Реферат пән: Психология Тақырыбы: «Рефлексия түсінігі. Эмпатия құбылысы»



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі19,77 Kb.
#135697
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Жолай Жансая психология сөж


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Педагогика және Психология институты

СӨЖ

РЕФЕРАТ

Пән: Психология
Тақырыбы: «Рефлексия түсінігі. Эмпатия құбылысы»

Орындаған: Жолай Жансая
Педагогика және психология мамандығы,2-курс студенті


Қабылдаған: Орынбаева Л.К

2022-2023 оқу жылы

Жоспары:

  1. Кіріспе.

  2. Рефлексия түсінігі.

  3. Эмпатия құбылысы.

  4. Қорытынды.

1.Әлеуметтік психологиядағы перцептивті процестерді талдау ерекшеліктері, қарым-қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің рөлі, субъект қасиеттері, қабылдау обьектісі, сипаты және тұлғааралық өзара байланыстар – перцептивті процесс факторлары ретінде, қабылдау механизмдері мен аффектілері жөніндегі теорияларға шолу.

Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.


Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр.
Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеуметгік детерминантасы.
Мәселеге көңіл аудару қажет. Қабылданатын адамның (субъект) психологиялық жөне әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамаралық бейнелеу механизмдерін талдауында.
Бақылаушының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әлеуметтік психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жьшыстық, жас ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық – рөлде айырмашылықтар бар екені тіркелген. Мәселен, балалар көбіне ересектерге қарағанда сыртқы көрінісі (киімі, шаш қоюы, сыртқы ерекшеліктерге, т б.) көңіл аударады. Мұғалімдер мен оқытушылар өз шәкіртерінің білімге ұмтылуы, тәртіпті, тағы сол сияқты қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал студенттер педагогтардың тіпті басқа қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол сияқты басшылардың қол астындағыларды қабылдауы мен керісінше қол астындағылардың басшыларды қабылдауы да екі түрлі.
Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады.
Әлеуметтік психологияда қабылданатын объектінің психологиялық қасиеттері зерттеуде дәстүрлі түрде қалыптасқан. Көбінесе, бақыланатын адамның қандай психологиялық және басқа қасиеттері маңызды, оны тануға көбірек мәлімет береді, басқаша айтқанда адамдар қарым-қатынас барысында партнерді бағалауда қай нәрсеге көбірек көңіл бөледі?
Ондай маңызды қасиеттерге бақыланатын адамның бет-бейнесінің қимылы (мимика), сезімдер білдіруі (экспрессия) отырыс-тұрысы, жүруі жатады. Киімі, шаш қойысы және дауыс ерекшеліктері мен сөйлеу мәнері де жатады. Зерттеулерден байқалғганындай, кең таралған, “интернационалды” ым-ишараттармен қатар, белгілі мәдени және ұлттық топтарға тән ым-ишараттар бар.
Сонымен бірге, қабылдаудың табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған әмбебап психологиялық механизмдер болады. Оған әлеументтік перцепция механизмдері жатады. Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдерін: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады.

Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификация басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған. Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның «проблемасы» «ойналынса», эмпатияда «сезініледі». Екеуіде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін партнермен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның проблемасын сезіну іске асырылады.


Эмпатия( лат. емпатһеіа ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867 – 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғылыми тұрғыда жүйелеп шықты. Цезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы қасіреті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі — идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.
Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші жағдайдағы, партнердің «мені» түсінуіне байланысты. Басқаша айтқанда бір-бірін түсіну рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Ол басқаша қабылдау мен түсінуі ғана емес, басқа «мені» қалай түсінетінін білу, ерекше бір-бірін бейнелеу, яғни «мен» басқаларға қалай көрінемін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет