Реферат Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері
Қабылдаған: Жумабекова Р.Р.
Орындаған: Еркинбекова Асель
Тобы: 101-Б Фармация
Алматы 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Нейрондар туралы жалпы түсінік
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Орталық жүйке – жүйесі
Орталық жүйке – жүйесін зерттеу әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ Жүйке жасушалары немесе нейрондар немесе нейроциттер (гр. neuron, neurokytos; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Жүйке жасушалары — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.
Униполярлы нейроциттер — жануарлар эмбрионында,
Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары — жұлын түйіндерінде,
Мультиполярлы нейроциттер — мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.
Мультиполярлы нейроциттердің бір өсіндісі - аксон, ал қалған өсінділері — дендриттер. Биполярлы нейроциттерде екі өсіндісінің біреуі дендрит, ал екіншісі аксон. Униполярлы нейроциттің бір өсіндісі аксон (нейрит), ал оның дендритінің қызметін перикарион атқарады. Қызметіне байланысты нейроциттер: сезімтал, байланыстырғыш, қозғалтқыш нейроциттер болып бөлінеді. Сезімтал жүйке жасушалары ми және жұлын түйіндерінде, қозғалтқыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесі мүшелерінде және вегетативтік жүйке жүйесінің түйіндерінде, байланыстырғыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесінде орналасады. Жүйке жасушаларының негізгі қызметі - жүйке толқындарын қабылдап, өңдеп, тиісті мүшелерге өткізіп, қарапайым және күрделі рефлекстерді іс жүзіне асыру.