Реферат Оқушылардың даму физиологиясы Тақырыбы: Жүйке жүйесінің дамуы



бет4/5
Дата14.03.2023
өлшемі154,83 Kb.
#74021
түріРеферат
1   2   3   4   5
Ми құрылысы мен қызметі
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300–1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы – мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі. Мидың ішінде ми сұйықтығымен толтырылған қуыстар болады. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады: 1) Үлкен ми сыңары; 2) Аралық ми; 3) Ортаңғы ми; 4)Көпір; 5) Сопаша ми, 6) Мишық.
1. Сопақша ми– жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы – сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5–3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Жұлынға қарағанда сопақша мидың рефлекстік қызметі күрделі.
2.Артқы миға – мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан  ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірдің өткізгіш доғасы үлкен ми сыңарларының қыртысын жұлынмен және мишықтың қыртысымен жалғастырады. Ми көпірінің жүйке жасушалары (нейрондары) беттің терісінен, тілден, ауыз қуысының кілегейлі қабықшасынан (дәм сезгіштік) келетін хабарларды қабылдайды. Есту, тепе-теңдікті сақтау мүшелерінен келетін ақпараттар (информация) ми көпіріне хабарланады. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан. Мишық – сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады.
3.Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.
4. Аралық ми – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т. б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді. Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.
Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жұлын (medulla spіnalіs) — адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцетниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап, жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара бастайды. Құстардың жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде жұлын күрделенген пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы – адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 – 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда жұлынның ұзындығы 41–45 см-дей, салмағы 26–28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады. Жұлында көптеген сомалық (тәндік) және вегетативтік рефлекстер доғасы тұйықталады. Осының нәтижесінде жұлын көптеген рефлекстерді атқаруға қатысады. Жұлынның әртүрлі бөліктерінде (мойын, кеуде, бел) бас, мойын, дене тұлғасы, қанат пен аяқ еттері қызметін, дене қимылын реттейтін орталықтар орналасқан. Сонымен қатар жұлынның көкіректік бөлігінде көз қарашығын кеңейтетін, қан тамырларын тарылтатын, ас қорыту жолының және басқа ішкі мүшелер әрекетін реттейтін вегетативтік орталықтар, ал құйымшақ бөлімінде - нәжіс шығару, зәр шығару және жыныстық рефлекстер орталығы орын тебеді. Жұлыннан біраз парасимпатикалық және барлық симпатикалық жүйкелер басталады. Осының нәтижесінде жұлын ішкі ағзаларда жүретін процестерді - тамырлар тонусын, ұлпалық зат алмасуды реттеуге қатысады. Жалпы жұлынның қатысуымен қорғаныстық рефлекстер, кереғар еттер рефлекстері, керілу рефлексі, висцеромоторлық, вегетативтік рефлекстер атқарылады. Рефлекстік қызметпен қатар жұлынның импульстерді өткізу қызметінің маңызы зор. Бұл жүйке талшықтарынан құралған ақ заттың өткізгіш жолдарының қатысуымен атқарылады. Өткізгіш жол деп құрылысы мен қызметі жағынан біртекті жүйке талшықтарының топтарын айтады. Олар жұлынды мимен және жұлынның әртүрлі бөліктерін бір-бірімен жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет