Бiр балалы отбасы. Мұндай отбасылар қалады 53,6%, ал ауылдың жерде 39-40% құрайды. Мұндай отбасының әрбiр екiншiсi ажырасады. Бұдан бала санының аздығына байланысты отбасы ажырасады деп қарамау керек, ерлi-зайыптылар осылайша ұзақ уақыт бiрге тұра алмайтындықтан келесi баланы өмiрге әкелуге тәуекел етпейдi. Мұндай отбасыдан шыққан балалардың жан-жақты дамыған, моральды-психологиялық жақсы қалыптасқан адам болуы екiталай. Көптеген психологтар мен социологтар мұндай адамдарда жауапкершiлiктiң болмауы, еңбек сұйгiш еместiгi, жеке басып ойлаушылық, адамдармен қалыпты қатынас жасау алмауын көрсетедi.
2. Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.
3. Көп балалы отбасы-ұш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерiнiң кұнәсiнен болуы мұмкiн. Бұл жерде ананың еңбегi зор, сондықтан да қазiргi кезде әйелдердiң көпбалалыболуға ұмтылуы кем.
4. Толық емес отбасы. Мұндай отбасыда ата-ананың бiреуi ғана болады (көбiне жалғыз басты ана). Мұның себебi-ерлi-зайыптының бiреуiнiң қайтыс болуы, ажырасу немесе некесiз туылған бала, жалғыз басты әйелдiң бiреудiңбаласын асырап алуы т.б. Мұндай типтегi отбасы әлеуметтiк сапасыз, тиiмсiз. Мұндай отбасыдағы балалар көп уақыттарын ұйден тыс өткiзедi, себебi аналары жұмыста болады. 50% заң бұзушылар осындай отбасылардан шыққандар.
5. Жеке, қарапайым отбасы. Мұндай отбасыны балалы, баласыз ерлi-зайыптылар құрайды. Олар ата-аналарынан, туыстарынан бөлек, өздерiнше өмiр сүредi. Сондықтан да олар өз өмiрлерiн қалай құрғылары келсе солай жасайды.
Қазiргi кезде қоғамның әлеуметтiк институты сияқты отбасы дағдарысы да айқынырақ бола тұсуде, одан шығатын жол әзiр анық емес. Дағдарыс отбасы өз мiндетiн дұрыс жұргiзбегендiктен көрiнедi: ерлi-зайыптылық өмiрдiұйымдастыру, бала туу мен тәрбиелеу, халықты ұдайы өсiрiп отыру, жұмыс кұшiн көбейту. Қазiргi демографиялық жағдай неке-отбасылық қатынастарының дамуының мақсатты бағдарламасын талап етедi. Мұндай бағдарлама жастардың отбасылық өмiрге дайындығын, отбасы беделiн, оның тұрғын ұй және экономикалық жағдайларын, әр тұрлi функциядағы адамдармен отбасыда, қоғамда оптимальдi ұйлесуiн қамтиды.