Сабақтың тақырыбы: «Отбасы алтын дінгек»



Дата08.10.2024
өлшемі17,05 Kb.
#147141
түріСабақ
Байланысты:
04.09.2024ж Отбасы сынып сағаты


Күні

04.09.2024ж

Класс жетекші:

Апсалямова Тоты Амиргазиновна

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Отбасы алтын дінгек»

Сабақтың мақсаты:

Сынып оқушыларына отбасы тәрбиесінде ой салу, ата - ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын көтеру және жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу.

Құндылықтарды дарыту

Отбасын сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



а) оқушылармен амандасу
ә) сабаққа даярлықтарын тексеру
Ынтымықтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушылар өзара амандасып бір - біріне сәттілік тілейді.
"Әке- асқар тау,
Ана- етегіндегі бұлақ,
Бала-жасындағы құрақ" дей отыра бүгінгі сынып сағатымыз отбасы тақырыбына арналады.
Пайдаланған өсиет сөздер:
1. Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік (Абай)
2. Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі (Пушкин)
3. Кімде – кім ата – анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағала оның өмірін ұзартады (Мың бір хадистен)

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.


Компьютер
слайд
мақал – мәтелдер

Сабақ басы (13 мин)



Қадірменді ата – ана, “Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін” деп әлпештеп отырған перзентінің мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді десіз? Бірақ бүгінгі күні ата – анасын құрметтейтін, олардың алдындағы перзентік парызын орындамайтын, өз айтқанымен жүргісі келетін балалардың бар екені шындық.
“Тәрбие – отбасынан басталады” дейтін болсақ, біздің отбасындағы тәрбиеміз, қарым - қатынас мәдениеті қандай? Бүгінгі балаларымыз “махаббат майданында” жүрген қыздар мен жігіттер.

Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі)
а) отбасы бақыты – ол….
ә) бақыт дегеніміз — …..
б) борыш дегеніміз -…….
в) отбасы бақыты үшін мен…….
г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен……
(осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек)

слайд



Ортасы (20 мин)



Оқушыларға сұрақттар қойылады

 Оқушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады:
а) – ой, мама, қойызшы осы, сіз оны түсінбейсіз(осы сөздерді есту ата – анаға ауыр емес пе?)
ә) отбасы бақыты кімнің қолында(ананың, әкенің, балалардың)
б) мұны дұрыс істеген жоқсың, сол үшін анаң ұрсып жатыр. Ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, дұрыс істемегенің үшін сен кінәлісің бе?

Сұрақтар жазылған парақтар

Соңы



Сенің кез – келген жақсы ісің үшін алған қуанатын да анаң, кез – келген дұрыс емес ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің гүлдей болған ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүрегі ренішті де, ауруды да, қайғыны да бәрін – бәрін көтереді. Бірақ әрбір тырнаудың ізінен мәңгілікке жара қалып кетеді, осы ұмытпа. Оқушылар, сендерге осы жерде айтылған сөздер тек анаға арналды, яғни әкені ренжітуге болады деген ой тумасын. Анасын сыйлаған бала әкесін де сыйлайды (тақтада жазулы тұрған хадистен сөз оқылады)

Ата – аналарға берілетін сұрақ:
 балаңыздың “ой, қойшы мама” деген сөздері сізге ауыр тие ме? Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме?

Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі, ал ата – анаға тест беріледі. Сол тесттің сұрақтарына жауап беру арқылы ата – ана балл жинайды. Сол баллына қарап, бала тәрбиесіне байланысты бағыт – бағдар беріледі.


Оқушыларға берілген тапсырма:
Мына сандардың астында бір – бір әріп тұр, соны тауып сөйлетіп көр.

бейнежазба


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет