Реферат метрология, стандарттау және сертификаттау Орындаған: Мұратбаев Ж. А. Қарағанды 2020



бет5/14
Дата29.09.2023
өлшемі43,12 Kb.
#111412
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ðåôåðàò ìåòðîëîãèÿ, ñòàíäàðòòàó æ?íå ñåðòèôèêàòòàó Îðûíäà?àí Ì?

Өлшеу нәтижесі – бұл физикалық шаманың өлшемімен табылған мән.
Ол мәндер былай бөлінеді:

  • физикалық шаманың ақиқат, шындық мәні;

  • физикалық шаманың анықталған мәні.

Өлшеу принципі дегеніміз, өлшеулер негізделген физикалық құбылыстардың жиықтығы.
Өлшеу әдісі – бұл өлшеу принциптері мен құрылғыларының қолданудың тәсілдер жиынтығы. Өлшеу құралдарын дайындау кемшілігі, олардың бөлшектерінің дәлсіздігі, әсер ететін физикалық шамалардың әсерлері, өлшеу өткізіп отырған оператордың қатерліктері, т.б. факторлар – бұл өлшеу қателігінің пайда болу себебі болып табылады.
Өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе жолымен шама мәнін табу. Мысалға объектінің ұзындығын, биіктігін және баска параметрлерін өлшеу құралымен анықтау.
Өлшеу принципі - өлшеу негізіне физикалық құбылыс немесе физикалық құбылыстар жиынтығы алынған. Мысалы, массасына пропорционалды ауырлық күшін таразыға тарту арқылы дененің массасын өлшеу, термо электрлік әсерді пайдаланып, температураны өлшеу.
Өлшеу қателіктері - өлшеу кезінде алынған X мәні мен өлшенген шаманың Q нақты мәнінің айырмасы. Өлшеу қателігі ∆=Х-Q өрнекпен анықталады. Өлшеу қателіктері, өлшеу әдістерімен кұралдарының жетілмегендігінен, бақылау шартының тұрақсыздығынан, бақылаушы тәжірибесінің жетіспеуінен және оның сезім органдарының ерекшеліктерінен құралады.
Өлшеу дәлдігі - нәтижелері өлшенетін шаманың нақты мәнге жуықтығын көрсететін өлшеу көрсеткіштері. Дәлдікті сан ретінде ықтималды қателіктің модуліне кері шамамен көрсетуге болады.
Өлшеу дұрыстығы - нәтижелердің жүйелік қателіктерінің нөлге жуықтығын көрсететін (шаманы қайталап өлшегенде бірқалыпты қалатын немесе бір заңдылыққа сүйеніп өзгеріп отыратын қателіктер) өлшеудің сапасы ретінде анықталады. Өлшеудің дұрыстығы, өлшеу жүргізілген бірліктің нақты өлшемі оның шын өлшемінен (анықтама бойынша) айрықшылығына байланысты, атап айтқанда, осы өлшеу түріне алынған өлшеу құралдарының таңдалу дәрежесіне байланысты. Өлшеу сапасының маңызды бір көрсеткіші оның ақиқаттығы; ол өлшем нәтижесіне сенімдiлiкті сипаттайды және оларды екі категорияға бөледі: сәйкес шамалардың шын мәнінен ауытқуының ықтималды сипаттамаларының белгілі немесе белгісіздігіне байланысты ақиқатты және ақиқат емес. Акиқаттығы расталмаған өлшеу нәтижелерімен бағаланбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет