Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Пән:Философия
Тақырыбы: К.Амстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» еңбегін талдау.
Орындыған:Жиренбай Құралай
Кәсіптік оқыту(тоқыма және сән дизайн)
Тексерген: Джанкадыров С.
Жоспар:
І. КІРІСПЕ
1. , Карен Армстронгтың «Құдайтану баяны» кітабы туралы
2. Прагматизм философиялық ағым ретінде
3. Прагматизмнің маңызды философтары:
II.Қорытынды
III.Пайдаланган адебиеттер
«Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» - бұл ежелгі әлемнің діндері, монотеизмнің пайда болуы, иудаизм, христиан және мұсылман идеяларының біртіндеп дамуы мен өзгеруі туралы баяндайтын әлемдік ғылыми және білім беру әлемінде өте танымал кітап.
Кітаптың авторы - жетекші британдық дінтанушы, философ және публицист Карен Армстронг. Кітаптың пайда болуының негізі автордың өмірбаянының парақтары болды - Оксфорд университетінің Сент-Анна колледжінің студенті, содан кейін католик монастырында тұратын қыздан, монах рәсімен бас тарту, монастырдан кету және зерттеушінің шақыруына келу, көптеген кітаптар жасау. 1993 жылы оның бүкіл әлемге әйгілі болған «Құдай тарихы» кітабы жарық көрді. Содан кейін дін туралы әйгілі кітаптар жасалды: «Құдай үшін шайқас», «Қасиетті соғыс», «Ислам», «Будда», «Ұлы өзгерістер» және басқалар. Карен Армстронгтың жұмыстары 45 тілге аударылған. Ол АҚШ Конгресі мүшелерінің алдында, АҚШ Мемлекеттік департаментінің алдында сөз сөйлеген, БҰҰ Өркениет альянсының елшісі болып табылады.
«Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында «Жаңа гуманитарлық білім: жүз жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылды. Оқулықты аударуға жауапты редактор журналист Б.Орынбетова, аудармашылар - философия ғылымдарының кандидаты Қ.Қаратышқанова, философия және теология ғылымдарының докторы Д.Кенжетай, түркітану магистрі Н.Тұрсынбаева, теология ғылымдарының магистрі А.Тасболат, ғылыми редактор - философия және теология докторы Д.Кенжетай, әдеби редакторлар - филология ғылымдарының докторы А.Шәріп, журналист Ө.Мұқай атсалысты.
Кітапта автор монотеизм идеясының пайда болу мәселелері, үш әлемдік діндердегі Құдай туралы идеялар - иудаизм, христиан және ислам, сондай-ақ осы діндердің өзара әсер ету мәселелері туралы ойланады.
Жалпы, Карен Армстронгтың «Құдайтану баяны» кітабы туралы айта кетсек, бұл еңбек әлемнің 50-ден астам тіліне аударылған дарынды шығармалардың бірі. Кітап мазмұны әлемнің кең тараған Христиан, Ислам, Иудаизм діндері жайлы толық мәлімет бере отырып жазылған. Яғни, бұл монотеистік діндердің қалыптасып, тараған уақытын, қасиетті кітаптарымен пайғамбарларына, сонымен қатар олардың бір-біріне деген ықпалы туралы және қазіргі кездегі рөлі туралы талдау жасалынған.
Бұл еңбекте әр дінге деген, оны ұстанушылардың сенімене деген құрмет көрсетіліп қазіргі таңдағы қалыптасқан ой пікірлермен ұштастырып жазылған.Кітап тілі қарапайым тілде жазылмаған, Құран,Библия,Тәурат мазмұндарымен таныс емес адамға түсінуге өте қиын. Сондықтан, кітапты бастамас бұрын бұл қасиетті кітаптардың тым болмағанда жалпы мазмұнымен, кіріспесімен танысып алған жөн деп ойлаймын.
Эссені кітаптан алынған үзіндімен бастамақшымын: «Бірақ әр нәрсе туралы ең ға¬жап ишара, әрине, Құранның өзі болды. Яғни Құранның сөйлемдері аят деп аталады. Батыс Құранды түсінуде қиындыққа тап болады. Бұл, негізінен, аударма мәселесі¬нен туындайды. Араб тілі тәржі¬ма¬ға қиын тіл, қарапайым әдебиет пен саясатшылардың күнделікті сөздері де, мәселен, ағылшын тіліне аударылғанда, барынша көр¬кем әрі жат көрінеді. Ал Құ¬ран¬ға келгенде бұл жағдай екі есе қиындай түседі. Өйткені, Құран барынша терең және ишаралы, қысқа да нұсқа, аз сөзбен көп ма¬ғына береді. Әсіресе алғашқы сүрелер – бір тылсым лебіз, адам тілін бұзып, бөлшектеп тастаған сияқты әсер қалдырады. Мұсыл¬мандар Құранның тәржімасын оқыған кезде басқа бір кітап оқып отырғандай күй кешетінін, себебі араб тілінің әдеттегі мәнінен жұр¬нақ та қалмайтынын сөз қылады. Атының өзі айтып тұрғандай, Құран ашық әуезбен оқу үшін тү¬сіріл¬ген, бұл – дауыс мәнері адамға әсер ету үшін өте маңызды. Мұ-сыл¬мандар мешітте Құран оқы¬ты¬лып жатқанын естігенде, Хира тауында Жәбірейіл періштенің Мұхаммедті құшақтағаны сияқты немесе қайда көз салса да, оны көргені сияқты, әуездің иләһи кү¬шінің баурап алатынын сезінгенін айтады. Құран тек қана білім алу үшін оқылатын кітап емес. Оны адамдар иләһи сезімнің дәмін тату үшін оқиды» (152-153 б.б). Үзіндіні талдап өтсек Ислам дінің ұстанушыларға құдіретті ықпалы жайында, оның қасиетті мәтіндерінің адам жанына деген психологиялық туындайтын әсері туралы баяндалған. Қандай діннің ұстанушысы болсаңызда ,сіздің діңініз қандай болмасын сізге бір жанаша затты жүрегіңізге ұялатады.
Кітап барысымен,тақырыбын, мазмұнымен таныссақ ол жердегі ең басты тақырып ол «Құдай» болып тұр. Оның қайдан туындағаның, тірі жан ба жоқ па, адамның, әр діннің өміріндегі орны мен мақсатын, әр түрлі діндердегі құдайларды және оның келешектегі қоғамда, адам өмірінде орны барма сол туралы кеңірек талқыланып зерттеулер жазылған.
Сонымен қатар, қазіргі кездегі қате пікір Ислам дінініңдегі әйел адамның ер адаммен салыстырғанда мүлде бағаланбауы және әйел адамды кемсіту жайындағы қате пікірге кітапта аяттармен, Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбардың өмірімен байланыстырылған жауап жазылған. Оның мысалын мына үзіндіден байқауымызға болады: «Мұхаммедтің көзі» тірісінде бұл идеалдың ішіне ер мен әйелдің тең құқығы да кірген еді. Қазір Батыс жұртында исламды бейне бір әйел затын бұрыннан жек кө¬ре¬тін дін сияқты сипаттайтын көз¬қарас орныққан. Бірақ Алла¬ның діні де христандық сияқты әуелде әйел затына жайлы қараған.
Исламға дейінгі жәһилет (на¬дандық) дәуірінде «Кіндік ке¬зеңге» дейін салтанат құрған әйел¬дерге деген теріс көзқарастың тамыры Арабияда тереңге кеткен еді. Мысалы көп әйел алу кең тараған болатын. Тұрмысқа шық¬қан қыздың өзі әкесінің үйінде тұра беретін. Ақсүйек әйелдерде ғана біраз бедел мен билік болды. Мысалы, Мұхаммедтің әйелі Ха¬диша саудасы дөңгелеген кәсіпкер еді. Бірақ ол кезде көп әйел күңнің дәрежесінде күн кешетін. Олардың не саяси, не адами құқықтары болмады. Қала берді, қыз баланы нәресте кезінде өлтіру қалыпты ғұрып саналды. Мұхаммедтің ізінен ең бірінші ергеңдердің ішін¬де әйелдер де болды. Ер мен әйел құқықтарын теңестіру пайғам¬бар¬дың арманы еді. Сәбилерді өл¬тіруге Құран сөзі қатаң тыйым салды және қыз бала туылғанда, бұлқан-талқан болатын арабтарды сөкті. Одан бөлек ажырасу мен мирас бөлісуде әйелдердің заңды құқықтарын орнықтырды. XIX ғасырдың аяғына дейін мұндай теңдік Батыс әйелдерінің түсіне де кірмеген еді. Мұхаммед үмбет ісін қалыпқа келтіруге әйелдерді бел¬сен¬ді болуға жігерлендірді. Әйел¬дер ой-пікір ұсыныстарының жер¬де қалмайтынына сенімді бол¬ғандықтан, пікірлерін ашық айта¬тын дәрежеге жетті (166 бет).
«Өкінішке қарай, христандық¬тар сияқты исламда да еркектер дінді өздеріне бейімдеп, жеке¬ше¬лен¬діріп алды. Олар Құран мәтін¬дерін мұсылман әйелінің теңдігін жоққа шығаратын жолдармен тәп¬сірлеп тастады. Құран бүкіл әйел¬ге «жаппай бетіңді бүркеп жүр» деп бұйырмаған. Ондай аят Мұ¬хаммедтің әйелдеріне ғана қа¬тыс¬ты енген еді. Бұл олардың ерекше мәртебесін айқындап тұру үшін керек болған. Алайда, ислам діні әлемдік өркениеттен орын алып, іргесі бекіген соң, бұл дәс¬түр¬ді бүкіл әлемге таратты. Соның кесірінен әйелдер екінші дәреже¬дегі адамға айналып шыға келді. Арабтар әйелдердің бет-әлпетін бүркеп, гаремдерге қамап қоюды парсы жұрты мен христандық Византиядан «жұқтырған» еді (166 б).
Корытынды
Бұл кітаптың мазмұны, бізге беретін қайнар көз білімі өте мол. Карен Аремстронгтың «Құдайтану баяны» кітабының маңыздылығы өте жоғары. Әсіресе қазіргі таңдағы діни ахуалға, қазақстандық жоғарғы оқу орындарының дінтану мамандығына түсіп жатқан талапкерлердің санының артып келе жатқанына байланысты, дұрыс әдебиеттерді оқып , сапалы білім алу келешектің жарқын болуына әсер етеді. Жалпы, дін тақырыбына,шығу тарихына, мазмұнына қызыққан оқырмандарға діни құбылысты әр түрлі әдіснамалық тұрғыдан түсінуге көмектеседі. Эссемді дінтанудың негізін салушы Макс Мюллердің «Бір ғана дінді білу, мүлде дін білмеу.» деген сөзімен аяқтасам. Яғни, тек қана дінтанушы ғана емес, сонымен қатар әр адам жалпы өз ұстанатын дінінің ғана емес, өзгеде дінді танып білуі діни көзқарасының жетілуіне, дінтанулық білімімен, сауаттылығының артуына үлкен септігін тигізеді. Ал, бұл мәселеде көмек беретін бұл Карен Армстронгтың тамаша жазылған еңбегі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны китабы
Достарыңызбен бөлісу: |