Реферат «Операциялық жүйе»


Windows операциялық жүйесінің даму тарихы



бет3/12
Дата18.11.2022
өлшемі38 Kb.
#51071
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ож

Windows операциялық жүйесінің даму тарихы
Windows операциялық жүйесі қолданушының дербес компьютерде жұмысын ыңғайлату үшін ойлап табылған. Оның пайда болуына дейін, кез-келген операциялық жүйе, қолданушыдан компьютердің басқару командалар тілін білуді талап еткен. Windows жүйелік ортаның бейнесін және онымен жұмыс жасау ережелерін өзгертті. Қолданушыға арналған қарапайым жұмыс ережелері бар ыңғайлы графикалық интерфейс пайда болды. Бірақ бұл өнімнің алғашқы версиялары суық қабылданып, қолданушылар арасында да, кәсіпкерлер арасында да үндес таппады. 1985-1990 жылдар арасында сұраусыз болған Windows, келесі бесжылдықта, MS-DOS операциялық жүйесінің алғашқы версиясының графикалық қабықшасынан Windows 95, Windows 98 және Windows XP версияларының толық операцияларық жүйесіне дейін өтіп, компьютерлік әлемнің бейнесін күрт өзгертті.
Microsoft компаниясы IBM дербес компьютерлеріне арналған графикалық қабықшаларды жасауды 1981 ж. бастады. Жұмыстың бірінші этапы 1983 жылдың сәуір айында Interface Manager программасымен аяқталды. Бірақ, өкінішке орай, бұл программа да қабылданбады. Тек 1985 жылдың маусым айында ғана Interface Manager программасы Windows 1.0. атауымен жарық көрді. Бұл вариант та алдыңғылар сияқты үндес таппады, бірақ бұл бағытта жұмыс жалғаса берді.
1987 жылдың қазан айында Windows 2.0. версиясы жарық көріп, үндес тапты. Жартыжылдың ішінде осы программаның бірінші миллион көшірмесі сатылды. Windows 2.0. үшін Microsoft Excel кестелік процессоры және бірқатар мәтіндік процессорлар, солардың ішінді Word 1.0. программасы жасалынды.
1990 ж. мамыр айында Windows 3.0. жарық көрді. Бұл версия қолданушылардың арасында тез үндес тапты. Windows 3.0.-да толық графикалық интерфейс қана болмай, сонымен қатар ол көпмәселелік режимін қолдады. Windows жүйесінің ең маңызды жақсы жағы – сырт құрылғылармен жұмысты үйлестіру: бұл жүйе қосымшаларға типті интерфейсті ұсына отырып, сырт құрылғылардың жұмысын ұйымдастырады. Компьютерді тышқанның көмегімен басқаруға мүмкіндік беретін, программалар диспетчері де (Program Manager) пайда болды.
Бірақ та Windows 3.0. жұмысының сенімділігі жоғары болған жоқ. Бұл кемсіздік 1992 ж. сәуір айында шыққан Windows 3.1. версиясында жойылды.
Сонымен, 1993 ж. қазан айында пайда болған, 3.11. жұмыс топтарына арналған Windows-тың версиясы, жергілікті желілерді күтетін программалық қамтамасыздандыруды орнатумен байланысқан, кіші кәсіпорындардың мәселесін шешті.
1995 ж. қыркүйек айында шыққан Microsoft Windows 95 операциялық жүйесі IBM PC компьютерлік платформасына арналған тұңғыш графикалық операциялық жүйе болды. Windows 95 жақсы жақтарының маңыздылығы, оның компьютерлік әлемдегі триумфты бастамасы болды. Бірақ бұл жүйені пайдаланған кезде, оның көптеген кемшіліктері шыға бастады, біріншіден жұмыс деңгейінің сенімділігі жоғары емес. Олардың көбісі Windows 95-тің OSR 2 атты модификациясында жойылды.
1998 ж. шыққан Windows 98 операциялық жүйесі маңызды деңгейде болашаққа бағғытталды. Оған, бұған дейін бөлек бөлек қойлыған, стандартты программалар комплектіне кіретін программалар өнімдері енгізілді. Маңызды деңгейде коммуникациялық мүмкіндіктер күшейді. Windows 95 пен Windows 98-дің бірдей тұжырымдамасына қатысты, олар орындалатын функцияларымен бір-біріне өте жақын және қолданушы жұмысына өте ұқсас интерфейстерді ұсынады.
2000 жылдың аяғында Windows 2000 ізбасары Windows Whistler деген кодты атауы бар операциялық жүйе кең тарады. Алдымен жетілдірушілер жаңа операциялық жүйенің желілік жұмысқа ғана бағдарын емес, сонымен қатар оның ішкі құрылғыларының жаңашылдығын көрсету үшін, оған Windows NET1.0 деген атауды беруге жоспарлаған. 2001 ж. жазына қарсы бұрынғы Whistler Windows XP деген атау алды. XP – ағылшын тілінен аударғанда тәжірибе, сынау дегенді білдіретін experience деген сөздің қысқартылған түрі.
Оның негізгі басқару құрылғылары – графикалық манипулятор және перне тақта. Бұл жүйе жеке компьютерді басқаруға арналған, бірақ шағын жергілікті компьютер желісін құруға арналған керекті құралдары және де компьютердің ауқымды желіге қосылуға арналған құрылғылары да бар.
Windows қасиеттері
көпмәселелік;
объектілі-бағдарлы үйлесімділік;
қолданушы графикалық интерфейс;
компьютерге жаңа құрылғылардың қарапайым қосылуы.
Көпмәселелік – бірнеше қосымшалардың жұмысын және қосылуын қамтамасыз етеді.
Объектілі-бағдарлы үйлесімділік – операциялық жүйенің элементтерін объект ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Объет онымен орындалатын операциялармен де мінезделеді.
Қолданушы графикалық интерфейс – объектілермен орындалатын жұмысты бірыңғайлатады және көрнекі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет