Магистратура



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата12.03.2017
өлшемі1,49 Mb.
#9155
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕВРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

МАГИСТРАТУРА

«Педагогика және психология» кафедрасы

Магистірлік диссертация



АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

СТУДЕНТ ГЕОГРАФТАРДЫҢ ОҚУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ

ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

6N0103 «Педагогика және психология»

Орындаған _____________________________________ И.Е. Ербол

(қолы, күні)

Ғылыми жетекшісі______________________ А.М. Мүбараков, п.ғ.д, проф.

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

«Педагогика және психология»

каф. меңгерушісі

м.ғ.д., проф., Ю.А. Россинский__________________

(қолы, күні)

Павлодар  2011



1

2

Реферат

Диссертацияның көлемі мен құрылымы.

Диссертациялық зерттеудің құрылымдық элементі болып, сыртқы парағы,

анықтама, кіріспе, негізгі бөлім, 2 бөлімнен, 6 бөлімшеден, 8 кесте, 5 суреттен

тұрады, қорытынды және қайнар көздері жұмысын жазу кезінде пайдаланылған

әдебиеттер тізімі табылады. Диссертация 87 бетті құрайды.

Пайдаланылған әдеби деректердің, кесте саны.

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімін 100 атау құрайды.



Қайнар көздердің тізімі.

Қазақстан   Республикасының   жоғары   білім   стандарттары,   концепция,

монографиялар,   Қазақстандық   және   шет   ел   авторларының   ғылыми,   оқу

әдебиеттері.



Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Диссертациялық   жұмыс

 оқыту   үрдісінде   ақпараттық   және

коммуникациялық   технология   арқылы   студенттердің   оқу   белсенділігін

арттыру   мақсатында  университеттің  студенттеріне   арнап  педагоикалық

тәжірибе   жұмыстары   жүргізілді.  Ғылыми-зерттеу     нәтижесінде   анықталған

ақпараттық   және  коммуникациялық  технологияларды   білім   саласына   енгізу

студенттердің   зерттеу,   іздену   жұмыстары   сапасының  жоғарылауына   септігін

тигізетіндігі, оқу белсенділігінің артқаны баяндалады.

Негізгі сөздердің тізімі:  белсенділік, оқу белсенділігі,танымдық әрекеті,

ақпараттық қоғам.



Зерттеу обьектісі-жоғары мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу   мақсаты-   ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны

қолдану   арқылы   студенттердің   оқу   белсенділігін   арттыру   және   тиімді

педагогикалық жағдайларды анықтап, теориялық түрде дәлелдеу. 

Зерттеу әдістері-зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, әлеуметтік,

психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау, әңгіме, сауалнама,

эксперт әдісінің бағасы мен өзін-өзі бағалау, маңызына қарай бөлу, педагогикалық

эксперимент, үлгі, зерттеу нәтижесін статистикалық өңдеу әдісі.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 

- негізі   түрткі,   мазмұнды-операциялық   және   сезімдік-еркіндік   компоненттері

болатын   оқу   белсенділігін   дамытуға   бағытталған   ақпараттық   және

коммуникациялық технология қарастырлды;

- студенттің   оқу   белсенділігін   арттырудың   факторы   ретінде   ақпараттық   және

коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктері анықталды;

- ақпараттық және коммуникациялық технологияны студент-географтардың оқу

белсенділігін   арттырудың   факторы   ретінде   қарай   отырып   педагогикалық

жағдайлар дәлелденіп, көрсетілді.

3


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

5

1   БӨЛІМ   АҚПАРАТТЫҚ   ЖӘНЕ   КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯ

 

АРҚЫЛЫ

 

СТУДЕНТТЕРДІҢ

 

ОҚУ

БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ДӘЛЕЛДЕУ

10

1.1   Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   дамуының   тарихи

аспектісі

10

1.2 «Ақпараттық және коммуникациялық технология» ұғымының мәні



15

1.3   Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   оқу   белсенділігін

арттырудың құралы ретінде

26

2   БӨЛІМ   АҚПАРАТТЫҚ   ЖӘНЕ   КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯ

 

СТУДЕНТ

 

ГЕОГРАФТАРДЫҢ

 

ОҚУ

БЕЛСЕНДІЛІГІН   АРТТЫРУДЫҢ   ФАКТОРЫ   РЕТІНДЕ

ҚОЛДАНУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС 

34

2.1Жоғары   оқу   орындарында   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны қолдану мәселелері

34

2.2 Оқу белсенділігін арттыру жолдарын жүзеге асыру



58

2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстың нәтижесі



73

ҚОРТЫНДЫ

76

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

80

ҚОСЫМША А

86

4


КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі.  Адамзат қоғамы  постиндустриалді дәуіде өмір сүріп

жатқаны белгілі. Бұл дәуір жаһандану үрдісі қарқынды дамуымен сипатталады.

Жаһандану  –  әлемдік мәдени, және саяси, экономикалық интеграцияның үрдісі.

Мәдени жаһандануда әр түрлі елдер арасындағы мәдениеттер байланысы тән, бұл

дегеніміз   ақпараттарды   алу   мен   қарым-қатынас   мақсатында   Интернетті

пайдаланудың   өсуі.   Жаңа   дәуір   «ақпараттық   қоғам»,   «білім   қоғамы»   деген

атаумен белгілі, себебі білім мен ақпарат алдыңғы  қатарда.  Постиндустриальді

қоғамдағы адамзат үшін шексіз монотонды өндірістерде жұмыс істеу ғана емес,

қоғам үрдісіндегі тез өзгеретін жағдайларға байланысты сын тұрғысынан шешім

қабылдай   білу.   Жоғары   оқу   орындарындағы   тәжірибелік   жұмыстың   талдауы

студенттердің когнитивті дамуының жағдайы көңілге қонарлықтай емес. Бұның

барлығы  оқу  үрдісін   жетілдіруді  талап   етеді.   Бұл  жердегі   басты   концептуальді

жағдайлар біздің қөзқарасты анықтайды, яғни қазіргі қоғамдағы білімділік қарым-

қатынас,   оқу,  талдау,  жобалау,  шығармашылық   қабілеті   мен   сипатталады.   Бұл

дегеніміз   студенттердің   оқу   белсенділігін   қалыптастыруға   және   дамытуға

арналған.   Әлемдік   педагогикалық   кеңістіктегі   өзгерістер   жаһандық   ақпараттық

тенденциялармен   негізделеді,   педагогикалық   ғылымдардың   дамуына   жағдай

жасап және педагогикалық инновациялық үрдістерді бағыттайды.  Қазіргі таңда

бұл үрдістер біздің мемлекетіміздің білім саясатының приоритетті бағыты болып

табылады,   бұл   мемлекетіміздің   заңында   Қазақстан   Республикасының

Президентінің   Жарғысында   көрніс   тапты.   Қазақстан   Республикасы   тәуелсіз

мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған

өзгерістер  оның  барлық  салаларымен     қатар  мұғалімдік  кәсіби  қызметке  де  өз

ықпалдарын   тигізуде.   Заманауи   қоғамда   мамандардың   кәсіби-шығармашылық

деңгейіне,  өндіріс  пен  әлеуметтік  саладағы     ғылымдардың  жетістіктеріне  және

прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылатын талаптар

күшеюде   [1].   Бұған,   Елбасының   2010   жылғы   жолдауындағы:   «Жоғары   білім

саласы   ең   жоғары   халықаралық   талаптарға   жауап   беруі   тиіс.   Елдегі   ЖОО-лар

әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек.   2015

жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға

қарай  елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз

нәтижелерін беруге тиіс» - деген сөзі дәлел болады [2]. Осы бағытта  жасалып

жатқан   іс-шаралардың   бірі   -   Қазақстанның   Еуропадағы   қауіпсіздік   және

ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы,  еуропалық жоғары

білім беру аймағына енуді көздейтін  Болон процесіне қосылу туралы шешімнің

қабылдануы да  айрықша мәнді шара. Бұл оқиғаны  білім беру жүйесінде  көрініс

алған елеулі тарихи оқиға  десе  болады [62].

Білімді ақпараттандыру және оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беруде

технологияны белсенді қолдану байқалады.  

5


Білім  үрдісін  жетілдіру  кезіндегі  ерекше  ролді  қазіргі  таңдағы   ақпараттық

және   коммуникациялық   технологияның   құралдары   жатады.   Ақпараттық   және

коммуникациялық технологияның құралдарына  – есептік техника 

мен   микропроцесірде   жинақталған   бағдарлама,   бағдарлама-аппараттық   және

техникалық   құралдар   мен   құрылғылар,   сонымен   бірге   ақпаратты   алмастыру

жүйесі мен ақпарат алмасу, жинақтау операциясы, сақтау, өңдеу, ақпаратты беру,

локальдік   және   жаһандық   компьютерлік   желіден   ақпараттық   ресурстарды   алу

мүмкндігі. 

Зерттеп   отырған   тақырып   бойынша   философиялық,   әлеуметтік,

психологиялық-педагогикалық   әдебиеттерге   таладау   және   зерттеу   жүргізудің

нәтижесі көрсеткендей, әлеуметтік және экономикалық құндылығы бар идеялар,

теориялық   ережелер   жасалған,   әдістемелік   тәсілдер,   концепциялар,  заманауи

талаптарына   қарай   білім   беру   технологиялары   мен   әдістерін,   дүниетанымның

ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс

жасауды талап етеді. 

Заманауи   ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияларды   қолдану

негізінде   білім   беруді   жетілдіруге   педагогика   саласы   ғалымдарының   (Роберт

И.В. [3], Монахов В.М. [4], Кузьмина Н.В. [5], Талызина Н.Ф. [6], Полат Е.С. [7].

және т.б. еңбектер арналған. 

Қазіргі таңда географияны оқыту әдістемесі мен дидактикасы студенттердің

оқу белсенділігін арттырудағы зерттеу жұмыстары мен оқу үрдісін мәселелі оқыту

арқылы ұйымдастыруды қарастырады (Лернер И. Я. [8], Максаковский В. П. [9],

Панчешникова Л. М. [10] , Скаткин М. Н. [11], М. Махмутов [12] және т.б.)

Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында еңбек сапасына қойылатын

талаптың  күшеюіне   байланысты   еліміздегі   білім   беру   саласының   жетілдірілуі

жөніндегі бірқатар еңбектерді атап өтуге болады. Атап айтқанда білім беру жүйесін

ақпараттандыру   саласында   бірқатар   еңбектер   жарық   көрді.   Бұл   еңбектерде   –

білімді   ақпараттандыру   жағдайында   электрондық   оқулықтарды   пайдаланудың

педагогикалық   мәселелері,   қашықтан   оқыту   жағдайында   оқушылардың

ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру, білім беру жүйесін ақпараттандырудың

жалпы мәселелері (Нұрғалиева Г.К [13], Құрманалина Ш.Х. [14]  Сабиров Т [15])

білім   беруді   ақпараттандыру   жағдайында   электрондық   әдістемелік   жүйені

құрастырудың   әдіснамалық   және   технологиялық   мәселелері   жан-жақты

қарастырылған.  Бұл   аталған   ғалымдардың   еңбектерінің   нәтижелері   білім   беру

стандарттары   мен   оқытудың   бағдарламалық-әдістемелік   кешендерін   жасауда

негізгі қолданысқа ие болды.

Ақпараттық-коммуникациялық   технологияларды   адам   іс-әрекетінің   барлық

саласына   ендіру  білім  беруге қойылатын     жаңаша  талаптарды   айқындай  түсті.

Білім   беру   жүйесін   ақпараттандыру   туралы   мәселелерді   зерттеуге   жоғарыда

көрсетілген   ғылыми   әдебиеттерді   талдау   танымдық   операцияларды   басқару

үдерісіне, жоғары оқу орындары пәндерінің оқыту мазмұны, әдістері, орталары,

6


оқыту формалары, функциялары, психологиялық-педагогикалық сипатының жаңа

құрылымдарға ие болатындығын көрсетеді.

Философиялық,   психологиялық-педагогикалық   әдебиеттерге   талдау   және

бұл жұмыс барсында өткізілген эксперимент көрсеткендей белгілі бір деңгейде

теориялық және тәжірибелік негізі жасалғанына қарамастан география пәндерін

беслсенді оқытуда педагоикалық жағдай толық қанағаттандырылмаған. Сонымен

төмендегідей қарама-қайшы мәселелерді шешуді қарастырған:

-  жаңа   ойларды   жүзеге   асыра   алатын,   шығармашылыққа   қабілетті

тұлғаларға  деген қоғамның сұранысы жоғары,  бірақта  студенттердің  танымдық

қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық тәсілдердің толық жүзеге

асырылмауы;

- өсіп келе жатқан постиндустриальді қоғамдағы танымдық белсенділіктегі

тұлғаның   қажеттіліктері   мен   қалыптасқан   педагогикалық   жағдайлар,   оқу

үрдісіндегі тұлғаның белсенді шығармашылық өсуіне кедергі келтіреді;

- қазіргі қоғамдағы ақпараттық ағымдар көлемінің өсуі мен студенттердің

бұл   ақпаратты   игеру   икемділіктері,   меңгеруі,   талдау,   түзету,   және

шығармашылықта қолдану жеткілікті дамымаған. 

Осы   мәселелердің   өзектілігімен,   ғылыми   және   тәжірибелік

маңыздылығының   болуына   байланысты,   сонымен   бірге   теория   мен   тәжірибеде

жеткіліксіз   түрде   жүзеге   асырылуы    «Ақпараттық   және   коммуникациялқ



технологиялар   географ   студенттердің   оқу   белсенділігін   арттырудың

факторы»-деген зерттеу тақырыбын анықтады.

Зерттеу обьектісі-жоғары мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу   пәні-  ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   құралдары

арқылы   география   мамандығы   студенттерінің   оқу   белсенділігін   арттыруды

педагогикалық қамтамасыз ету.

Зерттеу   мақсаты-   ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны

қолдану   арқылы   студенттердің   оқу   белсенділігін   арттыру   және   тиімді

педагогикалық жағдайларды анықтап, теориялық түрде дәлелдеу. 

Зерттеу   гипотезасы-географ   студенттедің   оқу   белсенділігін   ақпараттық

және   коммуникациялық   технологияны   төмендегідей   жағдайда   тиімді   қолданып

арттыруға болады:

- сабақта ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану мен

әр   студентті   белсенді   танымдық   іс-әрекетке   бағыттау   және   студенттің   оқу

белсенділігін дамыту мақсатты бағытталған үрдіс ретінде;

-   ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияның   қолдануға   мүмкін

болатын құралдарын пайдалану арқылы, студенттің оқу белсенділігін арттыруда

біртіндеп қолдану;

- жоғары оқу орындарында сабақта ашық кеңістікті құру арқылы ақпараттық

және   коммуникациялық   технология   потенциалын   белсендіруді   қамтамасыз   ету

студенттердің   танымдық,   жобалау-зерттеу   және   тәжірибелік   әрекетін

педагогикалық қаматамасыз ету.

7


Қойған мақсатқа жету үшін келесідей зерттеу міндеттері қарастырылған:

1.   ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   географ-студенттердің

оқу белсенділігін арттырудың факторы ретінде мүмкіндігін анықтау.

2.   ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   фактор   ретінде

студенттердің оқу белсенділігін арттыруды тәжірибеде теориялық үлгісін жасау

және тексеру.

3.   ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   фактор   ретінде

студенттердің   оқу   белсенділігін   арттырудағы   ғылыми-әдістемелік   ұсыныстар

даярлау.

Зерттеудің   әдістемелік   негізін 

философиялық,   психологиялық,

педагогикалық   концепция,   теориялық   ереже   негізінде   жасалды.   Мұнда

«белсенділік»,   «оқу   белсенділігі»,   «танымдық   әрекеті»   ұғымдарының   мағанасы

қарастырылды.

Жоғарыда   көрсетілген   міндеттерді   шешуде   кешенді  зерттеу   әдістері



қолданылады  –   зерттеу   тақырыбы   бойынша   философиялық,   әлеуметтік,

психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау, әңгіме, сауалнама,

тест   алу,  эксперт   әдісінің   бағасы   мен   өзін-өзі   бағалау,  маңызына   қарай   бөлу,

педагогикалық эксперимент, үлгі, зерттеу нәтижесін статистикалық өңдеу әдісі.

Зерттеудің   эксперименталді   базасы:   Барлық   курстардағы   географ

студенттер.

Зерттеу жұмыстары 2009-2011 жж аралығында өткізілді.

Бірінші   кезең   (2009-2010   жж.)   –   зерттеп   отырған   мәселені   түсіну   және

теориялық   талдау,   зерттеудің   негізгі   позициясын   жасау,   ақпараттық   және

коммуникациялық   технологияны   пайдалану  арқылы   студент-географтардың   оқу

белсенділігін   арттырудағы   педагогикалық   жағдайды   анықтау,  теориялық   үлгіні

анықтау.


Екінші   кезең   (2010-2011   жж.)   –   зерттеу   мәліметтерін   жүйелеу   және

жалпылау, алынған нәтижелерді   сандық және сапалық өңдеу, студенттердің оқу

белсенділігін көтеруде ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар дайындау, диссертациялық

зерттеуді безендіру.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 

-

негізі   түрткі,   мазмұнды-операциялық   және   сезімдік-еркіндік   компоненттері



болатын   оқу   белсенділігін   дамытуға   бағытталған   ақпараттық   және

коммуникациялық технология қарастырлды;

-

студенттің   оқу   белсенділігін   арттырудың   факторы   ретінде   ақпараттық   және



коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктері анықталды;

-

ақпараттық және коммуникациялық технологияны студент-географтардың оқу



белсенділігін   арттырудың   факторы   ретінде   қарай   отырып   педагогикалық

жағдайлар дәлелденіп, көрсетілді.



Зерттеудің   теориялық   маңызы   –  студенттердің   танымдық   әрекетін

қамтамасыз ететін функциональді педагогикалық үлгі тұлға белсенділігінің негізі

ретінде   жасалады,   сонымен   бірге   компоненттер   мәнін   ашып,   ақпараттық   және

8


коммуникациялық   технология   арқылы  студент-географтардың  оқу  белсенділігін

арттыратын фактор ретіндегі жағдайы қарастырылады.



Зерттеудің   тәжірибелік   маңызы  -   ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны   арқылы   студент-географтардың   оқу   белсенділігін   көтерудің

ғылыми-тәжірибелік   ұсыныстары   жасалады.   «Қазақстанның   әлеуметтік-

экономикалық   географиясы»,   «Қазақстанның   физикалық   географиясы»,

«Құрлықтар   мен   мұхиттардың   физикалық   географиясы»,   «Әлемнің   әлеуметтік-

экономикалық   географиясы»,   «Метеорология   және   климатология»,

«Топырақтану», «Туризм менджменті», «Халықаралық туризм географиясы» оқу-

әдістемелік   кешенін   жасалды.   «Қазақстанның   әлеуметтік-экономикалық

географиясы»,   «Қазақстанның   физикалық   географиясы»,   «Құрлықтар   мен

мұхиттардың   физикалық   географиясы»,   «Әлемнің   әлеуметтік-экономикалық

географиясы»,   «Метеорология   және   климатология»,   «Топырақтану»,   «Туризм

менджменті»,   «Халықаралық   туризм   географиясы»   пәндері   бойынша   тест

тапсырмаларының базасы құрастырылды.

Зерттеу нәтижелерін іс тәжірибеге енгізу. 

Зерттеу   жұмысының   негізгі   қағидалары   «Қазіргі   білім   берудегі   құзіреттілік

амал»   конференциясында   («География   сабақтарында   ақпараттық   және

коммуникациялық   технологиялар   арқылы   студенттердің   құзіреттілігін

қалыптастыру»   тақырыбында   мақала);   ИнЕУ   хабаршысы   2010   ж   №4   санында

(«Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологиялар   студенттердің   оқу

белсенділігін   арттырудың   факторы   ретінде»   тақырыбында   мақала)   жарыққа

шықты.


Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

-

сутенттердің   оқу   белсенділігін   арттырудағы   ақпараттық   және



коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктері;

-

мотивациялық-мақсатты (мотив, мақсат, принціптер, міндеттерден), мазмұнды-



операциялық   география   сабақтарында   ақпараттық   және   коммуникациялық

технология   арқылы   студенттердің   оқу   белсенділігін   көтерудің   функциональді

үлгісі;

-

оқу белсенділігін арттырудағы педагогикалық жағдай.



9

1   БӨЛІМ     АҚПАРАТТЫҚ   ЖӘНЕ   КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ   ТЕХНОЛОГИЯ

АРҚЫЛЫ   СТУДЕНТТЕРДІҢ   ОҚУ   БЕЛСЕНДІЛІГІН   АРТТЫРУДЫ

ТЕОРИЯЛЫҚ ДӘЛЕЛДЕУ.

1.1 Ақпараттық және коммуникациялық технология дамуының тарихи 

аспектісі

Бүгінгі   таңда   әлемде   ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   кең

дамуда. Оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану

ешұандай да күман тудырмайды. Мультимедиа мен интернеттің қалыптасуы мен

дамуы   қарым-қатынас,   тәрбиелеу,   әлемдік   бірлестіктегі   интеграция     құралы

ретінде   пайдалануға   мүмкіндік   туды.   Алғашқы  ақпараттық   технология  жер

бетінде бірнеше миллион жыл бұрын пайда болды. Адамдар бір-бірімен дыбыс,

мимика,   әртүрлі   қозғалыстар   арқылы   сөйлесті.   Соңғысы   сөздің   дамуына

байланысты 100 мың жыл бұрын, алған ақпараттарын естеріне сақтай білді. 

Келесі кезең жазудың пайда болуы б.э.б. 5-6 мың жыл бұрын қоғамдық есте

сақтау қалыптасты. Ол ақпараттың толық өңделуі, берілуі, сақталу үрдісі жүрді.

Алғаш   рет   тарихта   ақпараттық   символика   тас   дәуірінде   тасқа   салынған   сурет

ретінде   –   пиктографиялық   хат   деп   аталды.   Қола   дәуірінде   ұғымдар   жүйесін

қайталайтын   бейнелер-идеограммалар   пайда   болды.   Бұлар   б.э.д.   4   мың

жылдықтың соңында суретті ироглифті хатқа айналды. Б.э.д. 3 мың жылдықта

Вавилонда қашап жазу пайда болды. Мұнда белгінің орналасуына байланысты

оның мәні белгілі болды. Есептеу жүйесінде 60 сандық жүйелік есептеу болды.

Ол   әлі   күнге   дейін   сақталды,   яғни   1сағатта-60мин,   1мин-60сек.   Есептеудің

вавилондық   жүйесі   миллионға   дейін   және   одан   көп   санап,   бөліммен   жұмыс

істеуге мүмкіндік берді. Б.э.д. IV ғасырда ежелгі Грецияда еркін өлшеуге арналған

белгілер пайда болды. Ежелгі римдіктер иероглифтерді есептеу белгілерінің негізі

ретінде   саусақтарды   белгіледі.   Рим   мәдениетінің   дамуына   байланысты   латын

әріптеріне ұқсас белгілермен ауысты. Үндістерден есептеу жолын алғаннан кейін

арабтар   сан   белгілері   –   цифрларды   алды.   Бұл   белгілер   қазіргі   сандарды   рет

ретімен жазуды қалыптастырды. Ақпараттық және коммуникациялық технология

дамуына   әсер   еткен   келесі   саты   сазды   тақтайшалардағы   сызықты   буынды

хаттардың   пайда   болуы.   Осы   уақытта   аккадтық   (вавилон)   тілі   халықаралық

қатынас пен сауда саттықта ұлттық шекте оған коммуникациялық және термин

қалыптастырушы түр берді. Осы жылдағы жаңа кезең IX-Xғ.ғ фин алфавитінің

пайда болуы.  Еуропада  жазу символикасының аяқталуы  XV  ғ. келеді. Ол қазіргі

кездегі пунктуацияның пайда болуымен байланысты. Тілдің жетілуі ежелгі грек

ғылыми   түсініктердің   пайда   болуымен,   артық   ақпараттың   жойылуына   әкелді.

Математикалық символика математикадағы фундаментальді ашылулар мен терең

зерттеулерге нәтижесінде дами түсті:

- жетілген алгебралық символ -XIV-XVII ғасырларда,

- қосу, алу, көбейту әріптің пайда болуы -XV ғасырда

10


- тең, шексіздік, алым, түбір, логарифмдер 1718 жылы, 

- синус, косинус, тангенс 1748-1753 жылдары пайда болды.

Техникалық графиктердің пайда болуы ерте жазудың нәтижесінде қалыптасты.

Техникалық   графикалық   құжаттар   күрделі   обьектілерді   салу   нәтижесінде

қалыптасты (пирамида, сарай, шахталар), б.э.д 3-2мың жылдықта (ежелгі Египет,

Вавилон)   және   б.э.д   1   мың   жылдықтың   ортасында   алғашқы   механизмдер   мен

алғашқы өлшеу құралдары пайда болды. Техникалық графиктердің жетілуі қайта

өрлеу дәуірінде күрделі кинематикалық машиналар, механизмдердің құрылуы мен

ірі   қалалардың   салынуымен   байланысты.   XVIII   ғасырда   энергетикалық

революция   кезеңінде   техникалық   графика   бу  қозғалтқыш,   автономды   жұмыс

машиналарын  жасауда негізгі аспап болды [16].

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   пайда   болуы   ақпараттық

технология құралдарының жетілуіне байланысты. Олар адамдарда сөздің пайда

болуымен байланысты. Бұл фаза технологиялық өркениет тарихындағы алғашқы

ақпараттық   жарылыс   ретінде   есептелінді.   Ақпараттық   жарылыс   дегеніміз   -

ақпаратты   тасымалдайтын   құралдарың   жетілуі:   тастағы   жазулар,   б.э.д   4   мың

жылдықта сазбен тақтайшаларға жазылған мәліметтер. Папирустың б.э.д 3 мың

жылдықта ақпарат тасыушының ауқымы кеңейіп, әр түсті қолдануға мүмкіндік

болды.   Пергаменттің   пайда   болуы   б.э.д   ІІІ   ғасырда   жаңа   ақпараттық   жарылыс

қағазға   дейінгі   фазаны   аяқтады.   Енді   ақпаратты   тасымалдайтын   ең   тиімді

тасымалдаушы - кітаптың пайда болуы б.э.д IV ғасыр.

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   сапалы   жаңа   сипаттамасы

ежелгі   Римдегі   ірі   мемлекеттерінде   (Греция,   Парсы,   Қытай,   Рим)   мемлекеттік

пошталық   байланыс   қалыптасуы.   Жазба   ақпараттар   атшабарлар   арқылы

жеткізілді.   Ежелгі   Грек   қала-полистерінің   пайда   болды.   Ондағы   кітапханалар

папирус орамдарындағы алғашқы  ақпараттар берудің  орталығына айналды.  XV

ғасырда Константинополь құлағаннан кейін қашқындармен бірге ежелгі грек және

латын   кітаптары   батыс   европаға   көшіріледі.   Мұнда   негізі   ақпарат   көздері   -

жинақталған   білім   көзі   болады.   Бұл   қағаз   коммуникациялық   технологияның

дамуына   әсер   етті.   Ақпараттық   коммуникациялық   технологияның   дамуы   X

ғасырға келеді.

Жаңа жазба – көне түрік әліппесі – түріктердің арасында VII ғасырдың бірінші

жартысында   пайда   болған.   Әліппе   алғашында   бір-бірінен   бөлек   жазылатын

геометриялық  белгілерден  құрылып,  37  немесе   38  әріптен  тұрған,   оның  соңғы

әліппесінен   айырмашылығы   ағаш   пен   тасқа   жазумен   қолайлылығымен

ерекшеленеді [17].

 Кәсіби білімді ақпараттық және коммуникациялық технологиямен қамтамасыз

етуді   жүйелі   зерттеудің   30   жылдық   тарихы   бар.   Осы   кезеңде   АҚШ,   Франции,

Жапония, Ресей және басқа елдердің оқу мекемелерінде есептегіш машиналардың

әр түріне бағытталған. XX ғасырдың 90 жылдарының басында Ресей мен ТМД

елдерінде   есептегіш   машиналармен   жұмыс   істеу   бойынша   курстар   ашылды.

Жалпы   білім   беру   мен   кәсіби   дайындықтың   екінші   кезеңінде   адам   әрекетінің

11


барлық   салаларында   (ғылым,   білім,   техника,   экономика)   компьютермен

қамтылды.   80   жылдардың   басында   білім   саласында   –   интелектуалды   оқыту

жүйелері деген жаңа бағыт қарқынды дами түсті. Оның жан-жақтылығы сандық

жүйені әр түрлі шолып байқау арқылы анықталып, оқудың жаңа мүмкіндіктері

пайда болды [18]. 

  Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологиялар   арқылы   студенттер

мәтінмен   жұмыс   істеуге,   графикалық   обьектілер   құруға,   электронды   кестелер

құруға   үйренеді.   Студенттер   ақпарат   жинаудың   жаңа   тәсілдерімен   танысып

дүниетанымы   кеңейіп,   өздік   жұмысының   тиімділігі   артады.   Ақпараттық   және

коммуникациялық   технологияны   сабақта   қолдану   барысында   оқуға   деген

қызығушылығы   қалыптасып   көзқарасы   кеңейеді.   Ақпараттық   және

коммуникациялық технологиялар мен бірге білім саласында, оқу әрекетінде және

шығармашылық   жұмыста   жаңа   мүмкіндіктер   ашылады.   Ақпараттық   және

коммуникациялық   технологияны   пайдалану   арқылы   тұлғаның-танымдық,

адамгершілік-құлықтылық,   шығармашылық   және   эстетикалық   потенцияларды

жүзеге асыруға тырысады. Бұл потенциалды  жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін

педагогикалық құзыреттілікпен қамтамасыз ету қажет. Ал құзіреттілікті дамыту

үшін студенттерді жоғары оқу орындарында бастау керек. Ғылыми техникалық

прогресс   халық   шаруашылығының   техникалық   қайта   жаңғыруы   мен   әр   түрлі

салаларда теника мен технологияның қолданлуымен ерекшеленді. Қазіргі уақытқа

тән құбылыс өндірісте жаңа технологияның және жаңа құралдардың пайда болуы

мен ғылымның  соңғы  жетістіктерін  пайдалану. Ғылыми-техникалық  прогрестің

өзгеруінің   барысында   өндірісте   жаңа   машиналар   мен   технологияны   пайдалану

интелектуалды еңбек өнімділігін арттырып, жұмысшылардың кәсіби жылдамдығы

мен   шығармашылығының   жоғары   болуы   студенттер   білім,   икемділік,   дағды

жүйесінің қайта жаңғыруына әсер етуде [18]. 

Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік

дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау

оқытушының басты міндеті. Белсенділік – адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайы.

Тіршілік   және   іс-әрекеттері   барысында   адамның   қарым-қатынас   жасау,  таным

және   өзін-өзі   белсенділігі   дамиды.   Студенттер   белсенділігінің   алғашқы   түрі-

қарым-қатынас   жасау  белсенділігі.   Адамның   еңбекте   және   адамдармен   қарым-

қатынаста   көрсеткен   белсенділігіне   қарап   оның   қоғам   және   ұжымға

жарамдылығын жете анықтау оқытушының басты міндеті. Белсенділік студенттің

іс-әрекеті   негізінде   жүзеге   асуы   керек.   Е.И.Мащбиц   өз   еңбегінде   «білім   –

тұлғадағы   өзгеріс   және   ол   өзінің   мақсатқа   бағытталған   белсінділігінің

нәтижесінде   жүзеге   асады»   деп   көрсетті.   Білім   жүйелі   және   көп   байланысты

болып   табылатын   информатикада,   бұл   нақты   көрініс   табады.   Белсенділік

түрлерінің пайда болуы өзін-өзі бақылау, өзінің тапсырмаларымен жұмыс істеу

кезінде және т.б.жағдайларда көрінеді.   Белсенділік іс-әрекетті тұтынушы ретінде,

оның   мақсатын,   бағытын,   себебін   анықтайды.   Белсенділіктің   негізгі

компоненттері   болып:   бастама,   жауапкершілік   және   өздігінен   жұмыс   істеу.

12


Белсенділік пен қандайда істі бастау өзара байланысты, қандайда бір істі бастау

тұлғадағы   шығармашылықтың   бастамасы.   Оның   тұлға   белсенділігімен   тығыз

байланыста   екенін   философия   бағыттарының   өкілдері   өздігінен   және   тәуелсіз

мәселелері   қарастырылады.   Осыдан   белсенділік   төрт   негізгі   тиімді   жақтан

қарастырылады:

- тұлға белсенділігі мынадай мақсаттарды қоюмен байланысты, оның еркін

және барлық мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсете алады;

- белсенділік   тұлғаның   әлеуметтік   ортамен   жалпылама   түрде   байланысы,

күрделі ұжымдық жүйе және тұлғамен қарым-қатынас үрдісінде, тұлғалық қарым-

қатынас қалыптасады;

- белсенділік тұлға қасиеті ретінде де қарастырылады, ол оның ішкі еркіндігі

мен   іс-әрекеттің   сыртқы   қажеттіліктерінен   субьектінің   еркін   жүзеге   асыруға

айналады;

- белсенділік   тек   қана   өзектілігімен   әлуеттік   жағдайда   да   болады,   яғни

тұлғаның ішкі жағдайы ретінде, оның еркіндігінің әлуеттік шарасы [19].

Э. Фромманың ойынша «белсенділік – арнайы мақсатта жүзеге асырылатын

әлеуметтік   тұрғыдан   сенімді   мінез-құлық,   нәтижесінде   әлеуметтік   ортадағы

пайдалы өзгерістер» [19]. В.И. Кремянским белсенділікті тұлға бойындағы қасиет

емес, үрдіс ретінде қарастырады, яғни бұның барысында материяның қозғалыс

түріне   байланысты   физикалық,   химиялық,   биологиялық   және   әлеуметтік

белсенділік   деп   бөлінеді   [20].   П.А.   Бернштейн   концепциясында   белсенділік

оқиғалардың   болжанған   тенденциясы   ретінде   анықталады   [20].   М.И.   Лисина

педагогикада   қолданатын   «белсенділік»   ұғымы   іс-әрекетке   дайындығы   деп

қарастырады [20].

Белсенділік   биологиялық   тұрғыдан   қоршаған   ортадағы   жағдайға   қатысты

алғандағы барлық тірі ағзалардың жалпы сипаттамасы. Ал адамдарда қоғамдық

өмірде   энергиялық,   қарқынды   іс-әрекетте,   еңбек,   оқу,   спортпен   түрлерімен

айналысқанда   көрінеді.   Белсенділікке   қатысты   әртүрлі   анықтамаларды   ескере

отырып,   студенттің   іс-әрекет   субъектісі,   тұлға   ретінде   қалыптасуы   мен

тұрақталуының   маңызды   механизімі   деп   толық   айта   аламыз.   Тәжірбиеде

көрсетілгендей   оқу   үрдісі   кезінде   байқалатын   белсенділік,   оқу   жұмысының

қарқындылығы   студенттің   оқуға   деген   қызығушылығы,   ынтасының   пайда

болуының   көрсеткіштері:   студенттің   өздік   жұмысын   орындауы,   жұмысты

орындауда   өзін-өзі   көрсетуі,   жұмысты   орындау   деңгейі.   Білім   беруді

ақпараттандандыру  процесі   пән  мұғалімдеріне,   әдіскерлерге,   білім  мекемелерін

басқарушыларға   жаңа   ақпараттық   технологияны   өз   қызметтеріне   жан-жақты

пайдалану   саласына   үлкен   талап   қояды.   Ақпараттық   және   коммуникациялық

технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның

мүмкіндіктерін   әлемдік   білімдік   ортаға   енудегі   сабақтастыққа   қолдану   негізгі

мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық

қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру

қазақстандық   білім   беруді   сапалы   деңгейге   көтерудің   алғы   шарты.Білім   беруді

13


ақпараттандыру   жағдайында   педагог   мамандардың   біліктілігін   арттыру  процесі

қазіргі заман міндеті.                                 

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   электрондық   есептеуіш

техникасымен   жұмыс   істеуге,   оқу   барысында   компьютерді   пайдалануға,

модельдеуге,   электрондық   оқулықтарды,   интерактивті   тақтаны   қолдануға,

интернетте   жұмыс   істеуге,   компьютерлік   оқыту   бағдарламаларына   негізделеді.

Ақпараттық   әдістемелік   материалдар   коммуникациялық   байланыс   құралдарын

пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді [21]. 

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологиялардың   келешек   ұрпақтың

жан-жақты   білім   алуына,   іскер   әрі   талантты,   шығармашылығы   мол,   еркін

дамуына   жол   ашатын   педагогикалық,   психологиялық   жағдай   жасау   үшін   де

тигізер пайдасы аса мол. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс

қоғам   өмірінің   барлық   салаларын   ақпараттандырудың   ғаламдық   процесінің

негізіне айналды. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуға

және   оның   қарқынына   экономиканың   жағдайы,   адамдардың   тұрмыс   деңгейі,

ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді

болады.   Тұтас   дүние   қалыптастыру   мен   қоғамдастықтар,   жеке  адам   мен   бүкіл

дүниежүзілік   қоғамдастықтың   өмір   сүруі   үшін   жаңа   жағдайларды   қамтамасыз

етуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім

беру   саласында   электрондық   байланыс   жүйелерінде   ақпарат   алмасу,  интернет,

электрондық   пошта,   теле-конференция   телекоммуникациялық   жүйелер   арқылы

іске асырылуы керек. 

Заман   ағымына   қарай   ақпараттық   технологияларды   қолдану   айтарлықтай

нәтижелер   беруде.   Кез   келген   сабақта   электрондық   оқулықты   пайдалану

оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау

жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологиялардың   бәсекеге   қабілетті

ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік

ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.  

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны   сабақта   пайдаланудың

мақсаты: 

-

үйренушінің   шығармашылық   әлеуетін   дамыту;   коммуникативтік



әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын

дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;

-

оқу-тәрбие   үрдісінің   барлық   деңгейлерін   қарқындандыру,   оның



тиімділігі мен сапасын арттыру

-

қазіргі   қоғамның   ақпараттануымен   байланысты   пайда   болатын



әлеуметтік тапсырысты өткізу. 

Оқытушының   ақпараттық   және   коммуникациялық   технологияны   пайдалану

жөніндегі   қызметі   табиғатының,   оның   мақсаттарының   уәжінің   өзінің   сапалық

өзгеруі оқыту мақсатында пайдалану дағдысына әсер ету жолымен болуы мүмкін. 

Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология   пайдаланудың   мәні

14


компьютерлік   техниканың   мүмкіндіктерін   баланың   жеке   тұлғасын   дамыту

проблемасының   маңына   топтасқан   дидактикалық   -әдістемелік   мәселелік

міндеттерді   шешуге   бағындыру   болып   табылатындай.   Сондай-ақ   педагогтың

компьютерік   сауаттылығы   Ақпараттық   және   коммуникациялық   технология

пайдаланудағы   жеке   тәжірибесін   тұжырымдау   есебінен   сапалы   түрде   артады.

Қазіргі   жағдайда   педагогтардың   ақпараттық-коммуникациялық   құзырлылығы

кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады.  Білім

 

беруді



ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын ажырата білу керек.

Соңғысы компьютерді тек  оқытуда  пайдалану  аумағын  қамтиды.  Бұл жағдайда

компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен жаңа

білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу,

әр түрлі ойындар, т.б. оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы

болуы   мүмкін.   Яғни   оқытуда   компьютердің   екі   бағыты   болады.   Бірінші   бағыт

бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әр түрлі жағдайларда

пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт

бойынша компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті

құрал болып есептеледі [21]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет