Реферат Пән: Политология Тақырыбы: Жалпы құқықтық мемлекет және оның принциптері



бет1/3
Дата10.12.2023
өлшемі25,24 Kb.
#136371
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Жомарт Тілек реферат


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Логистика және ғылым академиясы


Реферат

Пән: Политология
Тақырыбы: Жалпы құқықтық мемлекет және оның принциптері
Орындаған: ОДД-23-1К тобының студенті Жомарт Т
Тексерген: Алтынгүл Ахметовна


Алматы 2023


Жоспар:


  1. Кіріспе. Жалпы құқықтық мемлекет және оның принциптері



  1. Негізгі бөлім: 1) Құқықтық мемлекеттің анықтамасы.




  1. Құқықтық мемлекеттің мақсаты, қасиеті, принципі.



  1. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері, бағыттары.



  1. 3.Қорытынды.



  1. Пайдаланған әдебиет.



Кіріспе. Жалпы құқықтық мемлекет және оның принциптері

Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдылығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми органдар мен лауазымды тұлғалардың ниеті емес, сондай-ақ азаматтардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де, ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді. Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас саласына кірісу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынастарға әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық отыра бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айрықша қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын қадағалап отырады. Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бірқатар елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік және қоғамдық қызметтің барлық жағынан терең жаңғыруымен бірге жүрді- мемлекеттік жүйенің принциптері жетілдірілді, жеке адамның мәртебесі айқын мазмұнмен толықты, құқықтық құндылықтар бірінші дәрежелі маңызға ие болды, шенеуніктердің бассыздығы азайып, олардың қызметі біртіндеп реттелген және тәртіптелген арнаға түсе бастады. Алғашқыда бытыраңқы және кейде жекелеген болжамдар түрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізгі салушылары ретінде Дж.Локкты, И.Кантты, В.Гумбольдты, Г.Еллинекті, К.Шмитті, Г.Гроцкийды, Ш.Монтескье, Марксты және басқаларды атауға болады. Жекелеген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір бірінен ерекшелігі болғанымен, басты мәселеде – құқықтық нұсқауларды мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігінде және қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде – олардың ойы бір жерден шығып отырды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет