РЕФЕРАТ
Межелік бақылау №2
Тақырыбы: «Биология сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру» Студент ДБ 201с
Қарастырылатын сұрақтар
1 Сабақтан тыс жұмыстардың маңызы
2. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері
3. Көпшілікке арналған сабақтан тыс жұмыстар
4. Топтық сыныптан тыс жұмыстар
5. Жалпы және жеке сыныптан тыс жұмыстың түрлері
6. Факультативтік сабақтар
Сабақтан тыс жұмыстар – оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың формаларының бірі, сабақтан кейін оқылатын курстың мазмұнына байланысты, міндетті, мұғалімнің тапсырмасымен жеке немесе топпен орындалатын практикалық жұмыстар.
Сабақтан тыс жұмыстар: биология кабинетінде; тірі мүйіс бұрышында; табиғатта, оқу-тәрбие үлескісінде жүргізіледі.
Мұнда тәжірибелер, бақылаулар жүргізіліп, гербарийлер, коллекциялар жасалынып, сабақта демонстрацияланатын тәжірибелерді жүргізуге дайындық болады. Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қажеттілігі, өйткені көптеген ұзақ мерзімді биологиялық бақылаулар сабақтың кестесінің аясына симайды. Кейде белгілі бір жұмыстарды жүргізу үшін микроскоптар мен препараттар жетіспейді. Сабақта тек қана бір микроскоппен препараттарды демонстрациялап, ал практикалық жұмысты сабақтан тыс уақытта жүргізеді.
Жұмыстарды орындау үшін оқушылар өсімдіктер мен жануарлар туралы арнайы әдебиеттерге, қосымша құралдарға, энциклопедияларға сүйеннеді, ізденеді. Сабақтан тыс жұмыстар негізінде оқушылардың білімдері кеңейіп, тереңдей түседі.
Сабақ пен сабақтан тыс жұмыстардың байланысы-биологияны оқытудың міндетті формасы болып кетті. Негізгі және басты форма – сабақты одан әрі бекітіп, жалғастырады.
Мектептің оқу-тәжірибе үлескісіндегі сабақтан тыс жұмыстар.
Үлескеде оқушылардың жұмыс жасауын ұйымдастыру. Педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәжірибе үлескесі және ондағы жұмыстардың оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде маңызы зор.
Мектеп үлескесі – бұл ашық аспан астындағы биологияның лабораториясы, практикалық сабақтар, тәжірибелер мен бақылаулар үшін алуан түрлі табиғи көрнекі құрал мен демонстрациялық, үлестірмелі материалдардың көзі. Мектеп үлескесін еңбекке тәрбиелеудегі ең басты звеносы деп қарастыру керек.
Әрбір сабақта оқушылар белгілі бір операциямен танысады (топырақта қопсыту немесе тыңайтқыш себу, ағаштар отырғызу т.б.)
Пәндәк жүйеде оқушылар топтар бойынша таңдап алынған тақырыптар бойынша таңдап алынған тақырыптар бойынша, белгілі бір өсімдіктермен жұмыс жасайды. Топырақты өңдеуден бастап, өнімді жинаумен аяқталады.
Осындай жұмыстарды ұйымдастыру негізінде оқушылар келесідей білімдер мен біліктерді алады.
Оқу – тәжірибе үлескелерінде педагогикалық тұрғыда ойластырған және жақсы ұйымдастырылған жұмыстар оқушылардың танымын арттырып, ұжыммен бірігіп жұмыс істеу мәдениетін тәрбиелейді.
Сыныптан тыс жұмыстар тҥрлері
Сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың еркімен сабақтан тыс уақытта мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін оқу әрекетін ұйымдастырудың бір формасы. Биологиядан алған білімдерін кеңейту үшін танымдық қызығушылықтарын арттыру үшін және шығармашылық әрекеттерін ояту үшін жүргізіледі.
Сыныптан тыс жұмыстардың мұғалімнің педагогикалық шығармашылығын арттыру үшін, сонымен қатар оқушылардың танымдық әрекетін арттыруда, бастысы оларды тәрбиелеуде маңызы зор.
Сыныптан тыс жұмыстардың барлығы бір принцип-тәрбиелеу арқылы оқыту ұстанады.
Сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырады.
Курсқа ерекше қызығушылықпен қатынастың оқушыларға мұғалім жас натуралистердің үйірмесіне біріктіреді. Жас натуралистердің жұмыстарының нәтижелерін сабақта, әртүрлі шаралар: конференцияларда, көрмелерде көрсетуге болады. Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстардың сабақпен тура және кері байланыс жүзеге асырылады.
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың тҥрлері
Топтық сабақтар
Ұжымдық
сабақтар
Жеке сабақтар
Жас натуралистердің үйірмесі.
Кабинетті жабдықтайтын «ассистенттердің» жұмысы.
Практикалық сабақтер және кинофильмдерді
демонстрациялау.
Табиғатқа экскурсиялар.
Ғылыми кештер мен конференциялар.
Оқушылардың жұмыстарының көрмесі.
Қабырға газеті, журнал, альбомдарды
шығару.
Тірі мүйіс бұрышында жұмыс.
Мектеп жанындағы оқу-тәжірибе.
Үлескесінде жұмыс.
Табиғатта жұмыс.Сыныптан тыс оқу.
Топтық сабақтар
Жас натуралистердің ҥйірмелері
Сыныптан тыс жұмыстардың ішінде басты орынды жас натуралистердің үйірмесі алады.
Үйірмеде жұмыс жүйелі түрде, қатысушылардың еркімен және тұрақты құрылымы, белгілі бір жоспары құрылады.
Мектепте бастауыш кластарда – жалпы жас натуралистердің үйірмесі, ал ортаңғы кластарда арнайы үйірмелер:
5-6 сыныптар жас ботаниктердің үйірмесі.
7-сыныптарда жас зоологияның үйірмесі.
8- сыныптарда жас физиологтардың үйірмесі.
9-10- сыныптарда жас биологтардың үйірмесі деп атауға болады.
Осылай сыныптарға бөлу оқушылардың білім деңгейлеріне және жас ерекшеліктеріне сай болады. Үйірмелерде жұмыс жасауда тәрбиелеу құралы ретінде қарауға болады. Үйірмеге қатысып жүрген кейбір үлгерім нашар оқушылардың кейін биологияға деген қызығушылығы туады, ал тәртібі нашар балалар өздерін тәртіпті ұстауға үйренеді.
Үйірмелерді оқушылардың саны көбіне 15-20 оқушы болады. Егер қатысамын деп тілек білдірушілер көп болса, онда 2 топқа бөлуге болады. Үйірме сабақтары аптасына 1-2 рет болады.
Үйірме жұмысын ұйымдастырғанда жалпы тақырыпқа сай, әртүрлі тәжірибелік жұмыстарды қосып, әдебиеттермен танысып отырып, жеке және ұжымдық жұмыс жасаудың алуан түрлі әдісі-тәсілдерін қолдануға болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың топтық түріне сонымен қатар оқушылардың еркімен ұйымластырылатын ассистенттер немесе лаборанттардың жұмысын жатқызуға болады.
Олар биология кабинетін жабдықтауға көмектеседі.
Оқушылар оқу құралдары, үлестірме материалдарын дайындацды, көзінің құралдары жөндейді, сабаққа көмекші құрал дайындауға мұғалімге көмектеседі.
Жалпы сыныптан тыс жұмыстар
Жас натуралистердің үйірмесі, биология кабинетінің ассистенттері тек қана оқушылардың белгілі бір тобын қамтиды. Ал барлық ұжымға тәрбие және білім беру процесін топтық жұмыстар арқылы ұйымдастыруға болады.
Жазда көп күндік ьиологиялық экскурсиялар жүргізу өте қызықты болады, оны оқушылар кейде экспедиция деп те атайды. Көпкүндік экспедициялар комплексті немесе арнайы болуы мүмкін.
Оқушыларды тәрбиелеудегі негізгі міндеттің бірі – оларды өз білімдерімен басқалармен бөлісуге үйрету. Ол үшін олар ғылыми әдебиеттерді сүйіп оқып, баяндамалар жасап, солар арқылы жолдастарымен пікір алысуы тиіс.
Ғылыми кештер және конференциялар ұйымдастырудың үлкен тәрбиелік, әрі танымдық маңызы зор. Әртүрлі биологиялық үйірмелер ұйымдастыруға болады. Мысалы күзде: «Жазғы жұмыстардың нәтижелері» атты көрме ұйымдастыруға болады, «Оқу – тәжірибе үлескесіндегі жұмыстардың нәтижелері» деген көрмелерді барлық биология курстарына ұйымдастыруға болады. «Жас натуралистердің үйірмесінің жұмысы», - көктемде «Оқушылардың жыл бойындағы өзіндік жұмыстары» атты көрмелер ұйымдастыруға болады. Көрмеге бірнеше оқушыларды экскурсияны жүргізуші қылып белгілеп қоюға болады. Көрмені бірнеше мектеп бірігіп өткізуге болады. Кейбір мектептерде журналдар мен қабырға газеттерін шығарады. Сыныптан тыс сабақтың жалпы түріне биологиядан кинофильмдерді демонстрациялауды жатқызуға болады.
Жеке сыныптан тыс жұмыстар
Сыныпта әр уақытта да кейбір оқушылар мұғалімнің өздері тапсырма алып, үйден не мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескісінде жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар үйлерінде тірі мүйіс бұрышын жасайды. Жеке сыныптан тыс жұмыста үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстарының өз еркімен жүргізілерін алуан түрлілігі болып табылады.
Сыныптан тыс оқу оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Мектептегі басқа да шаралармен бірге кітапқа деген тұрақты түрде қарым-қатынасты тәрбиелейді.
Бұл жас ұрпақты тәрбиелеудегі ең басты фактор болып табылады.
Шындығында да, кітап оқушының танымдық әрекетін дамытады.
Сыныптан тыс жұмыстар оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын жан-жақты қалыптастырып, өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді, практикалық біліктермен, олардың ойлау қабілетін және дүниетанымын дамытады.
Олардың мазмұны, әдістері сабақпен байланысты болады.
Сыныптан тыс жұмыстардың ішінде факультативтік курстардың орны ерекше.
Факультативті курстардың жалпы білім беретін орта мектептердегі міндеттері. Факультативті курстар мазмұндағы ерекшеліктер, олардың мектепте өткізудің әдістемесі.
Биологияны оқыту әдістемесіне биологиялық оқытудың жалпы әдістемесіне және жеке әдістемесі болып екіге бөлінеді. Биологиялық оқытудың жалпы әдістемесі мектепгі биология курсына құрылым мазмұнын, жүйесін және оның басқа пәндермен байланысын биологиялық ұйымдардың дамуын материалдық бағасының жалпы ұйымдасуын, әдіс- тәсілдерді оқытудың түрлерінің тәсілдері тәрбиелеу жүйесін қарастырады. Ол жеке әдістеме толық әдістеме мен тығыз байланысты. Биологияның жеке курстарын оқытудың әдістемесімен айналысады. Оқу материалының мазмұның жас ерекшелігіне байланысты
Негізгі әдебиеттер
1. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии
–М.: Просвещение 1987.
2. Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподования биологии М.; Просвещение 1985.
3. Мектеп бағдарламалары және оқулықтары
4. Н.И. Сонин, Ә.Қ. Қасымова «Биология»Тірі организм.Оқулық А.,2006
5. Н.И. Сонин,М.Р. Сапин , Ә.Қ. Қасымова «Биология»Адам Оқулық А.,2004
6. С. Г. Мамонтов, В.Б. Захаров, Н.И. Сонин, Ә.Қ. Қасымова Биология. «Жалпы заңдылықтар» Оқулық А., 2006
7. В. Б. Захаров,С.Г. Мамонтов, Н.И. Сонин, Ә.Қ. Қасымова Жалпы биология 10-сынып Оқулық , екінші басылым.А., 2006
8. В. Б. Захаров, С.Г. Мамонтов, Н.И. Сонин, Ә.Қ. Қасымова Жалпы биология 11-сынып Оқулық ,екінші басылым.А., 2006
9. Е.Очкур ,Р.Жұмабаева Биология 8 класс Әдістемелік нұсқау Алматы Мектеп 2008 ж
10. Қ.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлқызы, Қ. Жұмағұлқызы 6 -класс Биология Дидактикалық материалдар.Алматы «Атамұра» 2001 ж
11. Қ.Қайым ,Р.Әлімқұлова,Ж.Қожантаева,Р.Сәттімбеков Биология оқыту әдістемесі 7- класс Алматы «Атамұра» 2007 ж
Достарыңызбен бөлісу: |