциялар осы проекцияда сызылған кез-келген түзу сызық, дәл азимутты көрсетеді.Бұл сызықтар шынайы басқармалар румба сызықтары деп аталады және жалпы жағдайда нүктелер арасындағы ең қысқа қашықтықты сипаттайды.Навигациялық карталарды жасау үшін қолданылады.
Сурет №5 Цилиндрлік проекция
Қорытынды
Қорытындылай келсек, жоғарыда айтылғандай жердің пішіні мен оның проекцияларын зерттеу қаншама жылға созылған, көп жұмыс пен еңбекті талап ететін есептеулерді қажет етті.Осы жерді зерттеуде қаншама ғалымдар еңбек етті,көптеген тұжырымдар айтылды. Осылайша Жерді зерттеу өте ұзақ уақытқа созылған. Жердің проекцияларын зерделеу қазірде көптеген жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді.Мысалы:жерді игеру жұмыстарында,құрылыс жүргізуде,кадастр қызметінде және т.б өзге де жұмыстарда қолданылады.Ұшы-қиыры көрінбес үлкен Жер-ананың әлі ашылмаған қырлары жетерлік,ғалымдар күннен күнге бір жаңа құбылыстарды ашуда.Осы жерді зерттеуде жаһандануда озық тенологиялар қолданысқа енсе екен дейміз сонда адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі жақсара түсер еді.
Достарыңызбен бөлісу: |