1.3 Windows операциялық жүйесінің негізгі элементтері Windows-тың экраны Жұмыс тақтасы деп аталатын жүйелі объект. Жұмыс тақтасы – бұл Windows-тың объектілері және оны басқару элементтері бейнеленген графикалық орта. Кәдімгі жағдайда Жұмыс тақтадан бірнеше экран элементтерін және тапсырмалар тақтасын байқауға болады.
Белгілер – Windows объектілерінің графикалық бейнелері, тапсырмалар тақтасы – басқарудың негізгі элементтерінің бірі.
Windows-та командалардың көптеген бөлігін тышқанның көмегімен орындауға болады. Тышқанмен тышқан сілтемесі деп аталатын белсенді басқару элементі байланысқан (бағыттама белгісі).
Файлдық жүйенің объектілері: Файл және бума Файл объектісі
Windows ортасында кез-келген файл, онда сақталынатын ақпараттың негізін көрсететін атауы бар объект ретінде қабылданады. Windows ортасында MS DOS ортасына қарағанда файлдың атауы ұзын бола алады және ол сандардан, қазақ, орыс, латын әріптерінен, әр-түрлі символдардан құрылуы мүмкін. Контексті менюді шақырып, «Свойства» командасын таңдап, файлдың жалпы қасиеттерімен танысуға болады.
Бума объектісі
Windows –тың файлдық жүйесінің келесі негізгі объектісі – бума. Windows бумасы, іс жүргізудегі құжат сақтайтын кәдімгі бума қызметін атқарады: ол құжаттарды ретімен сақтайды.
Бумаға, файлға сияқты атау беріледі. Буманың қасиетімен де файлдың қасиетімен сияқты контексті менюді шақырып «Свойства» командасын таңдап, танысуға болады.
Объектілердің белгілері және жарлықтары.
Белгі объектінің графикалық бейнесі болып табылады. Белгімен орындалатын мәселе, іс жүзінде объектімен орындалады.
Windows ортасында негізгі түсініктердің бірі – жарлық. Бұл сол жақ бұрышында қара бағыттамасы бар бейне.
Жарлық – бұл кез-келген бір объектінің сілтемесі, сол объектінің орнын көрсететін екінші бейне. Объект пен оның жарлығы әр түрлі жерде орналасады.
Жарлық өлшемі 1 КБайт файлда сақталынады. Оның жеңіл құрып, жоюға болады. Бұндай әрекет онымен байланысқан файлға ешқандай кедергі жасамайды.
Жарлықпен орындалатын әрекеттер, файлмен орындалатын әрекеттермен іспеттес (аналогичны).
Терезелер – графикалық интерфейстің объектілері.
Қолданушының жаңа графикалық интерфейсінің негігізін, жақсы ұйымдастырылған және ойластырылған терезелер және басқа графикалық объектілер жүйесі ұсынады.
Терезе – құжат, қосымша, мәліметтер бейнеленген, экран мониторындағы көмкерленген тіктөртбұрышты аймақ. Егер қолданушы тереземен жұмыс жасап отырса, ол терезе белсенді болып саналады.
Windows-тың жалпы тұжырымдамасы, жаңа қосымшаны қосқан кезде, бәрін жаңадан меңгермеу үшін, жұмыс тәсілдерін және элементтерін барынша қалыптаудан тұрады. Сондықтан терезелер структурасы барынша бірыңғайлатылған және қолданушы интерфейсі бірқалыпты.
Берілгендермен алмасу.
Жақын уақытқа дейін компьютер әлемінде берілгендер алмасуын, жедел жады және сырт құрылғылар арасында берілгендерді енгізу және шығару процесстері ретінде түсінген. Windows тұжырымдамасының пайда болғанынан бастап, берілгендер алмасуын берілгендердің бір объектілерден келесілерге өтуі ретінде түсіне бастады.
Мұндай объектілер – қосымшалар, бумалар, құжаттар, ал көшірілетін берілгендер – құжат үзінділері, құжаттар, файлдар, бумалар және т.б. болып табылады.
Сонымен, файлды немесе буманы көшіру нәтижесінде, олардың көшірмелері пайда болады, ал қосымшалар арасында берілгендермен алмасу нәтижесінде әртүрлі қосымшаларда қалыптасқан, үзінділерден жиналған құжаттар құрылады.
Windows ортасында берілгендер алмасуы «Алмасу буфері» немесе белгіленген объектіні тышқан көмегімен орнынан жылжыту арқылы орындалады.
Жұмыс үстелінің арнайы бумалары
Менің компьютерім – компьютердің дискілерінің мазмұнын көрсететін және файлмен, бумамен әртүрлі операциялар /программаны іске қосу, көшірме алу, жылжыту, файлдарды жою, және т.б/ орындауға мүмкіндік беретін арнайы папка.
Қоржын – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген, арнайы папка.
Портфель – әртүрлі компьютерлерде өңделген құжаттардың көшірмелерін келістіру үшін қолданылады.
Желілік орта – локальдік желіге қосылған компьютердің дискісінің мазмұнын қарау үшін және онда әртүрлі операциялар жасау үшін қолданылатын арнайы папка.
Тапсырмалар тақтасы - қосымшаларды іске қосу үшін және бір қосымшадан екінші қосымшаға ауысу үшін қолданылады. Тапсырмалар тақтасында Пуск батырмасы, екпінді қосымшалардың батырмасы және индикаторлар орналасады.
Windows-қа қандайда бір команданы орындау үшін, қосымша информация керек болған жағдайда Сұхбат терезе ашылады.
Жанама меню – объектіні басқару жөніндегі негізгі командалардан тұрады. Жанама мәзірді шақыру үшін объектінің үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет. Мысалы, тапсырмалар тақтасының үстінен тышқанның оң жақ батырмасын басса, екпінді қосымшалардың терезелерін басқаратын командалардан тұратын жанама мәзір ашылады. Жанама мәзірінің командалары да сол жақ батырма арқылы таңдалынады.
Қоржын/Корзина – барлық жойылған файлдар мен папкалардың тізімі көрсетілген арнайы папка. Жойылған бумалар мен файлдарды қалпына келтіру үшін: алдымен оны белгілеп, одан кейін Файл мәзірінен Восстановить командасын таңдау қажет. Ал бумалар мен файлдарды қоржыннан жою үшін: белгілеп, Delete пернесін немесе батырмасын басу жеткілікті. Қоржындағы барлық бумалар мен файлдарды жою үшін Файл мәзірінен Очистить корзину командасын таңдау керек.
Windows ож-нің негізгі элементі – терезе. Экранда көрінетін терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді.
Windows терезесі –Windows-тың әртүрлі программалары орындалатын экранның төртбұрышты аумағы. Әр программаның өзінің терезесі болады. Барлық терезенің құрамы және құрылымы бірдей болады.
Терезенің құрамына келесі элементтер кіреді:
1 – тақырып қатары – программаның аты және терезенің аты көрсетілген терезенің жоғарғы жолы;
2 – терезені жинап қою батырмасы;
3 – терезені қалпына келтіру батырмасы (бұл батырманың болуы терезенің қалпынан тәуелді);
4 – терезені жабу батырмасы;
5 – жүйелік меню батырмасы– терезенің жүйелік менюын ашады;
6 – менюлар қатары – терезені басқару менюларынан тұрады;
7 – саймандар тақтасы – жиі қолданылатын командаларды шақыратын батырмалардан тұрады;
8 – айналдыру сызығы – терезенің мазмұнын қарауға мүмкіндік береді;
9 – жұмыс өрісі – объектіні (текст, сурет, белгіше және т.б.) орналастыруға және олармен жұмыс істеуге арналған жазықтық;
10 – қалып-күй – қалыптың индикаторлары орналасқан төменгі жолақ;
11 – терезенің жақтаулары
Терезе экран бетінде үш түрде болады:
толық экранды – терезе экран бетімен бірдей болып ашылады; қалыпты– терезе экранның қандайда-бір бөлігін алып тұрады; жиналған – терезе жиналған күйде .
Терезені жабу: Қосымшамен (программа) жұмысты аяқтау үшін, терезені жабу қажет. Екпінді терезені келесі әдістердің бірімен жабуға болады:
терезені жабу батырмасын басу ;
пернеліктен Alt+F4 пернелер тобын басу;
Файл менюінен Выход командасын таңдау;
терезенің жүйелік менюынан Закрыть командасын таңдау (жүйелік меню батырмасын сырт еткізу).
Оларға қосымша, жүйе құрамында электрондық почтамен, факспен және желімен жұмыс істеуге арналған Интернеттің және ойын программаларының болуы мүмкін.
Windows-тың тағы бір ерекшелігі – Windows ортасында жұмыс істейтін түрлі қосымшалардың өзара әрекеттестігі. Мысалы, алмастыру буфері арқылы не өз терезесін пайдаланып бір қосымшаның берілгендерін екіншісіне ауыстыруға болады.
Кез келген ОЖ үшін файлдық жүйенің орындайтын іс-әрекеттері:
файл құру және оған ат беру;
каталог (бума) құру және оған ат беру;
файлдарды бір дискідегі каталогтардың бірінен екіншісіне не бір дискіден екіншісіне көшіру, іздеу;
файлды не каталогты жою;
автоматты түрде файлдың көшірмесін сақтап қою және т.б.
Windows ож-де файлдың атауы ең көп дегенде 255 символдан, кеңейтілуі 3 символдан тұрады. Атауы мен заты нүкте арқылы ажыратылады. Мысалы: Договор аренды.doc
Файлдың атауында келесі символдарды қолдануға болмайды: * ? \ / | : < > "
Файлдың атауының алдында оның затына байланысты белгіше тұрады.