ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Көлік-энергетика факультеті
СИС-11
РЕФЕРАТ Пән атауы: Психология
Тақырыбы: ” Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру”
Орындаған: Бикенова Еркежан
Тексерген: Рыскулова Мадина
Астана 2023
Студент — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік жеке тұлға.
Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студент қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.
Студенттер - қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.
Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік бермейді. Ал ғылыми әдебиеттерде берілетін анықтамалар әртүрлі болып келеді.Психологияда 17—18, 25—26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студент үшін бұл кезеңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады.
Белгілі Кеңес Одағының психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.
Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі студенттердің дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады. Студенттердің бейімделуі білім берудің фундаменталді сурақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, студенттердің әлеуметтенуі. Жоғары оқу орнына студенттердің бейімделуінің сәтті болуынан студенттің мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады.
Бейімделу мәселесі психология және педагогика ғылымдарының ежелгі тарихынан келе жатқан мәселесі болғанымен де өзінің өзектілігін қазіргі күнге дейін жоғалтпаған. Кезкелген қоғамдық жағдайдың ерекшелігі халықтың көшіп-қонуымен көрінеді. Яғни жаңа ортаға қоныстанған жеке тұлғаның бейімделуі арқашан да өзекті мәселе болып табылады.
Қалалық және ауылдық қоғамның арасындағы ерекшеліктер арқашан байқалады. Демек, ауылдан қалаға келген студент жаңа ортаға келгенде бөтен қаланың өзіндік ережелерімен, құндылықтарымен, талаптарымен танысып, жаңа қоғаммен қарым-қатынасқа түсу олардың көз-қарасына, дүние-танымына бейімделуіне әсер етеді. Және де ауылдан қалаға оқуға келген студенттердің бірінші курста психологиялық өзгерістер байқалады. Бейімделу кезеңінде жаңа қоғам олардың жуйке-жуйесіне, мінез-құлқына әсерін тигізеді. Сондықтан да мұндай жағдайда студент бірінші курсқа келгенде жаңа ортада жаңа ақпараттарды қабылдауы мен қоғаммен қарым-қатынасқа тусуі төмен көрсеткішті көрсетуі мүмкін.
Студенттің білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы студенттермен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан профессор-оқытушылар құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен әсерін тигізеді.
Студенттік жас (18-25) адам өмірінің ерекше бір кезеңі. Оның ерекшелігінің өзі тұлға дамуының жалпы мәніне және негізгі заңдылықтарына сай 18-ден 25-ке дейінгі жас аралығы адамның кемелдену кезеңінде.
Студенттер-жоғарғы оқу орындарында ұйымдасқан, біріктірілген өзіндік ерекшелігі бар жастар қауымдастығы, ерекше әлеуметтік топ. Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Жеке істестік барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастық белсенділік ерекшеліктері тән. Студенттер үшін негізгі оқу формасы таңбалы контекстік болып табылады.
Әлеуметтік психологиялық тұрғыдан студенттер халықтың өзге топтарымен салыстырғанда білім деңгейінің, мәдениет мұраларын пайдаланудағы белсенділігімен және танымдық деңгейінің жоғарлылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар студенттер интеллектуалды және әлеуметті толысуы үйлескен, әлеуметтік белсенділігі өте жоғары топ болып сипатталады. Студенттердің осы ерекшеліктерінің негізі мұғалімнің әр студентке серіктесі тәрізді, тартымды тұлға ретінде қарап, онда педагогикалық қарым-қатынасты орната білуінде.Жеке істестік барысында студент белсенді, өздігінен өз ісін ұйымдастыра алатын, педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде қарастырылады. Оған танымдық және белгілі бір кәсіби бағытталған міндеттерді шешуі, қарым-қатынастық белсенділік ерекшеліктері тән. Студенттер үшін негізгі оқу формасы таңбалы контекстік болып табылады.
Адам өмірінің осы кезеңдегі дамуы, белгілі бір экономикалық тәуелсіздіктің қалыптасуымен ата-ана үйінен бөлініп жеке отбасын құруымен сипатталатын студент үшін, әлеуметтік-психологиялық зор маңызы бар.
Студенттік кезең адамның жан-жақты жетіліп тұлға ретінде қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл спорттық рекордтар, мәдени техникалық және ғылыми жетістіктерге қол жеткізетін айтулы шақ, адамның болашақ маман ретінде әлеуметтік белсенділігі артатын яғни жоғары мектеп мұғалімдерінің студенттермен қарым-қатынасы ерекшеленетін кезең.