Реферат Пән: Зология Тақырыбы: Губкалар Орындаған: Либек Аружан 105 топ Тексерген: Айтжанова М. О алматы 2023 жоспар



бет2/2
Дата09.04.2023
өлшемі118 Kb.
#80744
түріРеферат
1   2
Классификациясы Губкалардың систематикасы қаңкасының құрылысы мен қүрамына негізделген. Губкалар типі үш класкд бөлінеді: ізбесті — Calcarea немесе Calcispongia, шынылы — Hyalospongia және кәдімгі губкалар — Demospongia.

Қортынды
Жалпы қортындылайтын болсам губкалардың маңызы өте зор болып келеді. Губкалардың басым көпшілігі әлемдік мұхиттың тропиктік және субтропиктік аймақтарында кең тараған, аз ғана түрлері тұщы суларда кездеседі. Олар жағалаудан бастап, теңіздегі 500 м-ге дейінгі аралықта жиі кездеседі, тек шынылы губкалардың қаңқасы өте нәзік болғандықтан, олар теңіздің 7000 м-ге дейін терендігінде мекендейді.
Губкалар көп жағдайда таза суларда, тасты, топырақты жерлерде өмір сүреді, себебі лайлы су қоймаларындағы өте ұсақ шөгінді тұнбалар олардың саңылауларын бітеп тастап, өмір сүруіне кедергі жасайды. денесін субстраттан биік көтеріп тұрады.
Губкалар — күшті биофильтраторлар. Олар суды денесі арқылы көп сүзетіндіктен оны механикалық және органикалык ластанудан сақтайды. Мысалы, үзындығы 7 см-лі ізбесті губка Leuconia aspera бір тәулікте денесінен 22,5 л суды сүзіп өткізеді және тазалайды.
Губкалар басқа организмдермен селбесіп кейде қауымдасып та тіршілік етеді.
Кейбір көпқылтанды буылтық құрттар, шаянтәрізділер, жылан-құйрықтылар (тікентерілілер) губкаларды жауынан жасырынатын баспана ретінде пайдаланады, ал өз кезегінде губкалар да крабтардың, бауыраяқты моллюскалардың бақалшағына қоныстанып тіршілік етеді.
Губкалардың тәжірибелік маңызы онша үлкен емес. Туалетті немесе грек губкасының (Spongia officinalis) спонгинді қаңқасын техникалық мақсатта — өнеркәсіпте және медицина саласытнда — қан ағысын тоқтататын тампон ретінде, бұғақ (зоб) ауруын емдеуде қолданылады.
Туалетті губкалар көбінесе Жерорта, Қызыл және Кариб теңіздерінде, Үнді мұхитының Австралия жағалауларында кездеседі.
Шынылы губкаларды (Euplectella туысы) сәнді бұйымдар, сувенирлер жасау үшін пайдаланады. Оларды Жапония жағалауларында аулайды.
Тұщы су бадягасының (Spongillidae тұқымдасы) қаңқасын ревматизм ауруын емдеуге, сонымен қатар косметика ретінде пайдаланады. Кептірілген бадяганың қаңкасымен денені ысқанда, қан айналымы жақсарып, ем жүре бастайды.
Губкалардьвд жағымсыз ащы иісті заттары болғандықтан, олармен қоректенетін жануарлар да аз.

Пайданалынған әдебиеттер
1.ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ К. Ә. ДӘУІТБАЕВА Алматы 2004
2 Википедиядағы «зоология», Еркін энциклопедия.
3 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы басқарған профессор Е. Арын - Павлодар: 2007 . Редакциясын
4. Дарилнгтон Ф 3оогеография, М. 1966. 5 Карташев Н.Н. Практикум по зоологий позвоночных. М.1969

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет