СИ (SI) жүйесіндегі негізгі физикалық шамалар бірліктеріне келесілер жатады:ұзындық-метр (м), масса-килограмм (кг), уақыт-секунд (с), электр тогының күші-ампер (А), термодинамикалық температура-Кельвин (К), жарық күші-кандела (кд), зат саны-моль (моль).
Көрсетілуі қысқартылған орыс және латын әріптерімен берілген СИ жүйесінің негізгі бірліктері 1-кестеде көрсетілген.
Өлшем мен салмақ жөніндегі Бас конференцияның (01.01.80) шешімі бойынша негізгі бірліктердің анықтамалары:
Метр - 1/299792458 секундтың үлесінде жарықтың вакуумда өткен жолының ұзындығына тең ара қашықтық;
Килограмм - халықаралық килограмм массасының түпңұсқасына тең салмақ;
Ампер - бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан шексіз ұзын және дөңгелек қимасы өте кішкентай көлемді екі параллельді түзу, вакуумда 1 м аралықта өзара 2х107, Н әсер беретін күшке тең өзгермейтін тоқтың күшіне тең;
Кельвин - судың үш еселенген нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігіне тең температура;
Моль - массасы 0,012 кг 12 көміртегіндегі атомдар қүрамындағыдай элементтерден құрылған жүйе затының санына тең;
Кандела - жарық күшінің белгіленген бағытта шығарылатын монохроматикалық сәулеленуінің жиілігі540x10 Гц тең, осы бағытта жарықтың энергетикалық күші1/683 ВТ/ср тең жарық күші.
Хальқаралық бірлік жүйесінде екі қосымша - жазықты және дене бұрыштарын өлшейтін бірліктер бар.
Радиан(рад) - жазықты бүрыш өлшемі шеңбердің екірадиусының арасындағы бұрыштың, екеуінің арасындағы доғаның ұзындығы шеңбердің радиусының үзындығына тең. Градуспен өлшесек 1 радиан - 57°17' 44,811 Кесте 2.1 - СИ жүйесінің негізгі бірліктері