Реферат компьютердің құрылғылары Орындаған: Сейтқазы Гүлстан азт-103 Тексерген: Таскалиева Ж. А



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#122536
түріРеферат
1   2   3   4
2.Жүйелік блок.
Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді. Жүйелік блок (Системный блок; сyстем блоцк) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар.


3.Пернетақта
Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқаруға арналған арнайы құрылғы. Әзірге компьютерге адамның дауысын таныту міндеті жеткілікті дәрежеде орындалған жоқ, сондықтан пернетақта – пайдаланылушылардың компьютерге әріптік – сандық ақпаратты енгізудің негізгі тәсілі болып келеді.
Қазіргі таңда кеңінен тараған Уіндоус-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден (клавиштен) тұрады, оның екеуі – Уіндоус терезелері бейнеленген пернелер. Пернетақтаның әр бір пернесі оймақтай (механикалық немесе мембраналық) ажыратып – қосқышқа арналған қақпақ болып табылады.
Пернетақтадағы шағын микропроцессор осы ажыратып – қосқыштардың қалып күйін қадағалап отырып, әр бір перне басылып, қайта жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды жөнелтеді, ал компьютердің (амалдық жүйенің) бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді.
Пернетақта 4 бөлікке бөлінген : әріптік сандық бөлік; жүгіргіні басқару және мәтіндік түзету пернелері ; жетелік пернелер; сандық бөлік. 
Пернетақта — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады. Пернетақтада мыналар бар: а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері; ә) кішкене цифрлық пернетақта; б) редакциялайтын пернелер; в) меңзерді басқару пернесі г) қызметтік пернелер; ғ) арнаулы пернелер. Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранға шыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет; 2) түрлі операцияларды басқару және мәліметтерді енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын белгілі бір тәртіппен орналасқан пернелер жиынтығы. Компьютердің пернетақтасы — үлгіқалыпты қосқыш орны бар және жүйелік тақшамен байланысқан тізбекті интерфейсі бар біркелкіленген құрылғы. Оларда 83 (84), 101 (102), 104 (105) немесе 122 перне болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет