Реферат Пән: Политология Тақырыбы: Жалпы құқықтық мемлекет және оның принциптері



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі25,24 Kb.
#136371
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Жомарт Тілек реферат

Қорытынды.

Құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі мазмұны – халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші – адам, қалың бұхара. Сондықтан, мемлекет пен құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан бергі негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель «Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ»,- деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б.саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.


Гроцкий – қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық – адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі – мемлекеттік қабылдаған нормативті актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет – қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье – мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк – Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант – құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадыр-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.
Маркс – құқық пен мемлекетті қоғамның тараптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс.

Пайдаланған әдебиеттер.


    1. «Мемлекет және құқық теориясы». Автор: Жоламан Қ.Д. Алматы 2007ж.

    2. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Автор: Баянов Е. Алматы 2003ж

    3. «Құқық және мемлекет теориясы». Автор:Ағдарбаев Т. Қарағанды. 2002ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет