3. Реферат жұмысты таңдауға қатысты әдістемелік нұсқаулар
Реферат жұмысты орындауға дайындықты универсииеттің мамандандырушы кафедралары ұйымдастырады.
Мамандандырушы кафедралар реферат жұмыстың тақырыптарын жыл сайын өзгертіп, ғылым саласының қазіргі және болашақта даму деңгейінің талаптарына сәйкестілігі ескеріледі.
Кафедра студентке ұсынған тақырыптардың біреуін өз еркімен таңдауды талап етеді. Бұларға ең алдымен тақырыптың актуальділігі мен сол ғылым саласының қазіргі кездегі талаптарына сәйкестілігі жатады. Өткізілетін зерттеу жұмыстарына міндетті түрде қойылатын талап – оның жаңалығы.
Студенттік дипломық жұмыс түбегейлі ғылыми жаңалықтар ашуды көздемейді, олардағы зерттеулер, әдетте қарапайым болады, дегенмен студенттің қазргі даму деңгейі мен оның болашақ бағыттарын айқын түсінуі шарт. Бұл қарапайым болғанмен, өзбетінше жасалынатын, яғни бұрынғы шындықты қайталауіа жатпайтын, зерттеу жұмысының орындалуы үшін қажет.
Сонымен бірге студентке ғылыми талдау, жинақтау, қортындылау жасай алу талабы қойылады.
Орындалатын зерттеулерге қойылатын келісі маңызды талап – зерттеулердің тәжірибелік мәні, нақты қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жарамдылығы.
4. Студенттің реферат тақырыппен жұмыс істеу әдістемесі.
Жетекшісінен тапсырма алған студент реферат тақырыппен жұмыс істеуге кіріседі. Тапсырма бойынша талданылатын мәселелердің тізімін ескерте отырып, алдын ала керекті әдебиетпен танысудың, барлық мәліметтерді сараптаудың негізінде ол алда тұрған жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайды, күнтізбелік жоспарын жасайды. Кез келген зерттеудің мақсаты алған қойған мәселені шешудің бағытын сілтейді, ал міндеттер осы мақсатты нақтылайды. Реферат жұмысқа қатысты айтатын болсақ, мақсат пен міндеттерді айқындау арқылы оны орындаудың сенімді бағыты анықталады.
Күнтізбелік жоспар тапсырмада көрсетілген талаптарға сәйкес жұмыстың жеке кезеңдерінің орындалуының қисыны мен реттілігін және мерзімдерін белгілейді. Бұл мерзімдерді, әдетте, студенттер өздері шамалайды, жетекші қажетінше түзетулер жасайды. (мерзім зерттеу тақырыбының, мақсаттың және міндеттердің, жалпы уақыттың жұмысты аяқтауға бөлінген мөлшері мен қажетті материалдардың тәжірибелік сынақтардың күрделілігі сияқты нақты ерекшеліктерімен байланысты шарттарға тіреледі.
Күнтізбелік жоспардан басқа студент реферат жұмыстың мазмұнын және баяндаудың реттілігін көрсететін жоспар жасауы керек. Ол реферат жұмыстың жоспары немесе реферат шығарманың немесе реферат жұмысқа түсінік түсінік жазбаның жоспары деп те аталынады.
Реферат жобаның жоспары да күнтізбелік жоспары сияқты жұмысқа кіріскенде немесе кей жағдайларда ең алғашқы кезеңде, әдебиет және басқадай көздерді таңдаумен қатар жасалынады. Реферат жұмыс жоспарының бірінші нұсќасы бірнеше рет өзгертіліп, кейбір бөлімдері кеңейтіледі, нақтыланылады немесе қосымша мәліметтермен толықтырылады және тақырыпты мазмұндаудың түрі (стилі мен синтаксисі) де өзгертіледі. Жоспар қажетті материалдарды жүйеге келтіруге көмектесетіндіктен, оны міндетті түрде ќұрып, кейннен реферат жобаның ақтық мәтінін жазғанда негіз ретінде пайдалану керек, өйткені жоспарда тақырыптың барлық бөлімдері көрсетілген.
Реферат жұмыс зерттеуідің қарапайым түрі болғандықтын, студенттің ғылыми – зерттеу әдістерімен таныс болып, оларды қажетті деңгейде меңгеруін талап етеді.
Реферат жұмысты орындауға қажетті негзгі әдістер: әдеби және мұрағаттық тағы сол тектес көздерді білу; бақылау жєне өздігінен байқау, экспримент, жұмыс тәжірибесімен танысу, әңгімелесу; сауалнамалар мен сұхбаттасулар өткізу, сандық нәтижелерді математикалық әдістермен өрнектеу. Аталған әдістерді кешенді түрде пайдаланған тиміді, бірақ пәннің ерекшелігі мен нақты жағдайларға қарай олардың кейбіреулері басымдырақ қолдануы да мүмкін.
Реферат жұмыс керекті әдебиетті іріктеп алып, танысудан басталады. Реферат жұмыстың нұсқаларынада әдебиетті (оқулықты, оқу ќұралдарын, монографиялар, мерзімді жарияланымдар, шетелдік журналдар, нормаландыру әдебиетін т.с.с.) терең зерттеп білу талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |