2.4 Малды сойар алдында және сойғаннан кейін орындалатын операциялар Малды алғашқы өңдеу әр түлік малға (сиыр, қой, жылқы) арналған немесе ортақ жүйеде жүргізіледі. Ірі қараны (сиыр, жылқы, түйе, бұғы) өңдеу технологиясына орай малды сою және мүшелеу жұмыстары төмендегідей өндірістік үрдістерден тұрады:
Қойды сою да негізінен осы тәртіппен (есеңгірету, ұшаны бөлуден басқа) жүргізіледі.
Мал сою - бір-біріне жалғасқан әр түрлі технологиялық жұмыстардан тұрады. Оның ең алғашқысы малды есеңгірету және бауыздау болып табылады. Бұл жұмыстар кезінде малдан неғүрлым канды толық шығару, малды қинамау, сонымен қатар жұмысшыларды жарақаттанудан сақтау алғы шарт болып саналады. Малды есеңгірету оның қозғалыс қабілетін жояды. Ол малды аспалы жолға ілу, бауыздау кезінде тітіркену, ауырсыну қаупінен сақтайды. Ал аспалы жолға ілу қанның толық шығуына және кейінгі жұмыстарды жеңілдетуге жағдай туғызады.
Есеңгірету ірі қараға (сиыр, жылқы, түйе) қолданылады. Ал қой, ешкі есеңгіретпей-ақ бауыздалады. Қазіргі кезде малды есеңгіретудің әр түрлі жолдары бар: электр тогымен, механикалық жолмен, газ қоспасымен және басқа да химиялық заттар арқылы. Біздің елімізде ең кең тараған әдіс малды электр тоғы күшімен есеңгірету болып табылады. Ол электр тогын мал организмі арқылы өткізіп, электр наркозын туғызу, есеңгірету негізінен 3-5 минутқа созылады.
Ірі қараны электр тогымен есеңгірету. Кейбір ғалымдардың зерттеуі бойынша электр тоғымен есеңгіретудің әсерінен қан тамырлары сергектендіріліп, қанның толық шығуына жағдай туғызылады. Есенгіретудің бұл түрлерінің бәрінде де токтың әсер ету уақыты біршама. Сондықтан кейде ол қаңқа еттерінің қатты жиырылуын туғызады. Ол омыртқаның сынуына әр түрлі мүшелердің қанталауына әкеп соғады. Бұл кемістікті жою үшін токтың кернеуі - 300 В, ток күші - 2 А, жиілігі - 50 Гц болуы ұсынылады. Малға әсер ету уақыты 2-5 сек. Бұлай еткенде қанталау, сыну 2,6 есе азаяды.